Абай өЛЕҢдерінің КӨркемдік-бейнелеу қҰралдары абай өлеңдеріндегі эпитет және оның түрлері



бет1/4
Дата15.11.2023
өлшемі89,5 Kb.
#122706
  1   2   3   4
Байланысты:
2 АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК


2 АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК-БЕЙНЕЛЕУ ҚҰРАЛДАРЫ


2.1 Абай өлеңдеріндегі эпитет және оның түрлері
Ақын Абайдың қазақ әдеби тілін дамыту жолындағы ерен еңбегін түсініп, нағыз бағасын беру үшін, оның өлеңдеріндегі негізгі көркемдік-бейнелеу құралдары саналатын эпитет, теңеу, троп, фигура және олардың түрлеріне айрықша талдау жасау қажет. Сол себепті де, ең алдымен, Абай тілінің осы жақтарын зерттегеніміз дұрыс болады. Осы көркем тіл құралдарының ішінен эпитет пен теңеуді алып, олардың Абай шығармаларында қандай рөл ойнайтынын, ақынның өзіне дейінгі замандағы фольклор, тарихи әдебиет және өз заман әдебиеттерінен осы екі көркем құралдарды қолданудағы тілдік ерекшелігі қандай, өзге тілдерден үйреніп, қосып алғаны не, өзі қандай жаңалық енгізді деген мәселелердің бетін ашып алайық.
Ұлы ақын зерттеушілері ақын шығармашылығында ең көп кездесетін көркемдік-бейнелеу құралы ретінде эпитетті ерекше атайды. Сондықтан ең алдымен, Абай өлеңдеріндегі эпитетке тоқталып өтейік.
Өзге тілдердегі секілді, қазақ тілінде де эпитеттер негізінен сын есімнен жасалған анықтауыш ретінде келеді. Және эпитеттің тағы бір түрлері көсемше мен өткен шақта жасалған есімше. Сөйлем құрамында, көбінесе, анықтауыш, кейде толықтауыш, кейде пысықтауыш қызметін атқарады. Зерттеуші ғалымдар эпитет өте көне заманда, адамдардың өз ой-пікірін сурет арқылы жеткізуімен байланысты пайда болды деп тұжырымдайды. Қазақ ауыз әдебиеті де бұл пікірдің дұрыстығын растайды. Қазақтың өте ерте заманнан сақталынып келген фольклор үлгілерінен эпитеттерді, соның ішінде тұрақты эпитеттерді жиі кездестіреміз:

«Қызыл шұбар айдаһар,


Қара шұбар жолбарыс».
(Бақсы сарындары) [7].

«Сары өзеннен өткенде,


Тас суындай сарқырап,
Тарлан атпен Көбікті
Артынан жетті барқырап».
(«Қобыланды батыр» жыры) [7].

«Солқылдаған ақ найза,


Басыма сайғақ болсын деп,
Оң қарыма ілгенмін...»
(«Ер Қармыс» дастаны) [7].

Бұл үзінділердегі «қара шұбар», «қызыл шұбар», «сары», «тарлан», «ақ» сөздері сын есім арқылы жасалынған эпитеттер де, «сарқырап», «барқырап», «солқылдаған» – көсемше мен өткен шақтағы есімше арқылы жасалған эпитеттер. Эпитеттің ауыз әдебиетінде ең жиі кездесетін ендігі төртінші бір түрі – тұрақты эпитет. Мысалы: 


«Айнаменен ақ жүзімді көрейін,


Хақтың салған жарлығына көнейін»
Немесе:
«Есік алды қара су
Майдан болсын, жар-жар-ау,
Ақ жүзімді қарауға
Айнам болсын, жар-жар-ау».
(Жар-жар) [7].

Қазақ ауыз әдебиетінде, қандай жағдайда айтылмасын, «жүз»


сөзінің алдында анықтауыш ретінде, көбінесе, «ақ» деген эпитетті кездестіреміз. Өзге эпитеттердің қолданылуы өте сирек, мүлдем қолданылмайды деуге шақ. Сондай-ақ, қазақ фольклорында «тақ» сөзінің алдында үнемі «алтын» деген тұрақты эпитет тұрады. «Алтын таққа отырды» , «алтын тағын сақтап қалды», «алтын тағының үстінде» деген секілді тақтың қандай материалдан жасалғанына қарамастан, ол әдеби шығармаларда «алтын» эпитетімен анықталады. Алайда қазақ тарихында хан тағы үнемі алтыннан жасалатын болған. Бұл эпитеттің шығу тегі осыдан болса керек. Ал «жүзбен» тіркесіп келетін «ақ» эпитеті кейінгі кезде тавтологияға айналғанға ұқсайды. Әсіресе айтыс өнерінде айтысып отырған қарсылас қызы сары болсын мейлі қара болсын, оның жүзіне келгенде «Ақ жүзіңді көруге құмармын» деп дағдымен кетеді. Қазақ дәстүрінде, негізінен, жақсы нәрсенің барлығын «аққа» балау бар: «ақ патша», «ақ пайғамбар», «әлди-әлди, ақ бөпем», «ақ бесікке жат, бөпем», «ақ қалқа», «ақ еркем, отыр ма екен, жатыр ма екен» және т.б.
Қазақ әдеби тіліндегі эпитеттің төрт түріне тоқталып өттік. Алайда
осы төрт түрмен жасалатын эпитеттердің өз ішінен шығатын күрделі эпитет тағы бар. Бұл, әрине, жеке бір эпитет түрі болып есепке алынбайды. Жоғарыда мысал ретінде бақсы сарындарынан келтірілген үзіндіде «қызыл шұбар айдаһар», «қара шұбар жылан» секілді эпитеттерге тоқталған болатынбыз. Осы сынды сын есім арқылы жасалынған эпитеттер сонымен қатар күрделі эпитет те бола алады. Яғни, күрделі эпитет дегеніміз – бірнеше эпитеттен жасалған эпитет түрі.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті шығармаларынан түгел табылған эпитеттің барлық түрі тек Абай өлеңдерінен ғана емес, Бұхар жыраудан бастап, осы күнге дейінгі барлық ақындар өлеңдерінен көптеп табылары айдай анық. Сондықтан эпитет жөніндегі Абайдың өз ерекшелігі қайсы, соған келелік.
Абай – әдеби тілімізді өзіне дейін қазақ әдебиетінде қолданылмаған жаңа сөз, жаңа тіркес, жаңа мағыналармен одан әрі байытқан ақын. Мұны біз эпитеттерге қатысты да айта аламыз. Мысалы:

«Қан жүректе қайғылы-ау,


Қайрыла кет сен маған...»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет