Ислам дінінің VIII-X ғасырлар аралығында Орталық Азия жеріне таралуы және жергілікті халыққа ислам мәдениетінің әсері. Орталық Азия мен Қазақстанға исламның енуі VII-VIII ғасырларға жатқызылады. Алғашқы араб-дін таратушылары 670 жылдардан бастап келе бастады. VIII ғ. басында Орталық Азияда миссионерлік қозғалыстың жандануы байқалады. Исламның түбегейлі орнығуына VIIIғ. ортасында, 751 ж. Тараз қаласының маңындағы араб әскербасы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сяньчжи арасында бірнеше күнге созылған Атлах шайқасында арабтардың жеңіске жетуі айтарлықтай ықпалын тигізді. Қытай әскері күйрей жеңіліп, Жетісу мен Шығыс Түркістан азат етіледі. Араб әскерінің бұл жеңісі Орта Азия жерінде ислам діні мен мәдениетінің орнығуының бастуы еді. Қазіргі уақыттағы Қазақстан жеріне исламның таралуы бірнеше ғасырларға созылды. Бастапқыда жаңа дін оңтүстік өңірлерге ене бастады. X ғ. аяғына қарай ислам Жетісу мен Сырдариядағы отырықшы халықтың басты дініне айналды. X ғ. басында мұсылмандықты Қарахан әулеті билігінің негізін қалаушы Сатұқ қабылдайды, ал оның ұлы Боғра-хан Харұн Мұса 960ж. Исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. Оңтүстік Қазақстандағы көшпенді түркі халқының арасында исламды таратуда Ясауия тариқатының негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауи ( 1166 ж. немесе 1167ж. қайтыс болған) зор үлес қосты.
Ислам мәдениетінің орта ғасырлық қала құрылысы мен сәулет өнеріне тигізген ықпалы.Сәндік қолданбалы өнер орта ғасырдың дамыған кезінде өркендей бастаған. 11 - 12 ғасырларда ғимараттарды өрнектеп, сәндеу ісінде оюланған кірпіштер – терракота кеңінен қолданылды. Керамикаға оюлап жануарлардың бейнесін салу орын ала бастаған. 10 - 12 ғасырларда сәулетті ірі құрылыстар салына бастаған. Бұл құрылыс жүйелерінің салынуына ислам дінінің нығая бастауы себеп болды. Бұл кездегі ғимараттар – мешіттер, кесенелер, мазарлар, моншалар. 10 ғасырдағы араб - парсы деректерінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда мешіттер болғандығы айтылған. Тараз қаласының батыс жағында, 18 км жерде Бабаджа - қатын, Айша - бибі кесенелері орналасқан. Бұл екі кесене – алғашқы құрылыс жүйесін сақтаған ескерткіштер. Отырар моншасының жобалануы Орта Азияның, Кавказдың, Таяу және Орта Шығыстың моншаларына ұқсас болып келеді. Тараз қаласынан екі монша табылған. Түркістан қаласында Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің жанында шығыс моншасы салынған. Сонымен, орта ғасырдың дамыған кезінде архитектуралық сәнділігімен ерекшеленетін құрылыстар – шығыс моншалары болып табылады. Таяу Шығыстағы сәулет өнерінің таңғажайып туындыларының бірі - Сирияның Алеппо қаласының орталығындағы төбеде тұрған цитадель. Исламдық әскери архитектураның бұл мысалы ешкімді бей-жай қалдырмайды. Археологтар тапқан кейбір бекіністер Рим дәуіріне және одан да ерте кезеңдерге жатады. Ішінде үйлер, қорлар, құдықтар, мешіттер және бекіністер - соғыс кезінде немесе ұзақ қоршау кезінде ұстап тұруға қажет нәрсенің бәрі бар. Шамамен 1213 жылы салынған үлкен кіреберіс ғимараттар кешенінің ең әсерлі бөлігі болып табылады.