Абай мектебінің қазақ әдебиетінде атқарған қызметі
- Абай бір қауым өнерлі жастарды қасына жинады , тәрбиеледі ;
- Айналасындағы талапты жастарға өнер сәулесін шашты;
- Абай бірнеше ақынның басын құрап , тақырып беріп , өлең жазғызды ;
-Олардың жазғанын ортаға салып , талдап , түзеп , сынап , бағасын берді;
- Әлем әдебиетінде осылай шәкірт тәрбиелегендер некен - саяк;
- Осындай әдеби іс жосығын ( процедураларды ) жүзеге асырғандар да кемде - кем .
Абайдың алдындағы әдебиет өкілдерімен қатар ақынның маңайына үйірілген әдеби қауымға да кеңестік жылы қарамады. Әлем әдебиетінде жалпы ағым-бағыттың аясында қолданылатын «мектеп» ұғымының бір ғана адамға қатысты айтылуы кеңестік қазақ әдебиеттануында үлкен дау туғызды. Нәтижесінде, маңайына ақын, әнші, музыкант, ертегіші сияқты алуан өнерді үйренуге құлшыныс білдірген жастарды жиып, баулыған ұстаз Абайдың тағлымдық, тәрбиелік қарекеті тұмшаланып, ақын шәкірттері шетінен «кертартпа», «ескішіл» деп танылып әдебиеттен аластатылды, көзі тірілері «халық жауы» болып қуғындалды.
Достарыңызбен бөлісу: |