(«Көлеңке басын ұзартып») [1, 172].
Бұл өлеңде ақын өзінің жан дүниесі, ой-пікірі, көңіл-күйімен бөліседі. Ақынның заманындағы өмірдің тар соқпақтарына, бұралаң жолдарына қажыған сезім дүниесін ашады. Көңіліндегі мұңды осылайша өлеңмен сыртқа шығарады. Өлең ішінде қолданылған эпитеттер де соған сәйкес күңгірттеу келген. Мысал етіп атап өте кетейік: «сұрғылт бейуақ», «адасқан күшік», «ұлыған ой», «өкінді жол», «күңгірт көңіл». Көріп отырғанымыздай, элегиялық өлең ішіндегі эпитеттердің өзінен де сол көңілсіздік лебі сезіліп-ақ тұр. Немесе:
«Осындай Сыйдақ жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ.
Сырын түзер бірі жоқ, сыртын дүзеп,
Бар өнері - қу борбай, сымпыс шолақ» [1, 73].
«Мал мен бастың дұшпаны -
Келелді пысық көбейді...» [1, 73].
«Сасық, паңдау келеді,
Қырт мақтаншақ оңбайды» [1, 76].
Бұл жерде ақын өңкей жаман мінезділерді сынап, ашық айтып, халықты осындай мінез-құлықтан, ойдан алшақ болуға шақырады. Өлеңде қолданған эпитеттері тек жай эпитет емес, сарказмға суарылған мысқыл, кекесін болып келеді. Осы мақсатын толық орындауға эпитеттер едәуір септігін тигізді. Өйткені ақын эпитеттерді дәл таңдай білген. Яғни, оқырман санасына тиетіндей етіп, эпитеттер көмегімен ойын, пікірін тура жеткізе білген. Сондай мінезділерді дәл эпитеттермен тура суреттей, бейнелей білген.
Жоғарыда Абайдың эпитеттері туралы айтылғандарды қорыта айтар болсақ, біріншіден, ақын жаңа эпитеттерді тілімізге енгізіп, қазақтың әдебиет тілін көркейтті, байытты, дамытты, ілгерілетті. Сондай-ақ, олардың жаңаша жасалу жолдарын алып келді, соны артына мұра етіп қалдырып, өзінше жаңалығын енгізді. Екіншіден, эпитетпен байланысты бірнеше көркемдік-бейнелеу тіл құралдарының бірнешеуінің басын бір қоса отырып, өмір құбылысының бейнесін толық беру мүмкіншілігінің керемет үлгілерін көрсетті.
Үшіншіден, инверсия заңына сүйене отырып, эпитеттің орнықты орнын ауыстыруға батылы жетіп, жаңа бір қолдану әдісін қалдырды.
Төртіншіден, бір нәрсенің өмірде толып жатқан қыры мен сыры болатындығын танытып, эпитет арқылы олардың әр алуан қасиеттерін ашып, әр эпитет бір сөзге әртүрлі мән беретіндігінің үлгісін пішіп берді.
Бесіншіден, түр мазмұнының түрі болуы керектігін, әртүрлі жағдай, әртүрлі құбылысын суреттегенде солардың әрқайсысына эпитеттерді лайықтап, таңдап ала білудің айқын жолдарын көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |