Абай өЛЕҢдерінің КӨркемдік-бейнелеу қҰралдары абай өлеңдеріндегі эпитет және оның түрлері



бет3/4
Дата15.11.2023
өлшемі89,5 Kb.
#122706
1   2   3   4
Байланысты:
2 АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК

(«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ») [1, 63].

Бұл мысалға келтірілген өлеңдегі «майда жалды», «салқы төсті», «шақпақ етті» эпитеттері дағдылы ретпен келсе, «еті бөп-бөлек», «ұршығы төмен», «сырты қысқа», «бауыры жазық», «арты талтақ», «ұмасы үлпершекті» секілді тіркестерді қолданарда ақын инверсия заңы арқылы эпитеттік тіркес құрамындағы сөздердің орын тәртібін ауыстыруымен оқырманға жаңаша әсер сыйлай алғанын көруге болады.


Негізгі реті «Шығыңқы ауыз омыртқа» бола тұра, Абай «Ауыз омыртқа шығыңқы» деп, эпитетін анықтайтын сөзінен кейін қояды. Мұндай тәсілді Абайдың көп өлеңдерінен жолықтыруға болады.
Абай өзінің поэзиясында осы тәсілді өте коп қолданады. Эпитеттің бұл үлгілері – Абайдың инверсия заңына сүйеніп жасаған эпитеттері.
Сол себепті қазақтың жалпы тілінде бар болса да, Абайдың әдебиетте өзіне дейін бұрын соңды қолданылмаған осындай тәсілдермен жаңашалап жасаған эпитеттерін оның қазақ тіліне енгізге жаңалықтары деп санасақ та болады.
Ал қазақ фольклорында мұндай әдісті сирек кездестіреміз. Ал Абай осы тәсілді толықтай орнықтырып, дамытып, тілімізге тұрақты етіп бекітті. Небір құбылысты, табиғатты яки затты суреттеуде, бейнелеуде таптырмайтын тілдік құрал екенін дәлелдеп, кейінгі ұрпаққа өз өлеңдерінде үлгі ретінде көрсетіп, мұраға қалдырды. Абайдан ертерек замандағы Бұхар, Дулат, Шернияз сиқты ақындар шығармашылығында мұндай әдістің өте сирек ұшырасып, ал Абайдың шәкірті Ақылбай, Көкбай мен Мағауия өлеңдерінде жиі қолданылуы осыған дәлел бола алады. Абай өзінен кейінгі ұрпаққа осы жағынан әсерін тигізді.
Келесі мысалдан Абай тілінің тағы бір ерекшелігін атап көрсетуге болады:

«Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл,


Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға».
(«Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі – қызыл») [1, 39].

Бұл өлеңдегі эпитеттер де орын алмастыру тәсілі арқылы, инверсияға негізделіп жасалған. Бірақ алдыңғы мысалдардан айырмасы – бұл тек жалаң эпитет, инверсия ғана емес, әрі шендестіру (антитеза). Суреттемек өмір құбылысын жайнақы, жарқын етіп беру үшін ақын үш түрлі көркемдік тілдің басын бір арнаға қосып, сол арқылы аңшылық өмірді таңғаларлықтай етіп бейнелей білген. Эпитеттің бұл сықылды қиыннан қиысқан түрін тек қана Абайдан табуға болады.


Бұған Абайға дейінгі әдебиет те, замандас әдебиет те талас тудыра алмайтыны хақ. Мұндай шеберлік – тек Абайдың қаламына ғана тән нәрсе. Мұны эпитеттің инверсиямен байланысты келген түрі жөніндегі Абайдың ерекшелігі, жаңалығы деп те айтуымызға болады.
Бұл айтылғандардың бәрі де Абай өлеңдеріндегі поэтик тілдердің негізгі бір саласы – эпитеттердің сыртқы құрылысы, түрі.
Бірақ Абай эпитет түрлерінің санын көбейтіп, байытып қана қойған жоқ, оның ерен еңбектерінің тағы бірі – сол түрлерді мазмұнмен тығыз байланыстыруы. Түрімен қатар мазмұнын да бай етіп, одан ары тереңдетуі, түрді мазмұнының түрі етуінде.
Эпитет – Абай шығармаларында ең көп ұшырасатын көркемдік тіл құралдарының бірі. Атап айтқанда, Абай адам яки басқа өмір құбылысының сырт кескінін суреттер, портретін жасар кезде эпитетті ең жиі пайдаланады. Абайдың Ат сыны, қыз сыны, жылдың төрт мезгілі туралы өлеңдерінің негізгі бейнелеушісі – эпитет.
Мысалы, «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» (Ат сыны) деген өлеңі
28 жолдан құралған. Сол 28 жолды талдар болсақ, өлең ішінде «Шоқпардай» деген жалғыз-ақ теңеу сөзден өзгесі – түп-түгел эпитет екен. Осының өзі эпитеттің ақынның ерекше қолданатын тәсілі екенін көрсетеді. Абайда, көбінесе, күрделі эпитет көптеп кездеседі. Мысал үшін:

«Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ,


Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ
Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,
Ой желке, үңірейген болса сағақ».
(«Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ») [1, 63].

«Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,


Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды».
(«Қыс») [1, 83].

«Қамыс құлақ», «қой мойынды», «қоян жақ», «бөкен қабақ», «ауыз омыртқа шығыңқы», «майда жалды», «ой желке», «ақ киімді» тәрізді эпитерттердің барлығы күрделі эпитет болып саналады. Абайдың мұндай эпитет түрін көп қолдануы оның өз тілінің шебері екендігін көрсетеді.


Қазақ әдебиет өнерінің тарихына үңілер болсақ, ауыз әдебиетінде тұрақты және тавтологиялық эпитеттердің көп кездесетінін байқауға болады. Бұған мысал ретінде жоғарыда айтып өткен «ақ» сөзінің жақсы, ақ нәрселерге эпитет ретінде қолданылуын тағы айтып өткім келеді. Мысалы, «ақ бесік», «ақ найза», «ақ семсер», «ақ алмас», «Ақ Жайық», «Ақ Еділ», «ақ ерке», «ақ қалқам», т.б. Мұндағы сөз болып отырған нәрселердің түсі ақ болғандықтан емес (бесіктің түсі қоңыр, семсер сары, қалқасы қара торы болуы мүмкін), жақсы, пәк етіп көрсету ниетімен дағды бойынша «ақ» эпитетін қосарландырған.
Мұның негізгі себебі – тек дәстүрге, дағдыға айналуында емес, бастапқыда әртүрлі өмір құбылысын бір жағынан ғана танып, бір заттың ерекшелігі ретінде бір ғана қасиетін ұққан ой-сананың сәбилік дәрежесінің жұрнағы болуында.
Эпитеттердің қолданысқа енуі адамзат баласының мәдени жоғары дамып, ой-санасы ілгерілеген сайын өмірді терең түсініп, бір нәрсенің сынын, қасиеттерін, ерекшеліктерін тани бастауымен байланысты болады. Ал өмірде мұндай заттар мен құбылыстар қасиеттері мен ерекшеліктері өте көп. Осындай сансыз көп қасиеттер мен ерекшеліктерді таба біліп, әдебиетке енгізу – нағыз тілді дамытушы ақын-жазушылардың ісі.
Ал осындай нағыз ұлт және тіл жанашырларының бірі, қазақ әдебиет өнерін алға қарай ілгерілеткен ұлы ақын – Абай. Абай қазақ тілін көркемдік-бейнелеу тіл құралдарымен байытуда өзінен бұрынғы әдебиеттен де, өз кезіндегі әдебиеттен де мойны анағұрлым озық, анағұрлым жоғары сатыда тұрған ақын екендігін көрсете білді.
Абай өлеңдерінде қолданылатын әр алуан эпитеттер автордың ой-пікірімен нық байланысып, мазмұнмен қабысып жатуы жайлы сөз қозғағанда, мұны тек Абайға ғана тән нәрсе демейміз. Абай заманынан бұрын дәурен құрған Бұхар, Махамбет, Дулат ақындар туралы да осыны айта аламыз. Бірақ Абай өзіне дейінгі қазақ әдеби тілінің жақсы дәстүрлерін таңдап алып, оларды алға қарай одан әрі дамытты, ілгерілетті, мәдениеттік сатыға көтерді. Әртүрлі өмір құбылыстарын суреттеу үшін, өзіне тән образдарды пайдалана білу керек екендігінің үлгі, өнегелерін қалдырып кетті.

«Көлеңке басын ұзартып,


Алысты көзден жасырса:
Күнді уақыт қызартып,
Көкжиектен асырса.
Күңгірт көңілім сырласар
Сұрғылт тартқан бейуаққа,
Төмен қарап мұңдасар
Ой жіберіп әр жаққа.
Адасқан күшік секілді,
Ұлып жұртқа қайтқан ой,
Өкінді жолың, бекінді,
Әуре болма, оны қой».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет