Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың адамның рухани жетілуіндегі алатын орны мен маңызы


Әл-Фарабидың іліміндегі болмыстың бастамалары жайлы көзқарастары



бет18/58
Дата21.12.2022
өлшемі161,99 Kb.
#58855
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58
Әл-Фарабидың іліміндегі болмыстың бастамалары жайлы көзқарастары. Әл-Фарабидің эманациялық теориясы мұсылман философиясының бүкіл тарихымен екі жақты байланысты: ол теологиялық және философиялық ойдың алдыңғы бағыттарында орын алған ілімдерді өзінде біріктіреді, және өз кезегінде Әбу Насырдың соңынан ерген көптеген ғалымдар үшін теориялық түзілімдердің бастауы қызметін өзі атқарады. Өз ілімінде Әл-Фараби аспан мен ай асты мәселелерін біртұтас етіп біріктіреді. Негізінен ақылмен танылатын және өзгермейтін болмыстармен айналыса отырып, ол, сондай-ақ, денелік және өзгермелі болмыстарды да назардан тыс қалдырған жоқ. Философ мәңгілік әлемді өзгермелі әлемнен бөліп қарайды, дегенмен Бүтін және көптік арасына байланыс орнатады. Әл-Фарабидің эманация теориясы өзінде теология мен космология мәселелерін біріктіреді. Ақыл барлық затты жасампаз ете отырып, жалғыздан тарайды. Бұлай болу себебі, құдай өз субстанциясын біледі, барлық игіліктің бастауы өзі екенін біледі, - деп есептейді Әл-Фараби. Құдайдың әрекеті мен жасапмаздығы ойлау процесінде, интеллектуалдық процесте жүзеге асады. Ойлау мен болмыстың өзара қатынасы Әл-Фараби философиясында жаратылыстың ұлы да сымбатты көрінісімен берілген. Адамзат ақыл-ойының эволюциясын Әл-Фараби таным процесіне қатысатын адам жанының қабілеті мен бөлшектеріне байланысты зерттейді. Адам интеллекті – бұл туа біткен қабілет, - деп көрсетеді Әл-Фараби. Бұл алғашқы интеллектіні философ потенциалдық және алғашқы материалдық интеллект деп атайды. Ол тәжірибеге дейін болады, яғни адамзат ие болғанға дейін болады. Тәжірибе пайда болып, сақталғаннан кейін потенциалдық ақыл актуалды ақылға айналады. Таным процесінің екі жақты сипаты бар: ол потенциалды ақыл-оймен қатар потенциалды ақыл жететін нәрселерді де жүзеге асыруды көздейді. 

Әл-Фарабидың іліміндегі мемлекет басшысына қойылатын 12 талап және олардың рухани-адамгершілік сипаты. Әл-Фарабидың іліміндегі мемлекет басшысына қойылатын 12 талап және олардың рухани-адамгершілік сипаты:Әбу Насыр әл-Фарабидің мол мұрасы­ның ішінде мені ерекше қызықты­рып, ерекше таңғалдырғаны – «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» деген трактаты. Айталық қазір «мемлекеттік басқару құрылымы» деген ұғым бар. Мемлекет құрылысы толық зерттелген бүгінгі күнде мұндай ұғым таңсық та емес шығар. Бірақ ол осыдан ХІ ғасыр бұрын, қаланың құрылымы және оларды басқару жолдарын жан-жақты көрсетіп кеткен. Мысалы, өз кестесінде қаланың өз ішінде ауылдардан, орамдардан, көшелерден, үйлерден тұратынын есептеп, қалалардан мемлекет құралатынын, ал мемлекеттердің бүкіл әлемді құрайтынын жазған. Содан кейін қаланы басқару жолдарын жазған. Қала басшысы қандай тұлға болуы керектігін, оның бойында қандай қасиеттер болуға тиіс екенін ашып көрсеткен. Әл-Фараби «қала басшысы 12 қасиетке ие болуы қажет» дейді. Осыған қысқаша тоқтала кетейін. Қала басшысы болатын адамға қойылатын бірінші талап – оның он екі мүшесі сау, денсаулығы мықты болуы керек. Екіншіден, айтқан сөзді жылдам ұғып, оны тез арада игеріп алуға тиіс. Үшіншіден, сөзді тыңдай білетін және жадында сақтай алатын, түсінетін адам болуы абзал. Төртіншіден, ақылды, парасатты және ең ұсақ-түйек деген мәселенің өзін назардан тыс қалдырмайтын адам болуы қажет. Бесіншіден, ойларын анық және нақты жеткізетін шешен (оратор) болуы керек. Алтыншыдан, басшы боламын деген кісі білім мен ілімге махаббаты зор, оқудан шаршамайтын, өзінің рухани байлығын ұдайы жетілдіре беретін адам болуы керек. Жетіншіден, тамақ жеу мен сусын ішу мәдениетін меңгерген, құмар­лықты жек көретін адам болуға тиіс. Сегізіншіден, шындықты сүйетін, өтірікке және оны айтатындарға төзбейтін адам болуы қажет. Тоғызыншыдан, жаны таза, намысын бағалайтын адам болуы керек. Оныншыдан, ұлы ғұлама өз трактатында «динар, дирхамға мойынсұнбайтын» деп жазған, яғни бүгінгі тілмен айтсақ, «парақорлықты жек көретін адам» басшы болуға лайықты деп есептейді. Он біріншіден, табиғатынан адалдықты жақсы көре­тін, арамдықты және тиранияны жек көре­тін адам болуы керек. Трактаттағы он екін­ші талап – басшы өз айналасындағы адам­дарға және басқаларға әділ болатын, әді­лет жолындағыларға көмек беретін және әді­леттілікпен болған шығындарды өтей­тін, еш нәрседен қорықпайтын батыл адам болуға тиіс. Басшыға қойылатын бұдан артық қандай біліктілік талабы болуы мүмкін?! Әл-Фарабидің осы еңбегін «қаланы басқаратын адам көрсетілген талаптарға сай келсе, қала тұрғындары бақытты болады, қала халқы бақытты болса, бүкіл ел бақытты болады. Бір ел бақытты болса, барлық ел бақытқа бөленеді. Сол арқылы бүкіл дүниежүзі құт-берекеге кенеледі. Егер бір қала, бір мемлекет бақытты болмаса, қиын жағдай туғанда мемлекеттер бірін-бірі қолдап тұрмаса, онда елдер де, халықтар да бақытты болмайды», деп түсінуіміз керек. Бүгінгі таңда бүкіл әлемді әуре-сарсаңға салған коронавирус індеті кезінде мемлекеттер бір-біріне гуманитарлық қолдау көрсетіп жатыр. Егер әлем елдері бірігіп, күш салмаса, осы індетті жеңіп шығудың өзі екіталай нәрсе. Әл-Фараби қай кезде де ынтымақтың маңызы зор екенін сол заманда айтып, ескертіп кеткен. Оның осы ойлары біздің қазіргі жағдайымызға дәлме-дәл келіп тұр. Әл-Фараби басшының қандай болуы керектігін айта келе, бір адамның бойынан 12 қасиеттің түгел табылуы қиын шығар дейді. Бірақ соның жартысын, яғни алта­уын өз бойына сіңірген адам басшы болса, ол басқарған қала өркендейтін, бақытты қала болады деп тұжырым жасайды. Егер басшының бойында бұл алты қасиет болмаса, онда оның жанындағы серіктері, орынбасарлары сондай ізгі қасиеттерге ие болуы керек. Қаланы басқаратын адамның өзі әділ және адамгершілік қасиеті жоғары болуға тиіс деп шарт қояды. Бірақ ең бас­тысы, «шаhарды басқаратын адамның басқа барлық қасиеті бола тұра, даналық қасиеті болмаса, қаланың болашағы бұ­лың­ғыр» деп тұжырымдаған. Осы тұрғыда қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілерге, соның ішінде жаңа талапқа сай кейбір саяси қызметкерлерге біліктілік талаптарын қойғанда әл-Фараби атап өткен қасиеттерді ескерсек, олардың бо­йында сол қасиеттердің болуын талап етсек, жөн болар еді. Сондай-ақ қазіргі жас мемлекеттік қызметшілерге әл-Фарабидің «Адам мақсатына өзін өзі жетілдіру арқылы жетеді» деген өсиет сөзі сабақ болса екен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет