Лекция мақсаты : Әдебиеттен білім беруде мұғалімге қойылатын талаптарды игеру



Дата10.01.2023
өлшемі34,5 Kb.
#60783
түріЛекция
Байланысты:
ta yryp5




5 -- тақырып. Әдебиет пәні мұғалімі. Оған қойылатын талаптар.


Лекция мақсаты:
Әдебиеттен білім беруде мұғалімге қойылатын талаптарды игеру;
- Мектепте әдебиеттен білім беретін мұғалімнің мақсаттары мен міндеттерін айқындау;
Сұрақтар:
1.Мектепте әдебиеттен білім беуде мұғалімнің атқаратын қызметі;
2.Әдебиет пәні мұғаліміне қойылатын талаптар.

Рухани байлық ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салтынан, дүниетанымынан, мухани мұраларынан құралады. Бұл сипаттардың бастау-арналары әдебиетте қаланады. Қазiргi кезде пәндi оқытуда басты назарда ұстайтын мәселелер баршылық. Олардың бастыларын атасақ, бiлiм концепциясы, стандартты бағдарламаларды жаңарту, нақты мақсаттарды айқындау, оларды оқушылардың жеке тұлға ретiнде дамуына бейiмдеу; Әр пәннiң оқытылуы шығармашылық тұлға қалыптастыру мақсатынан туындату керек; Пән арқылы берiлетiн бiлiм оқулық көлемiнде шектелмей, қосымша, ғылыми-танымдық әдебиеттердiң айналасына шоғырландырылып, оқушылардың бiлiм-икемiн тереңдететiн түрде берiлу қажет. Осы ретте қазақстандық әдiскер-ғалымдардың, ұстаздардың iс-тәжiрибелерi кеңiнен қолданыс тауып, тиiмдiлiк тұрғысынан саралана пайдалану керек.


Мемлекетiмiз тәуелсiздiк алғаннан берi, елдiң сана-сезiмiнде түбегейлi өзгерiстер болды. Сол өзгерiстер Қазақстан мемлекетiн дүниежүзiлiк қауымдастыққа толық мүше етумен қатар, елiмiздiң iшкi рыногын да әлемдiк деңгейге көтердi. Мұнымен қоса, бiлiм мен ғылым саласында да жаңа талаптар пайда болды. Оның дәлелi – “Қазақстан республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту Тұжырымдамасы”. Бұл құжат елiмiздiң бiлiм жүйесiнде реформалық өзгерiстер жасау қажеттiгiнен туындайтын басты бағыт-бағдарды айқындайды. Жалпы бiлiм беру жүйесiнде үйреншiктi дағдыдан үйлесiмдi, күрделi сабақтастықтарды қамтуға ұмтылатын көп деңгейлi оқу жүйесiн орнықтыру, жаңа оқу бағдарламаларымен қатар, оқу стандарттарын дайындау, жаңа ақпараттық, компьютерлiк жабдықтармен жұмыс iстеуге көшу – қазiргi заман талаптарынан туындап отыр. Осы тұрғыдан келгенде, үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң базалық буыны саналатын орта бiлiм беру мекемелерiнiң жастарға саналы тәрбие, сапалы бiлiм берiп, ұлтжанды азамат етiп қалыптастыруда атқара ролi зор екенi даусыз.
Білім беруді, тәрбие беруді ізгілендіру, сайып келгенде, мектепке де, оның мұғалімі, оқушысына да сеніммен қарау деген сөз. Шәкірт пен ұстаз арасындағы ынтымақтастық, әр ұстаздың шәкіртке өзіне тәуелді, өзінен төмен орындаушы деп қарамауы, оны білім мен тәрбие алудың объектісі ретінде ғана санамауы, ең бастысы, әр шәкіртті егеменді еліміздің болашағы, соның бір азаматы деп тануы деген сөз.
Ізгілендіру идеясы оқытудың ұтымды тәсілдері ретінде төмендегі мәселелерді ұсынады:

  • білім, тәрбие беру, әрі дамыта оқытудың кешенді мақсатын жоспарлау. Оқыту мақсатын нақтылау;

  • берілетін білім мазмұнының логикалық жүйесін сақтай отырып, ең негізгі, түйінді дәнді бөліп ала білу, негізгі ұғымдарды анықтау, соны оқушыға игертудің жолдарын іздеу;

  • сабақ құрылымының да нақты жағдайға байланысты нәтижелі деген түрлерін таңдап ала білу;

  • жалпы сыныптық, топтық, жұптық, жеке оқу түрлерін үйлестіре пайдалану, нақты жағдайға байланысты саралап ала білу;

  • тиімді қолайлы оқу жағдайын туғызу;

  • оқу қарқынын таңдап алу (тез, орташа, баяу);

  • жіберілетін уақыт пен уақыт нәтижесін талдау (яғни уақыт тиімділігін анықтау; мұғалім тарапынан пайдаланылған ауқыт пен баланың оны қабылдау мүмкіндігіне барлау).

Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз табиғатын ашатын заңдылықтарды білуі керек, сондай – ақ көркем туындыны талдаудың ғылыми әдістемелерін жетік меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы арасында бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға тиіс.
Өзін - өзі бақылау тапсырмалары:
1. Мектепте әдебиеттен білім беретін мұғалім қандай болуы керек?
2.Әдебиет пәні мұғаліміне қандай талаптар қойылады?


Әдебиеттер:
1. Байтұрсынов А. Шығармалары. А., 1989.
2. Әбдiбекқызы К. Оқушылардың көркем шығармашылық қабiлетiн дамыту. А., 1994.
3. Бiтiбаева Қ. Әдебиет пәнiн оқытудың тиiмдi жолдары (Мұғалiмге арналған көмекшi құрал). А., 1990.
4. Бiтiбаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., 1997.
5. Жұмажанова Т. Қазақ әдебиетi әдiстемесi. А., 2003.
6. Жұмабаев М. Шығармалары. 3 томды . А., 1996
7. ҚР 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту Тұжырымдамасы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет