«Алдар көсе мен шайтандар»мультфильмі бойынша жазылған сахналық қойылымның әзірлемесі



Дата18.10.2023
өлшемі19,69 Kb.
#118452
Байланысты:
сценарий Алдар көсе


« Алдар көсе мен шайтандар »мультфильмі бойынша жазылған сахналық қойылымның әзірлемесі.
Алдар көсе кең далада дауыстап ән салып келеді:
Алдар көсе:
Қыран самғап көгімде
Далам қандай кең еді
Шаттық ауып көңілге
Өлең айтып келемін
Дүние байлық менде жоқ
Мендегі қулық сенде жоқ, айхоой!
Ақылменен алдайтын
Мендей адам елде жоқ- ай !
Алдар:( Алдар бір ағаштың түбіне келіп)
-Ой шаршағаным-ай, мына ағаштың түбіне жата тұрайын.
(Осы кезде сол жерге екі шайтан келеді.Алдарды көрмей өзара сөйлеседі.)
Құлан: ха-ха мен саған қанша рет айтам, асыққан шайтанның ісі деп.
Түлен: ал біз сонда кім болғанымыз?
Құлан: Біз шайтан!
Мен шайтанмын,сен шайтан иә,иә
Түлен: Мен Түленмін сен,Құлан иә иә
Құлан: Жердің бәрін азғырып
Түлен: Берекесін қашырдық
Құлан: Жақсы ойды бұздырып
Түлен: Жаман іске асырдық иә,иә
Құлан: Бірімізді біріміз
Сыйламайтын іріміз
Тыңдамайтын іріміз иә,иә!
Алдар көсе: (Көзін сәл ашып қарайды да,екеуін көріп,әлі ұйықтап жатқан адам құсап,көзін жұмып эата береді) (Ішінен айтады): Аха,мына екеуі қайдан жүр?
Түлен: Керемет шықты ғой,ә?
Құлан: (Ағаш түбінде жатқан Алдар көсені көріп қояды) Түшшш өшір үніңді.(екеулері қарайды)
Түлен: не болды? (Деп Алдарға қарайды) Ұйықтап жатқан шығар?
Құлан: Тірі ме өзі?
Түлен: (Алдарға үңіліп қарайды) туу,түрін қарашы,аштан өлген сияқты
Құлан: онда тірілтіп алайық
Түлен: қайтесің тірілтіп, жата берсін! (Екі шайтан теріс қарап сыбырласып тұрғанда, Алдар көсе Түленнің құйрығын басып қалады,ал Құланның жамбасынан тебеді)
Құлан: Өй, не болды саған? Неге тебесің?
Түлен: өзің ғой құйрығымды....Құлан Түленді ұрады,екеуі төбелеседі Алдар көсе тұрып алып екеуінің төбелесіп қызықтап отырады.
Алдар көсе: ур ур қаттырақ оң жағынан таптырма пер пер әп бәрекелді қай жеңгенін менікі!
Құлан:не дейді өзі ?мынау жанағы өліп жаткан адамғой
Алдар көсе: қандай қырғын шайқас еді өй неге тоқтап калдындар
Түлен: әә осы емеспе арамызға от салған
Құлан: мәссаған адамдарды азғыратын бізбе десек қарапайым адам бізді катырдығой
Алдар көсе: Ее қарапайым несі әйгілі қу алдаудан алдына жан салмайтын алдар көсе мен болам.
Құлан: өй дөйт деген ай (Түленге карап) Бізге де осындай адам керек емеспа
Түлен: Алдар көсе атыда мықты екен
Алдар көсе: иә не керек менен сендерге не пайда.
Құлан: түген деген жерде Пәлен деген ауыл бар сол ауылға барып...
Алдар көсе: жоқ жоқ мен ешкайдаа бармайм
Құлан: Неге
Алдар көсе : аш бала тоқ баламен ойнамайды асқазаным ас көрмегелі алты күн болды алдымен таммака тойдынындар
Құлан: тамакка тойсаң бараснба
Алдар көсе: сөз жоқ барам
Құлан: Түлен ойбай қазан ой казан касымызға кел казан
Тулен: тоқсан түрлі тамақ жоқ тоқ етерін айтындар
Алдар көсе: ой маған осы бес табақ бешбармақ казан қарта жал жая төрт таба нан бір саба қымыз бір самаурын шай болса жетеді калғаны керек емес
Тұлен: Ай момент ( Осы кезде Құлан дастархан жасайды)
Құлан: түген деген жердің берекесі кіріп ынтымағы жарасып тұр,сол ауылға барып адамдарын азғырып,араларына іріткі салып....
Түлен: Берекесін қашырып,қызығына қарық болайық (күледі)
Алдар көсе: Ее мен ол ауылды білемін,бірақ ол ауылға жеткенде шаршап шалдығып бітемізғой
Түлен:Енді не істейміз?
Алдар көсе: жаяу жүргенше бір бірімізді арқалап барайық!
Құлан:Дұрыс бірінші сен бізді арқалайсың, сосын біз сені арқалаймыз
Алдар көсе: жоқ жоқ бұларың болмайды( қашып бара жатады)
Құлан: Тоқта... қайда қашып барасың?
Алдар көсе: онда мен сендерге Доп лақтыру ойынын үйретейін
Түлен: доп лақтыру? Ол не пәле?
Алдар көсе: нағыз шайтандардың ойыны.жеңілгенің бірінші арқалайсың!( ойынды түсіндіреді)
Ал шайтандар шайтандар
қимылымды байқаңдар
Қулығымды асырам
Мына допты лақтырам (деп балалармен ойнайды)
Балаларға Алдар көсе сыбырлап: қазір доппен шайтандарды қуып жіберейік!
Алдар көсе:Зұлымдықты айламен жеңе білу де- өнер. Солай емес пе балалар?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет