«Абай оқулары» атты мектепшілік байқауының сценариі



Дата21.09.2024
өлшемі160 Kb.
#145171
түріБағдарламасы
Байланысты:
Балғын



«Абайды оқы, таны »
Абай оқулары байқауының бағдарламасы
Мақсаты: Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, дана ақын Абай Құнанбайұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту.

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар, байқауға қатысушылар! Өнердің түрі көп. Бейнелеу өнері, кино өнері, театр өнері, сурет өнері, сәулет өнері, мүсін өнері, т.б. Өнерлердің ішіндегі ең құдіреттісі ол-сөз өнері

2-жүргізуші:
Бүгінгі кешіміз талантты ақынымыз Абай Құнанбайұлына арналады.

1-жүргізуші: Жылуы мол жібітердей тоң-тасты,
Жылдар легі жылжып алға жалғасшы.
Жақсылық пен жақсы үміттің ғасыры,
Жылың мынау барады өтіп алғашқы.

2- жүргізуші: Жүректердің жарқылдағай жасыны,
Тыныш өмір-адамзатқа асылы.
Ел тілегі: адал еңбек, маңдай тер,
Ей ғасырым, бол білімнің ғасыры! 

1-жүргізуші: Озық ойлы Абайтанушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Абай Құнанбайұлының артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қайнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендей өсіп, айшықтала түсуде. Асыл сөздері келешек заманымызда да гауһардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ.

2-жүргізуші: «Абайды оқы, таны » атты Абай оқулары байқауына қош келдіңіздер.
1-жүргізуші.Жас ұрпақ үшін Абай өнегенің,өнердің,әділеттің,адамгершіліктің адам ұлы бола білудің,халық үшін күресудің үлгісі.


2-жүргізуші.
Қош келдіңіз,талапты дос,дарынды.
«Абай оқуы» дос-патша көрер бәріңді
Жермен келіп,қайтасыңдар көкпенен
Бұл оқу байытады жаныңды.

1-жүргізуші: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе,» - деп Сұлтанмахмұт ағамыз айтқандай, сайысымызға қатысушылардың оқу мәнерін, сахналық шеберлігін, дарындылығын бақылаймыз

2-жүргізуші: Жарыстар өтсін алуан,
Сынасын күшін барлық жан.
Жүлдесін алып шаттансын,
Білімді мықты әрбір жан.

1- жүргізуші: Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы-дей келе сайсымызды бастаймыз.
Ендеше бірінші болып сахнада:
Абай Құнанбайұлының 31ші қара сөзіне орын береміз
2- жүргізуші: Әлем танып, таңданды, ұлы Абайға,
Нұрын шашты, сөз зергері маңайға.
Жылдар көші лек-легімен өтсе де,
Құрмет тұтып, іліп қойдық маңдайға.
Абай салған ән қосып жырға екпінін,
Солар менің жырымда жүрмек бүгін – дей келе келесі кезекті әнге береміз
Ән «Желсіз түнде жарық ай» Орындайтын
1-жүргізуші : Сайысымызды одан ары қарай жалғастырамыз. Ендеше сахнаға
Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқушыларды шақырамыз

1-жүргізуші:
Абай бізбен мәңгі бірге, өйткені Абай шығармалары ұлттық өнерді дамытудың жаңа бағыты ретінде қызмет атқарып келеді. XXІғ. қазақ әдебиеті Абай дәстүрін жалғастыра отырып өсті, жетілді. Абай ұлтымыздың туы.Абай адам өмірін мағыналы етуді, ақылға, еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды , адамгершілікті сақтауды, жастарға өсиет етті.
2- жүргізуші:
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Біздің міндетіміз бәсекелістікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», - деген пікірі жастарға Абайша білім алу, Абайша ойлау, Абайша өмір сүру дегенді ұқтырады.

1-жүргізуші: Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білімге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық.Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет