Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың адамның рухани жетілуіндегі алатын орны мен маңызы


М.Х.Дулатидың «Тарих-и Рашиди» кітабындағы рухани-адамгершілік құндылықтар



бет42/58
Дата21.12.2022
өлшемі161,99 Kb.
#58855
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58
Байланысты:
Абай өлеңдеріндегі рухани

М.Х.Дулатидың «Тарих-и Рашиди» кітабындағы рухани-адамгершілік құндылықтар.Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті-Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте ХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар. 1533 жылы хандық таққа қайта отырған Абу-ар-Рашид, өз тайпаларынан қауіп тоне ме деген оймен, оларды қуғындай бастады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің немере ағасы Сайд Мүхаммед мырза Дулатты өлтірді. Мүхаммед Хайдар Дулати Үндістанға қашып кетті. Онда ол Ұлы Моғолдар сарайында әскерлерді басқарды.Ол сол кездегі саяси оқиғалар мен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-ақ Моғолстан мемлекетінің, Қазақ хандығының өткен тарихын жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайлары да көп еді. Содан да болар ол орта ғасырдағы қазақтарға, әсіресе дулат тайпасының тарихына қатысты өте құнды материалдар береді. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарым қатынасы жайында кеңінен сөз болады.


М.Х.Дулатидың еңбегіндегі сопылық ілімнің рухани-дүниетанымдық маңызы.М.Х.Дулатидің философиялық көзқарастарының қалыптасуына орта ғасырдағы көшпелі түркілердің дүниетанымы және ислам діні мен сопылық бағдардың әсері зор болды. Ұлы кемеңгер адамзатқа тән барлық ізгі қасиеттер мен қоғамның әлеуметтік-саяси, идеялық-мәдени құрылымдарын қалыптастыруда ислам дінін басты қозғаушы күш ретінде жеткізеді. Түрік халықтарының арасында ислам дінінің таралуына ықпал еткен Тоғлық Темір ханның өмірге келген сәтінен бастап баяндап, терең адамгершілік қасиеттерін ерекше жырлайды. Еңбегінде баяндалған әрбір оқиғаны ойшыл пайғамбар хадистерімен түйіндеп, адамгершілік, достық, махаббат сияқты аса қадірлі ұғымдарды жан-жақты түсіндіруге қадамдар жасайды.М.Х.Дулати философиясының аса маңызды тірегі – әділеттілік. Өзінің еңбегінде әділеттілікті билікпен байланыстырып, басшылардың әділ болуын талап етуді өзінің философиялық қағидаларының біріне айналдырады. Басшылардың әділдігін Жаратушының разылығымен байланыстыруы ислам дүниетанымының ықпалын айқын көрсетеді. Еңбегінде әрқашан «билік – Құдайдан» деген идеяны насихаттап, әділ билеушілерді үлгі тұтады.Мұхаммед Хайдар Дулати - мұсылман дінін берік ұстанып, философия іліміне терең ой-тұжырымдарын қалдырған данышпан ғалым. М.Х.Дулатидің шығармаларынан заман өзгерсе де, адамгершілік, ар, ұят, мейірімділік, шынайылық және жан тазалығы сияқты ізгі қасиеттердің өзгермейтіндігін көреміз. М.Дулатидің шығармашылық мұрасы - қазақ халқының өз шаңырағын құрып жатқан уақыттағы тарихи оқиғаларды баяндап қана қоймай, ата-бабамыздың өмір тіршілігі, болмысы мен танымы туралы сыр шертетін аса қымбат рухани құндылық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет