Абай өЛЕҢдерінің КӨркемдік-бейнелеу қҰралдары абай өлеңдеріндегі эпитет және оның түрлері



бет2/4
Дата15.11.2023
өлшемі89,5 Kb.
#122706
1   2   3   4
Байланысты:
2 АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК

(«Жүрегім менің қырық жамау») [1, 211].

«Ызалы жүрек, долы қол,


Улы сия, ащы тіл...»
(«Адамның кейбір кездері») [1, 183].

«Асау жүрек аяғын шалыс басқан,


Жерін тауып артқыға сөз болма ма?...»
(«Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?») [1, 206].

«Алқыны күшті асаулар


Ноқтаға басы керілді...»
(«Болыс болдым, мінеки») [1, 88].
«...Жер қорыған желкек шал
Желіп жүріп боздайды...».
...Өрбіген жүрек басылмай,
Талапты көңіл елірмес...»
(«Жақсылық ұзақ тұрмайды») [1, 151].

«Адасқан күшік секілді


Ұлып жұртқа қайтқан ой».
(«Көлеңке басын ұзартып») [1, 172].

Абай тілі эпитеттерге тым бай және олар өзгеше жаңа мағынаға ие. Ол бір «жүрек» сөзін алып, оның алдына «қан жүрек», «ызалы жүрек», «асау жүрек», «ет жүрек», «күйген жүрек», «ыстық жүрек», «кірлеген жүрек», «шын жүрек», «елжіреген жүрек», «өртенген жүрек», «сорлы жүрек», «ит жүрек», «жау жүрек», «өрбіген жүрек», «суынған жүрек», «жылы жүрек», «ынталы жүрек» секілді әр түрлі эпиттерді жалғап, жүректің әр алуан қасиетін ашады. Және бір анықталатын сөзден жасала тұра, бұлардың әрқайсысы әр түрлі мағынаны білдіреді. Мысалы, «қан жүрек» мұң-қасіретті жеткізсе, «ызалы жүрек» өштігу-ашуды суреттейді, ал «асау жүрек» тасыған қайрат-жігерді бейнелейді. Бұл Абай тілінің қандай кең екендігін көрсетеді.


Және бір айта кететін жайт, келесі үлгілердегі «Адасқан күшік секілді», «Жел қорғаған желкек шал», «Өрбіген жүрек басылмай» секілді эпитет үлгілері Абайға дейінгі қазақ поэзия өнерінде мүлдем ұшыраспайды. Мұндай эпитеттерді Абай тілімізге алып келместен бұрын, ешкімнің шығармашылығынан кездестірмейміз. Осылар секілді ауыз әдебиеті немесе Абай дейінгі тарихи әдебиетте еш қолданылмаған эпитеттер Абайда әлі де көп.
Абайдың өзі жасап шығарған эпитеттері өзгелердікінен және тұрақты эпитеттерден ерекше деп айтып өттік. Сол секілді олардың жасап шығарудағы жолдары да өзінше бөлек. Абайдың эпиттері мынадай түрлі тәсілдермен және жолдармен жасалынған: жалғаусыз түбір арқылы, жалғау арқылы, жұрнақ арқылы және сөз немесе дыбысты тастап кету арқылы. Осылайша Абай бірнеше тәсіл арқылы сөзге жаңаша мән беріп, жаңа эпитеттерді дүниеге әкелген. Бұған дәлелді келесі мысалдардан көрсек болады:

«Кейбіреуі дүрсіп жүр,


Жер тәңірісіп кер мағыз...».
(«Қайғы шығар ілімнен») [1, 139].

«Пәледен тұрмас шошынып,


Тұл бойын желік жеңген-ді».
(«Келдік талай жерге енді») [1, 119].

Бірінші келтірген мысалдан жоғарыда айтып өткен Абайдың эпитеттерді жасау жолдарының ішінен үшіншісін, яғни жұрнақ жалғау арқылы жасалған эпитет үлгісін көреміз. Себебі, «дүр» сөзі, негізінен, архаизм болып келеді. Көне кітаптарда тек «дүр» қалпында қолданылған. Мысалы, «Дүр ақын», «дүрде араз», т.б. Ал ақын Абай осы «дүр» архаизміне «-сіп» жұрнағын жалғап, «дүрсіп» деген, бұрын соңды қолданыста болмаған, жаңаша бір эпитетті жарыққа шығарады.


Ал екінші мысалдың келтірілу себебі – бұл жердегі «тұл» эпитетінің жасалу жолында болып отыр. Негізінен бұрынғы әдебиеттерден «тұл бой» деген тіркесті кездестірмейміз. Дұрысы – «тұла бой». Бұл – қазақ тіліне түгелдей сіңісіп кеткен тұрақты эпитетті тіркес. Ал Абай бұл тұрақты эпитеттегі бір дыбысты, әріпті, яғни «а» әрпін алып тастау арқылы жаңа бір «тұл бой» деген эпитет жасап отыр. Тағы да айта кету керек, мұндай сөз қолданыс Абайға дейінгі әдеби нұсқалардың ешқайсысында жоқ.
Абай сөздерді жаңаша сөз байланыстары, сөйлем құрылыстары арқылы көркем тіл мүшесі етіп, көне сөздерге жұрнақтар жалғау арқылы эпитетке айналдырып, жаңа нәрсе етіп көркем тілге енгізген ақын ретінде танымал. Ол кей эпитеттердің дыбыстарын әдейі тастап кетіп, құлаққа естілуін көңілге қонымды болатындай жаңа етіп шығарған. Бұл – оның эпитет жасаудағы екінші бір тәсілі.
Абай өз эпитеттерінің ой-сезімге әсерін жаңалау үшін кейде
инверсия заңына да сүйенеді. Бұл дегеніміз эпитеттің үйреншікті орын тәртібін
өзгертіп, жаңаша дыбыстауына әсерін тигізу. Бәрімізге мәлім, қазақ тілінің заңы бойынша, эпитет үнемі анықталатын сөздің алдында, бірінші тұрады. Мысалы: «Сорғалап көктен қыран құйылғанда», «Сайраған Орта жүздің бұлбұлымын».
Ал Абай өлеңді одан сайын әсерлі ете түсу үшін, осы қалыптасқан тіл заңын бұзып, тіркес құрамындағы сөздердің орнын ауыстырады. Яғни, эпитетті әдеттегі орнынан бөлек, анықталатын сөзден кейін, екінші қояды. Осылайша сөздеріне жаңаша бір өзгеріс береді. Мысалы:

«Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды,


Ой желке, үңірейген болса сағақ».
«Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы,
Тояттаған бүркіттей салқы төсті,
Ұршығы төмен біткен, шақпақ етті.
Сырты қысқа, бауыры жазық келіп,
Арты талтақ, ұмасы үлпершекті...»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет