Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың адамның рухани жетілуіндегі алатын орны мен маңызы


Қазақ ағартушылығының тарихи алғышарттары және заңдылықтары мен негізгі ерекшеліктері



бет32/58
Дата21.12.2022
өлшемі161,99 Kb.
#58855
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58
Байланысты:
Абай өлеңдеріндегі рухани

Қазақ ағартушылығының тарихи алғышарттары және заңдылықтары мен негізгі ерекшеліктері. Қазақ ағартушылығының басты ерекшеліктерінің бірі – қазақ ойшылдарының көзқарасындағы əлеуметтік бағыттың, сонымен қатар, адами экзистенция мəселесі мен адам болмысының өмірлік маңызды негізіне деген рухани ізденістің басым болуы. Қазақ ойшылдарының шығармашылығы астарында халықтың көзін ашып сауатсыздықты жою, ағартушылыққа қарай бет бұру идеясы жатыр. Қазақ ағартушылары əлемнің бірегей бейнесін ашып көрсетуге тырысты. Олар адам рухани кемелденбесе, оның кез-келген əрекеті өз мəнін жоғалтатынын айтады. Қазақтың ағартушылық философиясы жалпы ұлттық құндылықтар мен адамгершілік жауапкершілік туралы терең ойларға толы. Қазақ ағартушылары үшін руханият түсінігі – болмыстың терең мəні, адам бойындағы шынайы адамгершілікті анықтау, адамның өмір сүруінің мақсатын пайымдау. Қазақ ағартушыларының дүниетанымдық түсініктерінің рухани мəнін талдай отырып, қазақ даласындағы ойшылдардың философиялық идеялары өз кезеңінің уақыт кеңістігінен асып, бүгінге жеткенін көреміз. Сондықтан, олардың идеясы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауында көрініс тапқан «Мəңгілік Ел» идеологиясы тұрғысында жаңа дүниетанымдық бағдарларын анықтап, рухани даму келешегі үшін ие болған мəнді əрі құнды құбылыс болып табылады. Қазақ ағартушыларының мəдениетке деген көзқарастарын тұтас əлеуметтік феномен ретінде талдау барысында мəдениет мəселесі көпжоспарлы мұраның ішкі бірлігін қамтамасыз ететін, біріктіретін толассыз құбылыс екендігі анықталады. Қазақ ағартушылары «мəдениетті» адамның іс- əрекетінің нəтижесі (рухани жəне материалды, екеуінің де жиынтығы) ретінде түсінді. Олар мəдениеттің гуманистік мəнін адамның шығармашылық күшінің жүзеге асуы ретінде қарастырып, олар жайлы терең ойлар айтты. Қазақ ағартушылары тəрбие үдерісіне аса мəн берген, себебі олар Ұстаз институтын терең тұлғааралық байланысты жүзеге асыратын, шəкіртке сенім артатын институт ретінде қарастырды.


Қазақ ақын-жыраулары дүниетанымының рухани-адамгершілік негіздері. Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы(14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш. Уәлиханов) атанған Асан Қайғы «өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс, білік-дерек береді» (М.Әуезов) «Қазақ ақын-жыраулары дүниетанымының рухани-адамгершілік негіздері.»Қазақ философиясында басқа халықтар тәрізді Әлем мен Адам екі дүниенің сырын ашуға ұмтылғанҚазақ Философиясы[2] – қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзіъ жайындағы ғылым. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан философияға жақын. Қазақтың даналық ой-пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады.Жыраулар мектебінің белгілі өкілдері — Қазтуған, Асан қайғы (ХВ ғасыр), Доспамбет жырау (ХВЫ ғасыр), Шалкиіз жырау (1465—1560 жылдары), Жиембет жырау, Марқасқа жырау (ХВЫЫ ғасыр), Ақтамберді жырау (1675—1768 жылдары), Тәтіқара ақын (ХВЫЫ ғасыр), Үмбетей жырау (1706—1778 жылдары), Бұқар жырау (1693—1787 жылдары), Шал ақын (1748—177й8 жылдары), Жанақ ақын (1770—1856 жылдары), т.б. жатады. М.Әуезов жырау деген атакка ие болған шығармашылық өкілінің өз ортасында ерекше салмағы бар қоғамдық тұлға екендігін айта отырып, оның негізгі функциясы елеңшілік емес, елге басшылық жасап, басалқы айту болатын олар хан қасындағы қалың елдің ішінен қосылған қариялар кеңесінің өкілдері деген тұжырым жасайды. Жыраулар шығармашылығының ақындық поэзиядан негізгі ерекшелігі — жыраудың тек үлкен эпостарды жырлайтындығымен ғана емес, елдің іргелілігі үшін ақылгөйлік, көрегендік, даналық сөздер айтатын көсемдік табиғатымен тікелей байланысты. Жыраулар мектебінің белгілі өкілдері — Қазтуған, Асан қайғы (ХВ ғасыр), Доспамбет жырау (ХВЫ ғасыр), Шалкиіз жырау (1465—1560 жылдары), Жиембет жырау, Марқасқа жырау (ХВЫЫ ғасыр), Ақтамберді жырау (1675—1768 жылдары), Тәтіқара ақын (ХВЫЫ ғасыр), Үмбетей жырау (1706—1778 жылдары), Бұқар жырау (1693—1787 жылдары), Шал ақын (1748—1778 жылдары), Жанақ ақын (1770—1856 жылдары), т.б. жатады. М.Әуезов жырау деген атакка ие болған шығармашылық өкілінің өз ортасында ерекше салмағы бар қоғамдық тұлға екендігін айта отырып, оның негізгі функциясы елеңшілік емес, елге басшылық жасап, басалқы айту болатын олар хан қасындағы қалың елдің ішінен қосылған қариялар кеңесінің өкілдері деген тұжырым жасайды. Жыраулар шығармашылығының ақындық поэзиядан негізгі ерекшелігі — жыраудың тек үлкен эпостарды жырлайтындығымен ғана емес, елдің іргелілігі үшін ақылгөйлік, көрегендік, даналық сөздер айтатын көсемдік табиғатымен тікелей байланысты. "Қазақ ақын-жыраулары дүниетанымының рухани-адамгершілік негіздері". Қазақ философиясында басқа халықтар тəрізді Əлем мен Адам екі дүниенің сырын ашуға ұмтылғанҚазақ Философиясы[2] – қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзіъ жайындағы ғылым. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мəні жағынан философияға жақын. Қазақтың даналық ой-пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады. Жыраулар шығармашылығының ақындық поэзиядан негізгі ерекшелігі — жыраудың тек үлкен эпостарды жырлайтындығымен ғана емес, елдің іргелілігі үшін ақылгөйлік, көрегендік, даналық сөздер айтатын көсемдік табиғатымен тікелей байланысты. Жыраулар шығармашылығының ақындық поэзиядан негізгі ерекшелігі — жыраудың тек үлкен эпостарды жырлайтындығымен ғана емес, елдің іргелілігі үшін ақылгөйлік, көрегендік, даналық сөздер айтатын көсемдік табиғатымен тікелей байланысты.


Қазақ жеріндегі ислам сәулет өнерінің басқа да ескерткіштері және олардың орта ғасырлық рухани мәдениеттің дамуымен байланысы (Жошы хан, Алаша хан, Бекет ата кесенелері және т.б.). Алаша хан күмбезі - Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір және Сарыкеңгір өзендері қосылар тұстағы биік жотаның үстінде орналасқан көне сәулет өнері ескерткіштерінің бірі. Ғалымдар күмбезді Қарахан әулетіне, оғыз-қыпшақ заманындағы сәулет өнерінің қатарына қосады. Зерттеушілер жаңа болжам айтқанымен, күмбездің уақыт зардабынан мүжіліп тозған түрі мен басқа ешбір ескерткішке ұқсамайтын көркемдеу тәсілі арғы замандарға сілтейді. Алаша хан күмбезі порталды-күмбезді сәулет өнері үлгісіне жатады. Аумағы 9,73х11,9 метр. Биіктігі 10 метр. Төңірегі қалың қорым, неше түрлі бейіттер тұрғызылған. Күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған. Олардың көлемі 230х14х60 мм, 260х230 мм, 320х320х60 мм, тағы сол сияқты әр түрлі болып келеді. Құрылыс үстінен биіктігі екі жарым метрге жуық барабан күмбез мойындығы салынып, одан күмбез шығарылған. Барабан сатыланып кішірейе түсетін төрт белдеуден тұрады. Көп қырлы және цилиндр тәрізді етіп жасалынған бұл белдеудің диаметрі 743,673,643 см. Кіреберіс қақпа-портал аркасы мен екі жақ ұстанды мұнаралық бөліктерінің биіктігі қандай болғандағы белгісіз. Олардың күмбез барабандары басталатын тұстан жоғары жағы жойылып кеткен. Күмбезге кіреберіс сол жақ бұрышта баспалдақты тар қуыс бар. Сол арқылы жоғары көтеріліп барып, күмбездік айналма екінші қабатқа (барабан галереясы), одан портал аркасының желке тұсынан кесене үстіне шығуға болады. Жарық кесенеге қабырғада орнатылған терезелер арқылы түседі. Портал мен күмбездің шыны сырлы қаптама жұқа өрнектерінен еш нәрсе қалмаған. Ары-бері өткен жолаушылар тәбәрік етіп алып кеткен болуы керек. Алаша хан күмбезінің шынайы қалпын онымен тұстас, сәулеттік үлгілері ортақ жәдігерліктермен салыстыру арқылы елестетуге болады. Бұл орайда ол, негізінен, Қарахан әулеті дәуірі сәулет үлгілерінің Салжұқ өнері аталатын түрлерімен байланыстырылады. Бұл үлгідегі ескерткіштер көбіне-көп Түркіменстанда кездеседі. Алаша хан күмбезін Қазақстан жеріндегі Айша Бибі, Жошыхан, Қожа Ахмет Яссауи мазарлары үлгілерімен де салыстыруға болады. Әсіресе, көне Сығанақ маңындағы Көк кесене ғимаратының көркемдік нақыштарымен үндестік бірден көзге түседі. Алаша хан күмбезінің әр түсті және әр көлемді кірпіштерді қиюластыра қалау арқылы геометриялық бейне жасап, күмбездің барлық беттерін масаты кілемнің түріне ұқсатып өрнектеуі Ұлытау өңіріндегі өзінен кейінгі бой көтерген Талмас ата, Жұбан ана, Болған ана, Қайып ата, Айранбай, Бұзау, Шегір, Дүзен, Ерден мазарларына үлгі болған. 1894 жылы жарық көрген «Қырғыз даласының очерктерінде» орыс ориенталисі Е.Шмидт жазған шыны сияқты ақ сылақ пен көк сылақ, төрт құбыласы сай ғажайып пропорция Айша бибі, Қожа Ахмет Яссауи кесенелерінде кездеседі. Қазіргі уақытта Алаша хан күмбезі республикалық дәрежедегі маңызы зор сәулетті ескерткіш ретінде мемлекет қорғауына алынып, соңғы жылдарда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Мұның өзі осынау көне мұраны қалпына келтіріп, қорғаумен бірге оның тарихи мәнін саралап беруді қажет етеді. Сонда ғана күңгірлеп тұрған ғажайып күмбез бүгінгі, болашақ ұрпақтарды таң қалдырып қана қоймайды, сонымен бірге халықтың асыл мұрасы ретінде біздің әрқайсымызды мақтаныш сезіміне бөлейді. Жошы хан кесенесі – Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде, Қаракеңгір өзенінің жағасында орналасқан көне архитектуралық ескерткіш. Күмбезде сақталған таңбаларға қарағанда, оны салуға Жошыға бағынған тайпалардың бәрі (оғыз, арғын, қыпшақ, керей, найман, қоңырат, қаңлы, т.б.) қатысқан. Тарихи дәстүр бойынша күмбезді қайтыс болған кісінің жылдық асын беруден бұрынырақ жасайтын болған. Соған қарағанда 1227 жылы қайтыс болған Жошыға 1228 жылы күмбез тұрғызылған болу керек. Жошы хан күмбезі порталды-күмбезді құрылыстар қатарына жатады. Жобасы тік бұрышты. Құрылыс материалдары – күйдірілген кірпіш, ғаныш, әкімшілік Жобаның аумағы 9,55х7,25 м. Көзге айрықша түсетін нәрсе – салтанатты порталы. Оның маңдай алдын сүйір арка түрінде шығарып, екі жақ босағасын үстіңгі салмақты еркін көтеріп тұру үшін мейлінше берік етіп тұрғызған. Портал жақтауларын өрнекті кірпішпен безендіріп, киіз үйдің басқұрына ұқсатқан. Өрнекке пайдаланған тақта кірпіштердің ауданы 45х45 см. Бұл кірпіштерде өрнекпен бірге жазу да болған. 1911 жылы Атбасар уезін билеген бір ұлық өрнекті кірпіштерді сыдырып алып, музейге жібереді. Қазір кірпіштердің кейбір сынықтары ғана сақталған. Порталдың жоғарғы жиегін парапет тәріздендіріп, оның астынан қалақ кірпіштен фриз тартқан. Ежелгі құрылыс әдісінің бірі – күмбез орнату. Ол Жошы хан күмбезінде тамаша шешімін тапқан. Қабырғаның іш жағынан сөрелеп шығарған белдеулердің үстінен екі қабатты зәулім күмбез орнатқан. Ішкі күмбездің (биіктігі 7 м) салмағын “жалған еңсе” шығару тәсілімен белдеулерге жайса, сыртқы күмбезді (биіктігі 8 м) он алты қырлы барабанға отырғызған. Ішкі күмбезден шығарылған түндік сыртқы күмбезді орнатқан кезде жабылып қалған. Жарық кесененің екі жақ бүйірінен, барабанның астынан шығарылған терезелерден (35х55 см) түседі. Күмбез бедерлі қалақ кірпіштермен әшекейленген. Күмбезді көп қырлы барабанға орнату – оғыз, қыпшақ тайпаларына тән тәсіл. Ішкі қабырғаларында таңбадан басқа ешбір әшекей жоқ. Еденіне қалақ кірпіштер төсеген. Күмбезді қазу жұмысы кезінде екі қабір табылды. Қабір қабырғаларын үлкен кірпіштен өріп, астына жұқа тақша кірпіш төсеген. Бірінші қабір күмбездің күншығыс іргесіне (ұзындығы 2,2 м, ені 70 см, тереңдігі 1,2 м) орналасқан. Қабір ішінен тақтай табытқа жерленген адамның сүйегі шықты. Сүйектің оң қолы жоқ екендігі анықталды. Оның үстіне қабір ішінен салтанатты киім жұрнақтары, қызыл сафиян етіктің қалдығы, тұт жібегінің шіріп жатқан сілемдері, аң сүйектері мен түйенің бас сүйегі, темір қарудың сынықтары табылды. Бұл “Жошыны аң аулап жүргенде құланның айғыры шайнап өлтірді” деген халық аңызына үндес келеді. Халық аңызында “Жошыны жерлегенде бір қолы жоқ болған” немесе “Жошының тек бір қолын тауып қойған”, кейде “бір шынашағын ғана тапқан” деген әр түрлі жорамалдар бар. Екінші қабір Жошының үлкен бәйбішесі (Керей хандығының билеушісі Тоғырыл ханның інісінің қызы) Бектумыштікі болуға тиіс. Қабір астына төселген қалақ кірпіштерде араб әрпімен “ықпал” деген сөз бірнеше қайтара жазылған. Жошы хан күмбезі республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерінің мемлекет тізіміне енгізілген. 1999 жылдан Жошы хан күмбезін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет