Абай сыйлығына –«Абай» энциклопедиясы1



бет13/32
Дата06.01.2022
өлшемі255,83 Kb.
#12521
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Ісімақова А.С.

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер

институтының бас ғылыми қызметкері,

филол.ғ.д., профессор

Тәуелсіз кездегі абайтанудың лингвистикалық теориясы
Рәбиға Сыздықованың «Абайдың сөз өрнегі» (1995) атты зерттеуінде теориялық мәселелер қамтылған. Зерттеуші «Абай тілін танудың қырлары, сөз – өлеңнің арқауы (образдың эстетикалық өрісі (зонасы); Етістік – көріктеу құралы), Сөз таңдау (Өлең жәнне сөз; Текст түзу; Синонимдерді таңдау; Сөз – символ); Сөз құбылту (Абай фразеологиясы. Перифраздар. Фразеологизмдерді өзгертіп қолдану); Сөз үндестіру (Дыбыстар гармониясы; Алитерация мен ассонанс; Анафора мен эпифора; Түбірлес сөздер; ішкі ұйқастар); «Қара сөздердің» тілі қалай өрілген? Абай тілінің тағылымы» атты тарауларда әдеби теориялық негіздер айқындалған. А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұмалиев, З. Қабдоловтардың абайтанулық зерттеулерін негізге алған Р. Сыздықова батырлар жырларынан бастау алатын Абайға дейінгі сөз өнерін де салыстыру үшін пайдаланған. Абай өлеңдері мен қара сөзіндегі сөздер тұңғыш рет әдеби-лингвистикалық теориялық талдауға арқау болған. Зерттеушінің келесі тұжырымдарының теориялық мәні ерекше болып табылады. «Абай мұрасы қолжазба түрінде таралып, сақталған кезде 38-сөз «Ғақлийат тасдиқат» деген атпен өзге «Сөздерден» бөлек көшіріліп келген. Мұның бір сыры болу керек. Бұл – Абай «Қара сөздерінің» ішіндегі көлемі жағынан ең үлкені, тақырыбы мен адресаттары (оқушылары) жағынан да өзге туындыларынан бөлектеу тұрғаны. Сірә, бұл шығармасын Абай қазақ балаларының мұсылманша сауатын ашатын орындарда (молдаларда, мектеп, медреселерде) ислам діні негіздерін дұрыс түсініп, білулеріне көмектесетін құрал ретінде ұсынғысы келген болар деген ой келеді. Уәсила Абайқызының жоғарыда келтірген естелігі де, осы шығарманың мазмұны мен стилі де, бөлек көшірілуі де бізді осындай болжамға итермелейді. Мұнда автор дін тақырыптарына қатысты өзінің, түсінік-танымдары және жалпы мораль жайындағы ой-толғамдарын сөз етеді, иманды уағыздайтын, бірақ оны теріс түсіндіретін дін адамдарын сынай отырып, хүкім шариғатын түсіндіреді. Демек, Абайдың бұл шығармасын теологиялық әдебиеттің қазақ тіліндегі алғашқы үлгілерінің бірі деуге болады. Теология Құдай туралы ілім болса, бұл ілімді сөз ететін әдебиет түрлерін белгілі бір дінді ұстаған халықтардың өз ана тілдерінде жасап алу қажеттігі әрдайым сезіліп отырған, өйткені ұстанып отырған діннің канондарын (заң ретінде ұсынылған ереже-қағидаларын) жақсы білген күнде ғана рухани өмірінің қажеттігін өтейтін құрал етіп пайдалануға болатыны белгілі. Осы себептен XIX ғасырдың II жартысынан бастап таза қазақ тілінде ислам діні қағидаларын уағыздайтын, ол үшін сол ережелерді азды-көпті түсіндіретін әдебиет үлгілерін жасау әрекеті пайда болды. Бұл қажеттікті өмірдің өзі ұсынды.

Ыбырай Алтынсарин 1884 жылы Қазанда шыққан «Шари 'ат ул-ислам» атты шағын еңбегін жазуда өзі аштырған азаматтық мектептерде міндетті түрде өтілетін дін сабағында оқушыларға (қазақ балаларына) ислам дінінің негізгі заңдарын ана тілдерінде түсіндіру мақсатын көздеген. Ыбырайдың өз сөзімен айтқанда, «кәләм шари'ат һәм үлкен ғылым кітаптар ғараб тілінде жазылулы» болғандықтан, оны көп «қара халық» түсінбейтіндіктен, бірақ «ғарабтан басқа тілмен намаз оқығандардың иман болуы да дұрыс» болғандықтан, «Шари'ат ул-исламды» жазғанын білеміз. Зерттеушілердің талдауына қарағанда, Ыбырай Алтынсарин осы кітапшасы арқылы қазақ тілінде теология саласында жазуға болатындығын танытқан, яғни «Шари 'ат ул-исламның» арқауы –қазақ тілі, қазақ лексикасы мен грамматикасы екенін көрсетеді.

Ал Абайдың 38-сөзін жазудағы мақсаты мұндай нақты практикалық, болу-болмауы жөнінде өз пікірімізді жоғарыда айттық. Дегенмен қайткен күнде де «жүрегінің куаты – перзенттеріне адам ұғлының, мінездері туралы» ойларын жазуды көздеп, ол әңгіменің негізіне «Алла тағаланы танымақты» алады, өйткені «Алланы танымақтық – дүниені тану, адам өзін тану, адамшылықты жетілдіру, Алланың бір сипаты – ғылым-білімді тану» деп бастаған автор әрі қарай «иманның хақиқатын» сөз етеді, Алла тағаланың сегіз сипатын атайды, ол сипаттарды айырып білу керек дейді, сол сегіз сипаттың екеуі – ғылым мен құдіретті түсіндіреді, оларды кеңінен сөз етеді. Одан әрі қарай ислам дінінің дұрыс түсіндірілуге тиісті канондарын «бұл заманның молдалары мен ишандары өздері дұрыс түсінбейтінін, өзгелерге дұрыс түсіндірмейтінін айтып, сондықтан олар «хаким атына дұспан» дей келіп, «Құдай тағаланың ниһаятсыз (шексіз, өлшеусіз) жолында жүруді өзіне шарт қылған адамның қандай қылғанда «таза мұсылман, толық адам» болатынын айтады» [179-180-бб.].

«Ең алдымен, Ыбырай мен Абай қазақ тілінде теологиялық әдебиетті дүниеге келтірудің бастамасын көрсетті, ислам діні негіздерін, мазмұнын, қағидаларын қазақша айтуға, түсіндіруге әбден болатынын танытты. Міне, 38-сөз деп аталған орны ерекше шығарманың стильдік, тілдік сыр-сипаты осындай...

Әр шығарманың тақырыбы мен жанрына қарай сөз саптауы (стилі) бір-бірінен өзгеше болып келуге тиісті екендігін Абай бұл жерде де тап басқан. Сірә, ол Пушкиннің проза тіліне көзқарасы туралы айтқандарын оқыды ма, жоқ па («У нас употребляют прозу как стихотворство... для приятного проявления форм... Проза не может довольствоваться блестящими играми воображения и гармонии... Слово «прозаический» должно совмещать понятия «спокойный, умный, рассудительный» дегендерін), бірақ ол да, Пушкин сияқты, өлең сөз бен қара сөздің тілдік-көркемдік тұрғыдан айырмасы болатынын принцип етіп ұстаған. Әсіресе теологиялық трактаттар мен тарихи очерк сияқты «метафизикалық» шығармалардың тілін «өлеңдетпей» (поэтизацияламай), айшықты сөздермен ажарламай, әр сөзге нақты мағына беріп, анық, айқын етіп жазуды Абай да жақсы сезгенін оның біз талдаған соңғы екі шығармасы дәлел бола алады. Бұл тұста Абайдың тілдің функционалдық стильдерін, яғни әдебиеттің әрбір жанрына лайық қолданылу мәнерін аңғарған шеберлігін танимыз.

Шеберлік, көркемдік сияқты, Абайдың тіліндегі кестенің бізі, өткірдің жүзімен салынған сөз өрнектерінің бір нақышы. Міне, поэзиясы мен прозасында осындай шеберлік пен көркемдік көрсеткен ұлы Абайдың поэтикалық сөз кестесі, толғауы тоқсан қызыл тілінің өрнегі осындай» [183-184-бб.].

«Абай тілінің тағылымы» атты соңғы тарауда ғалым Абай стилі мен Шәкәрімдікін салыстыра талдаған. Зерттеуші келесі теориялық тұжырым жасаған. «Абайды ұлы деп танытып отырған белгі – оның поэтикалық дәстүрінің, рухани қазынасының, көркем тілінің жалғастық тапқандығынан, өзінен кейінгілерге үлгі-эталон болғандығынан көрінеді. Бұл жайында жиі айтылып, көп жазылып келеді. Дегенмен бұл концепцияны жоғарғы талдауларымыз бен түйіндерімізге жанастыра дәлелдей түспекпіз. Осы мақсатпен ұлы Абайдың ізбасары Шәкәрім Құдайбердіұлының тіл өрнегіне үңілсек.

Шәкәрім – Абайдың азаматтық ар-ұжданы мен ақындық талантын тамаша танып, өте жоғары бағалаған, бағалай отырып үлгі тұтқан адам. Ол өлеңдерінде Абай есімін бір емес, бірнеше рет атайды. «Жастарға» деген өлеңінде Абайды ұстаз тұтуға жастарды шақырады. Ол «мыңмен жалғыз алысқан», «өзі ермей, ерік бермей қор еткен жұртын» айтқан, «сөзді ұғарлық бозбаланы көре алмай, үзілмес үмітпенен бос қуарған» Абайды да жақсы таниды...

Абайды Шәкәрім барлық тұрғыдан ұстаз тұтады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет