Абай Теміртау қалалық əлеуметтік-ақпараттық газет 6 ақпан жұма 2015 жыл №5 (07)



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата06.03.2017
өлшемі9,9 Mb.
#7755
1   2   3   4   5

М

емлек

еттік тіл – мәр

теб

е

«Ешкімді 

кемсітпей, 

ешкімнің тілі мен 

дінін мансұқтамай, 

барлық азаматтарға 

тең мүмкіндік беру арқылы 

тұрақтылықты нығайта 

береміз. Біздің  кейінгі 

ұрпаққа аманаттар басты 

байлығымыз – ел бірілігі».

Нұрсұлтан 

Назарбаев

№ 5 (07) 6 ақпан 2015 жыл

Қ

қ



4

Тұрмыс және тіршілік

Мерейтой

Ұлағатты ұстаз

Сот төрелігі

– Әкімшілік істер өндірісі жөнінде 

айтар болсам, 2014 жылдың он екі айын-

да  мамандандырылған әкімшілік сотына 

қарау үшін барлығы 3480, ал 2013 жылдың 

сәйкес мерзімінде 3320 іс тіркелген, яғни 

салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, 

биылғы көрсеткіш былтырғыға қарағанда 4,6 

пайызға өскенін аңғарамыз. Олардың 132-сі 

қайта рәсімдеуге кері қайтарылды, сондай-

ақ 3291 іске қатысты қаулы шығарылған, 

бұл 2013 жылдың сәкес мерзіміндегіден 157 

қаулығы артық дегенді білдіреді, – дейді 

қалалық мамандандырылған әкімшілік 

соттың кеңсе меңгерушісі Қуаныш Шоқан.

– Әрине, әрбір істі қарап, заң талап-

тары шеңберінде әділ шешім шығаратын 

судьялар екені мәлім, бұл ретте олардың 

жүктемелері қандай?–деп сұрадық. 

– Егер нақты цифрларды келтірер 

болсам, содан-ақ өздеріңіз бағамдай 

беріңіз. Мысалы, әкімшілік істер бойын-

ша судьялардың жүктемелері мынадай: 

Ж.Шортанбаев –981(2013 жылы 617), 

Е.Кириллова –1507 (2013 жылы 1379), 

Н.Шалғымбаева –928 (2013 жылы 0), 

Т.Нығметов–0, (2013 жылы 172), К.Имашев 

–0 (2013 жылы 966) іс қараған. Ал азаматтық 

істер бойынша  Ж.Шортанбаевтың 



Ашықтық пен мөлдірлік 

ұстанымымен

Өткен аптада қаламыздағы мамандандырылған әкімшілік 

соты өткен 2014 жылдың қорытындысын жасап, атқарылған 

жұмыстары жөнінде есеп берді. 

үлесінде – 14, Е.Кирилловада – 59 және 

Н.Шалғымбаевада – 31 іс.

Сөз реті келгенде негізгі жаза түрлеріне 

қатысты айтар болсам, ескерту – 31, 

әкімшілік айыппұл –1631, әкімшілік қамауға 

алу – 443, арнаулы құқықтан айыру – 703, 

әкімшілік жолмен кетіру – 0, – деді кеңсе 

басқарушысы.

Журналистермен болған баспасөз 

мәслихатында судья Н.Шалғымбаева сөз 

сөйлеп, атқарылған істер мен олардың 

түрлері жайында баяндап берді. Атап 

айтар болсақ, кәмелетке толмағандар 

қолымен жасалған құқық бұзушылықтар, 

көлікті жүргізуші куәлігінсіз жүргізгендер, 

жыл ішінде бірнеше рет қайта тәртіп 

бұзғандар мен оларға тағылатын әкімшілік 

айыптар мен жазалар туралы кеңінен 

сөз болды, нақты мысалдар келтірілді. 

Егер келтірілген деректерге назар 

аударсақ, жолда жүру ережелері елімізде 

қатайып, салынатын айыппұл мөлшері 

ұлғайғандықтан ереже бұзушылар саны 

едәуір азайғанын байқауға болады. Бұған 

қоса қалалық Ішкі істер басқармасының 

мамандарды республикалық, облыстық 

және қалалық деңгейде түрлі алдын алу 

шараларын тұрақты түрде өткізіп келеді. 

Мамандандырылған әкімшілік істердің 

арасында қысқартылғандары да кездеседі, 

олардың себептері  де әралуан. Енді 

соларға тоқталар болсақ,  былтыр 483 іс 

қысқартылған екен. Бұл көрсеткіш бұрнағы, 

яғни 2013 жылмен салыстырғанда 150 іске 

артық. Олардың ішінде тараптардың өзара 

татуласуларына байланысты –339, әкімшілік 

жауапкершілікке тарту мерзімінің өтуіне бай-

ланысты – 58, әкімшілік құқықбұзушылықтың 

құрамы болмауына орай – 85, әкімшілік 

құқықбұзушылық елеусіз болуына байланы-

сты – 1 іс қысқарған. 

Әрбір іс  заң талаптарында 

белгіленген мерзімде қаралады, сондай-ақ 

апелляциялық және қадағалау тәртіппен 

қаулылар күшін жойып жатады. Бұл 

тұрғыдан алғанда 2014 жылдың өткен 

он екі айында апелляциялық тәртіппен 2 

әкімшілік іс өзгертілгенін, айтуға болады. Ол 

№3-773 А.Бобковқа қатысты ҚР Әкімшілік 

құқықбұзушылық туралы Кодексінің  330 

бабының 1-бөліміне сәйкес қаралған 

әкімшілік істі прокурор наразылығының 

негізінде апелляциялық тәртіпте өзгеріске 

ұшыраған.  Қарағанды облыстық соттың 

апелляциялық сот алқасының ұйғарымына 

сәйкес, А.Бобковқа қатысты сот қаулысында 

құқықбұзушыны қамауға алу уақыты 

19.55-тен 15.00-ге өзгертілген. Қаулының 

қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған. 

Ал 74 апелляциялық шағым бойын-

ша қаралған әкімшілік істер Қарағанды 

облыстық соттың апелляциялық сот 

алқасының ұйғарымдарына сәйкес өзгеріссіз 

қалдырылған. Қадағалау сатысында 2014 

жылдың 12 айында әкімшілік ісі бойын-

ша сот қаулылары өзгертілмеген және 

бұзылмаған. 

Айта берсек, атқарылған істер тізбегі 

мұнан да көп, ең бастысы заң талаптары 

баршаға ортақ. Егер тәртіп бұздың ба, онда 

заң талаптарында тайға таңба басқандай 

етіп көрсетілгендей істеген әрекетіңе 

қарай жазаңды аласың. Қаламыздағы 

мамандандырылған әкімшілік сот үнемі жо-

спар бойынша жұмыстарын жүйелі жүргізіп, 

ашықтықты, мөлдірлікті басты қағида етіп 

ұстанып келеді. Жыл ішінде бірнеше рет 

ашық есік күндерін өткізіп, тұрғындардың сот 

төрағасы мен судьяларға сұрақтарын беріп, 

нақты жауаптарын алуларына мүмкіндік 

береді. Сонымен қатар судьялар мен сот 

мамандарының біліктіліктерін арттыру 

мақсатында семинар сабақтарын өткізу де 

дағдыға айналған.

Р.ЖАҚЫПҚЫЗЫ

Ұлы  ғұлама  Әл-Фарабидің  «Ұстаз  жара-

тылысынан жаны жайсаң, жаңалыққа құштар, 

мейілінше  шешен,  барынша  әділ,  жұрттың 

бәріне жақсылық жасауға асығып тұратын… 

батыл,ержүрек  болуы  керек»деген  керемет 

сөзі  өмірі  өнегеге,  тәлім-тәрбиеге  толы,  па-

расат  пайымы  терең,  адамгершілігі  жоғары 

ұстаз  Жалғасова  Шамсибану  Бірәліқызына 

қаратып айтылғандай.Ол білім саласында 46 

жылдай еңбек етіп, абырой биігінен көрінген, 

білімнің 

үлкен 

жанашыры,шәкірттерін 



сан  мәрте  биік  белестерді  бағындыруға 

баулыған,  саналы  өмірін  ұрпақ  тәрбиесіне 

арнаған ұстаздардың ұстазы.

  Ақтөбе  облысының  тумасы,нәзік,  тал-

дырмаш  келген  жас  қыз  он  жылдық  білімін 

алған  соң,  Алматыға  жол  тартады.  Бағы 

жанып,  өзінің  армандап  келген  Алматы 

Қыздар  педагогикалық    институтына  оқуға 

қабылданады.  1967  жылы  оқу  бітірген  жас 

маманды  жолдамамен  Қарағанды  облы-

сы  Теміртау  қаласына  жібереді.  Теміртау 

қаласына  Шамсибану  Бірәліқызы  жалғыз 

емес жан-жары Қонысбай Жалғаспен келеді, 

ол кезде сүйіктісі де Алматы политехникалық 

институтын  бітірген  жас  металлург  маман 

еді.


  Сол  жылы,  яғни  1967  жылы  еңбек  жо-

лын  №16  жалпы  білім  беретін  мектепте 

қазақ,орыс тілі пәндерінің маманы бойынша 

бастайды,  Содан  №21  жалпы  білім  беретін 

орта мектепке ауысып, онда қазақ тілі пәнінің 

оқытушысы  болып  қызмет  атқара  жүріп 

өзінің  білімділігін  көрсете  білген  жас  маман 

директордың  оқу-тәрбие  ісінің  орынбаса-

ры  қызметіне  дейін  көтеріліп,  білікті  маман-

ұстаз екендігін дәлелдейді. Осы оқу орнында 

одан кейін мектеп директоры болып қызмет 

атқарады. Теміртау қаласының ұстаздарына 

өзінің әдістемелік біліктілігімен бөлісіп, білім 

саласындағы жаңашыл өзгертулерді дамыту 

үшін Теміртау қалалық білім бөліміне бас ма-

ман болып қызметке келеді. 

Мұғалім  мәртебесі  қаншалықты  маң-

ыз ды,  ұлы  әрі  қастерлі  десеңізші,  оның 

қолында  адам  өмірінің    тұтас  тағдыры  тұр, 

баланың отбасындағы  ата-анасынан  кейінгі 

ақылшысы,  қиын-қыстау  сәтінде  ең  жақын 

жанашыры  ретінде  сезінетіні  де  сенетіні 

ұстаз екенін түсінген Шамсибану Бірәліқызы 

1988  жылы  Теміртау  қаласындағы  жетім 

балалар  үйіне    басшылық  қызметке  бара-

ды.  «Жетім  көрсең  жебей  жүр»деген  халық 

даналығын  көкейіне  түйген  Шамсибану 

Бірәліқызы жетім, панасыз қалған әр ұлттың 

балаларына  аналық-ұстаздық  қамқорлығын 

аямады.Қазақстан  халқы  тәуелсіздігін  алған 

жылдармен бетпе-бет келген қиын да қыстау 

кезде  мекеменің  оның  ішінде  балалардың 

жағдайын  ойлаған,  тығырықтан  шығудың 

жолдарын  іздестірген  Шакең  еш  мойыма-

стан  бұл  қиындықтан  да  абыроймен  өтіп, 

қайсарлы  мінезін  көрсете  біледі.  10  жыл-

дай  жетімдерге  пана  болған  Шамсибану 

Бірәліқызы  1997  жылы  №31  жалпы  білім 

беретін  орта  мектепке  директор  болып, 

ұрпақ  тәрбиесін  жүйелі  түрде  қолға  алады. 

Негізінде  тәрбие  барлық  адамдарға  керек. 

Кейбір үлкендердің өзіне тәрбиенің қажеттілігі 

көрініп  тұрады.  Жалпы  қоғамның  барлық 

мүшесі тәрбиеленбейінше, жас ұрпақ дұрыс 

азамат болып қалыптаса алмайтынын жақсы 

сезінген ұлағатты ұстаз қазақ тілін оқыту мен 

үйретуді  қолға  алып,  белсене  кірісті.бала 

тәрбиесіне терең мән беріп, тәлім-тәрбиенің 

өз ұлтына ғана тән ережелерін, қағидаларын 

қалыптастырып,ұстанымдық  танытты.  Ата-

бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрді қайта 

көтеріп болашаққа сол арқылы тәрбие беруге 

мұғалімдерге үйретіп отырды.

2005  жылы  Ақтау  кентінде  алғашқы 

ашылған  қазақ  мектебіне  Жалғасова,қазақ 

ұлтының балаларын қабылдауға мектеп ди-

ректоры болып ауыстырылады. Өз ұлтының 

жанашыры,тәжірибесі  мол  Шакең  бұл  кезде 

зейнеткерлік жасқа да таянып қалып еді. От-

аны, халқы сенген Шамсибану Бірәліқызы еш 

шаршамастан, қиындығын жеңіп бұл сенімді 

де сабырлы, көрегенділігімен атқар ды. 

  Ұстаздық  қызметімен  қатар  қоғамдық 

жұмыстарға да белсене араласып,өз тәжіри-

бесімен,  жан-жақты  саналы  көзқарасымен 

бөлісе жүрді. 1995 жылы Жамбыл қаласында 

өткен  Әйелдер  форумына  қатысып,  отба-

сы,  ошаққасы  мәселелерімен  қатар  бала 

тәрбиесін  көтерді.  Қарағанды  облысы 

Бұхаржырау  ауданында  өткен  Қазақтар 

құрыл тайына  да  қатысып,  еліміздің  келеңді, 

шешуін таппай жатқан мәселелерін айтып, ат 

салысты.  Семейде  өткен  Абай  бабамыздың 

150  жылдығына,  қазақ  халқының  жанашыр 

тарихи тұлғаларына арналып өткізіліп жатқан 

мерейтойларға белсене қатысып, бір кісідей 

еңбек етуде.

  Қазақ  ССР  Білім  беру  ісінің  үздік 

ағартушысы,    Елбасымыз  Нұрсұлтан 

Назарбаев тың  Алғыс  хатымен,Теміртау 

қаласы әкімі Нұркен Сұлтановтын алтын төс 

белгісімен марапатталған.

  Әйел-  отбасындағы  береке-бірліктің 

ұйытқысы.  Ұлағатты  ұстаз  отбасында  асыл 

жар,ардақты ана, сүйікті әже. Студенттік жыл-

дары сегіз қырлы, бір сырлы жігіт Қонысбай 

Жалғаспен  шаңырақ  көтереді.Жолдасы 

Қонысбай  Жалғас  ұзақ  жылдар  бойы  за-

уытта  еңбек  етіп,зейнеткерлікке  шыққан. 

«Үлгілі  үйдің  ұл-қызы  ұялтпайды»деп 

қазақ  бекерге  айтпаса  керек.  Отбасын-

да  тұңғыштары  Жанар  Астана  қаласында 

еңбек  етіп  отбасын  құрса.шаңырақ  иесі 

Асқар  әке  жолын  қуып  қаламыздағы  зауыт-

та  еңбек  етеді.  Немерелерінің  үлкені  Марат 

болса,қаламыздың  даму  жолында  белсенді 

қызмет  атқарса,  Карина  мен  Алия  мектеп-

гимназия мақтаныштары. Ене тәрбиесін жа-

дында сақтап,үлгілі келін атанган, ата-ененің 

мақтанышы  Мадина  да  халқымызға  қызмет 

етуде.

  Құрметті    Ұстаз-ананы  мерей  тойы 



70  жасқа  келуімен  барлық  қала  халқы 

құттықтайды.

  Еңбекке  ерте  араласып,  ұлағатты  өмір 

мектебінен  өткен  Сіздің  еңбек  жолыңыз 

бізге  үлгі.  «Қыран  –түлегіне  қайыспас  қанат 

сыйлайды,  ұстаз-  шәкіртіне  талмайтын  та-

лап  сыйлайды»  дегендей  тәлімгерінен  тал-

майтын  талап  алып,  өмір  теңізіне  құлаш 

ұрған кез-келген шәкірт ұлағатты ұстазымен 

мақтанады.  Олай  болса  Сіздей  ұстазбен 

еңбек еткенін, сіздің тәрбиеңізді алған әрбір 

мұғалім  мақтан  тұтады.  Әр  маманды  адал 

еңбекке,  қажырлылыққа,  ізденімпаздыққа, 

адамгершілікке  баули  білдіңіз.  Сондай-ақ 

табандылықпен  еңбек  етіп,алдымызға  биік 

мақсат  қоюды  үйреттіңіз.  Бүгінгідей  мерейлі 

сәтте  Сізге  ақ  ниетпен  мықты  денсаулық, 

қажымас  күш-қайрат,  ортаймас  нәсібе-

дәулет  тілейміз.  Әрдайым  отбасыңыз  аман, 

жүзіңіз  жарқын,  мерейіңіз  үстем  болып,  биік 

шыңдарға жете беріңіз! 

Гүлбарам ҮСЕНОВА,

№31 жалпы білім беретін

мектептің директоры

Қазақ ССР Білім беру ісінің үздік ағарту шы сы, Академик 

Журов атындағы оқу-ағарту саласының үздігі 

Шамсибану Бірәліқызы 70 жаста



Қ

қ

5



№ 5 (07) 6 ақпан 2015 жыл

Төрт құбыла

–  Биылғы  жыл  барша  қазақстандықтар 

үшін  ерекше,  өйткені  алдағы  уақытта 

Қазақстан  халықтары  Ассамблеясының, 

Конституцияның  20  жылдығы,  Ұлы  Жеңіске 

және  Теміртаудай  тұғырлы  қаламызға  70 

жыл  толады.  Осыған  орай  жас  ұрпақ  та-

рих  тереңіне  бойлап  өзінің  өткенін  біліп,  

ерлік  даңқын  ғасырларға  жалғастырып,  өз 

елін,  жерін  сүюдің,  қорғаудың  қаншалықты 

қастерлі,  абыройлы  міндет  екендігін  ұғын-

бақ.  Осыны  басшылыққа  ала  отырып,  біз 

бүгін  бір  топ  бозбалаларға  олардың  есепке 

алынғандығы  жөнінде  куәлікті  салтанат-

ты  түрде  тапсырмақпыз,  –  дейді  қалалық 

Қорғаныс  істері  жөніндегі  басқарма  басшы-

сы, полковник Қайрат Әбішев.

Салтанатты  дейтіндей  жөні  бар,  бұл 

шараға  қаламыздың  қарт  тұрғындары,  Ұлы 

Отан  соғысының  ардагерлері,  тоқсан  жеті 

Патриоттық тәрбие



Əрбір жасөспірім он жеті жасқа толып, бозбала атанған 

соң, əскери комиссариатқа есепке алынып, медициналық тексеру-

ден өтеді. Бұл олардың алдағы уақытта өздерінің қасиетті де 

қастерлі борышы – Отан қорғауға басқан алғашқы қадамдары 

болып есептелінеді. Сондықтан қаламыздағы Қорғаныс істері 

жөніндегі басқарма жыл сайын мұндай маңызды шараны 

ұйымшылдықпен өткізіп, жастармен кездесіп, алдыңғы буын 

– ардагерлермен дидарласып, аға ұрпақтың жастық жігерімен 

атқарған істерін, көрсеткен ерліктерін үлгі-өнеге етуді дəстүрге 

айналдырған. Осындай тəрбиелік-танымдық маңызы ерекше  

шара өткен аптада болды.

жастағы  Василий  Тимофеевич  Зайцев  пен 

тоқсандағы  Яков  Алексеевич  Исаев  сын-

ды  қарт  жауынгерлер  мен  Ауған  соғысына 

қатысқан 

интернационалист 

сарбаздар 

қатысты.  Әуелі еліміздің гимні орындалғанда 

жиналғандар  оң  қолдарын  жүректерінің 

тұсына қойып, ерекше күй кешті.

–  Патриотизм  деген  сөздің  өзі  терең 

мағыналы,  Отанды,  жерді,  елді  қорғаумен 

қатар ер жігіт қажет болса қанын да төгеді. Біз 

бұл  жайында  кешеден  бүгінге  жеткен  талай 

ерліктерден білеміз, – дейді мұндағылар бір 

ауыздан.


Қаламыздағы  әскери  комиссариат  өз 

міндеттерін  мінсіз  атқарып,  көктемгі  және 

күзгі  әскерге  шақыру  науқандарымен  қатар 

осындай    жастарды    патриотизмге  тәр  -

биелейтін  шараларды  да  тұрақты  түрде 

өткізеді.  Жыл  өткен  сайын  әскер  қатарына 

алынып,  Отан  алдындағы  азаматтық  бор -

ыш  тарын  өтеуге  ниет  білдіретіндер  қа-

та ры  көбейген.  Дегенмен,  ең  бірінші  кез-

екте    ниет  пен  денсаулықтың  сәйкес  келуі 

маңызды,  сондықтан  дәрігерлер  бақы лауы-

нан  өтіп,  денсаулығында  ешқан дай  кінәрат 

болмағандардың  ғана  жолы  болады.  Жасы-

ратыны жоқ, әскер қатарына аттанып, әскери 

борышын  өтеуден  қашқақтайтындар  да 

жоқ  емес,  еліміздегі  бұл  саладағы  заңдарға 

бірқатар  өзгерістер  енгізіліп,  мұндайларды 

жауапкершілікке  тарту,  тіпті  айыппұлдан 

басқа үш жылға дейін бас бостандықтарынан 

айыру  шарасы  да  көзделген.  Дегенмен  

Қорғаныс  істері  жөніндегі  басқарма  өз  жо-

спарларын жүз пайыз орындап отыр. 

Салтанатты шарада жастарға ақ тілектер 

айтылып, олардың нағыз патриот болулары-

на жылы лебіздер білдірілді.

–  Мен  биыл  97  жасқа  толамын,  міне, 

өздерің  көріп  отырғандай,  денім  сау,  қи мы-

лым  ширақ.  Біздің  жастық  шағымыз  қиын-

қыстау  кезеңмен,  сұрапыл  соғыспен  тұспа-

тұс келді. Барлық қиындықтарға төтеп беріп, 

жастық жалынымызды Отан қорғауға, содан 

соң  бейбіт  еңбек  ырғағын  үдетуге  арнадық. 

Менен  «ұзақ  өмір  сүрудің  сыры  неде?»  деп 

сұрасаңыздар,  жауабым  мынау:  Ол  үшін 

адамға  үш-ақ  нәрсе  қажет,  олар:  махаббат, 

еңбек және мейірім. Осы үш қасиет әрбіріңнің 

бойыңда  болуы  тиіс.  Осы  үшеуі  адамды 

жақсылықтарға,  ерліктерге,  адамгершілікке 

жетелейді,  –  деді  соғыс  ардагері  Василий 

Зай цев.


Әскери комиссариат тарапынан ардагер-

лерге  сыйлықтар  тапсырылды.  Ал  жастарға 

олар өз қолдарымен есепке алынғандары ту-

ралы куәлік тапсырып, сәттілік тіледі.



Руза АЛДАШЕВА

Университет оқытушылары: 

филология ғылымдарының 

кандидаттары, доценттер Жан-

дос Шекенұлы, А.М. Бабашов, 

Т.Т.Пірімбетов, З.Н.Жуынтаева,  

А.З.Қазанбаева, М.А.Тұрсынова, 

Қ.М.Қалиева және профессор 

А.С.Әділова тіл және әдебиет 

саласына қатысты «Ежелгі дәуір 

әдебиеті», «Жыраулар поэзиясы», 

«ХІХ-ХХ ғасыр әдебиеті», «Қазақ 

әдебиетін оқыту әдістемесі», 

«Синтаксис», «Сөзжасам», 

«Морфология», «Тіл мәдениеті», 

«Мәтінді лингвистикалық талдау», 

«Орфография» тақырыптарында 

Оқу ордаларында



«Мұғалімдер – қоғамның ең 

білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз 

келсе, ең «сынампаз» бөлігі 

болып табылады»,- деп Елбасы 

Н.Ә.Назарбаев айтқандай, 

бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге 

білікті маман, өз ісінің шебері 

қажет екендігі баршаға мәлім. 

Осы шеберліктің төңірегінде 

жақында № 10  жалпы білім 

беретін орта мектебінде 

«Теміртау қаласының білім 

беру, дене шынықтыру және 

спорт бөлімі» мемлекеттік 

мекемесінің ұйымдастыруымен 

Қарағанды Мемлекеттік 

Университетінің және 

«Болашақ» Университетінің 

филология факультеттері 

оқытушылары «Мұғалімдердің 

педагогикалық шеберлік 

деңгейін жетілдіру» 

тақырыбындағы оқыту се-

минарын өткізді. Семинарға 

қаланың барлық мектептерінің 

қазақ тілі мен әдебиеті пәні 

мұғалімдері қатысты.Се-

минар бастамасында №10 

орта мектептің педагог-

ұйымдастырушысы А.Оспанова 

келген ұстаздармен тренинг - 

сабақ өткізді.

өздерінің дәріс беру үлгілерін 

көрсетіп, тіл білімі мен әдебиет 

саласының өзекті мәселелерін 

практикамен жүзеге асыра 

отырып, қарастырып, талқыға 

салды. Семинар барысында 

университет оқытушылары мен 

мектеп мұғалімдері арасындағы 

педагогикалық шеберлік деңгейді 

жетілдіріп, өзара шеберлікті 

ұштастыру негізделді. Шебер 

педагог – білімді, тәжірибесі мол, 

жан-жақты болуы, оқушыларды 

жеке тұлға етіп қалыптастыру 

мақсатында білім мен тәрбиені 

ұштастыра алуы қажет. Әр 

оқушының дарындылығын 

айқындау, олардың дамуына 

қолайлы жағдайлар жасау үшін 

мектеп пен университет арасында 

тығыз байланыстың болу керектігі 

де айтылды. Енді алдағы уақытта 

жоғарғы оқу орын оқытушылары 

білім саласы қызметкерлеріне

мектеп мұғалімдеріне ғылыми-

әдістемелік көмек көрсететін 

болады. Сонымен бірге универси-

тет оқытушылары Теміртаудағы 

тіл мамандарының семинардағы 

белсенділігін, сұрақ-жауап 

барысындағы сауаттылығын және 

мемлекеттік бағдарламаның орын-

далысына көп көңіл бөлетіндерін 

атап өтті. Осындай алқалы 

семинарды өткізуге атсалысып, өз 

үлесін қосып отырған  «Теміртау 

қаласының білім беру, дене 

шынықтыру және спорт бөлімі» 

мемлекеттік мекемесінің бас-

шысы Б.Р.Рахимова басқарып 

отырған білім ордасының де елеулі 

еңбектерінің бірі дейміз.       

Семинар соңында осы мек-

теп ұжымының іскер басшысы 

К.Т. Есенбаева педагогикалық 

шеберліктің негізгі белгілеріне 

тоқталып, әр мұғалім өзінің кәсіби 

шеберлік деңгейін жетілдіріп, со-

нымен қатар оқушыларға сапалы 

білім берудің мәселелерімен 

айналысып, оқытудың озық тех-

нологиялары бойынша зерттеу-

лер жүргізіп,озық әдістемелерін 

жинақтап отыру керектігін атап 

айтты. Семинарды қорытындылау 

кезінде қалалық білім бөлімінің 

әдіскері А.Ш.Құсайынова мен 

№10 орта мектептің педагог-

ұйымдастырушысы А.С.Оспанова 

семинардың қорытынды рефлек-

циясын өткізді.  

Мұндай кездесу әдістері 

келешекте мұғалімнен үздіксіз 

ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп 

отыруды талап етеді. Өйткені 

еліміздің ертеңі – бүгінгі жас 

ұрпақтың қолында. Ал ұрпақтың 

білімді,саналы болуы ұстаздарға 

байланысты екені сөзсіз.



Дəмет ХАСЕНОВА,

№10 орта мектептің

қазақ тілі мен əдебиеті пəні 

мұғалімі

Тəуелсіз елге – білікті маман

№ 5 (07) 6 ақпан 2015 жыл

Қ

қ



6

Ырыс алды – ынтымақ

Қазақстан халқы Ассамблеясына – 20 жыл

Татулық– 

табыс 

кiлтi


ҚР статистика 

агенттігінің мəлі меттеріне 

қарасақ, Қазақстанда жүз 

отызға жуық этнос, ұлт 

өкілдері тұрады. Соның 

он миллиондайы  жердің 

иесі – қазақ халқы болса, 

одан кейінгі орында төрт 

миллионға жуық адам са-

нымен орыстар тұр. 11 300 

грек өкілі саны жағынан 

жиырма екінші орында.

–  Теміртауда  және  қала 

маңын дағы 

елді-мекендерді 

қоса  есептегенде  мыңнан  аса 

грек  тұрады,  біздің  аталарымыз 

Қазақстанға соғыс кезінде Дағыс-

таннан  жер  аударылған.  Менің 

өзімнің  отбасым  туыс қан дары-

мыздың  қасында  болуы  үшін 

кейінірек көшіп келген. Металлург-

тер қаласында №13 орта мектепті 

бітіргеннен  кейін  Алматыдағы 

ҚазМУ-ды  аяқтап,  туғандай  бол-

ған өскен ортама оралдым. Міне, 

содан  бері  мамандығым  бойын-

ша  еңбек  етіп,  бүкіл  ғұмырымды 

Теміртауда 

өткізіп 

келемін, 

ұрпағым  да  осында  өсіп-өнуде,  –

дейді Деспина Ивановна.

Басында  «Гермес»,  кейінірек 

«Понтос»  атанған  бұл  грек  этно-

мәдени  орталығының  жұмысы 

облыс  ғана  емес,  республика 

деңгейінде  әріптестеріне  үлгі  бо-

лып жүр. Жалпы Қазақстан бойын-

ша он грек этно-мәдени орталығы 

жұмыс  істеп  келеді,  бір-бірімен 

тығыз байланысты, іс-шараларды 

бірге  өткізеді,  республикалық 

бәсекелерге  бірге  қатысады. 

Олардың  бәрін  өздерінің  ұлттық 

ерекшеліктерімен  бөліну  үшін 

емес,  сонау  бір  сұрапыл  жыл-

дары  бір  үзім  нанымен  бөліскен 

қазақ  елін    қадірлеу  рухын-

да  жасайды.  Жалпы  елімізде  

қоғам дық  және  саяси  өмірге 

белсене  араласып  жүрген  грек-

тер  баршылық.  Солардың  бірі  

ғалым  Г.Ксандополо:  «Бір  адам-

да  екі  отан  болмайды,  оның 

үлкені  де,  кішісі  де  жоқ.  Біздің 

Отанымыз  Казақстан,  ал  Гре-

кия  ата-бабаларымыздың  меке-

ні,  атажұртымыз»  дейді.  Сон-

дықтан  да  қазақстандық  гректер 

республиканың басқа халық тары-

мен бірге қоян-қолтық еңбек етіп, 

елдің  гүлденуіне,  экономиканың 

дамуына өздерінің үлестерін қосу-

да.  Ес  білгелі  орысша  оқып,  сол 

тілде  сөйлесе  де  Деспина  Каса-

пиди отбасы ана тілін білетін және 

қадірлейтін  жандар  екенін  атап 

айтқан  жөн.  Бұл  дәстүрді  оларға 

ата-аналары сіңірген. 

–  Кеңес  үкіметі  кезінде  сол 

кездегі  үрдіс  бойынша  кімнің 

қандай ұлттан екеніне мән берме-

дік, ал тәуелсіздік алғаннан кейін 

әр ұлттың тату-тәтті өмір сүруімен 

қатар  өзінің    ұлттық  ерекшелігін 

дамытуына  жол  ашылды.  Тіпті 

тұтас  халық  өз  тағдырын  өзі 

белгілейтін 

дәрежеге 

жетті, 


осындай  еркіндіктің  нәтижесінде 

Ассамблея  құрылды.  Ал  біздің 

Теміртауда  осы  күнге  дейін 

Біздің Теміртау қаласында жүзден аса ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады, 

олардың бəрі де егемен елдің  мейірімін еркін сезініп, қалауымен өмір 

сүруде. Оннан аса ұлттық этно-мəдени бірлестіктер жұмыс істейді, 

солардың ішінде халықтық салт-дəстүрлерін, əдет-ғұрыптарын, 

тілі мен дінін, ділі мен қасиеттерін одан əрі дамытып, Қарағанды 

аймағындағы осындай елу бірлестіктің арасында лайықты орын алып 

отырған «Понтос» грек орталығының жұмысы республикаға танымал. 

Ол Қазақстан халқы Ассамблеясынан кейінірек, осыдан он бес жыл 

бұрын құрылған еді. Бірлестік жетекшісі, қалаға танымал қоғамдық 

қызметкер Деспина Ивановна Касапиди еліміздің «Құрмет» орденімен 

марапатталған. 

белсенді жұмыс істеп келе жатқан  

орталық  есігін  ашты,  –  дей  келе 

Деспина  Ивановна  металлургтер 

мекенінде және оның жанындағы 

ауылдарда  өсіп-өркендеп,  жан-

жақты  дамыған  грек  өкілдерінің 

есімдерін атады. Олардың қат ар-

ын  да теміртаулықтар атын жақсы 

білетін,  құрметтейтін,  өнеріне 

тәнті  болып  жүрген  азаматтар 

баршылық.  Соның  бірі  Теміртау 

әдебиетінің  патриархы  атанған 

Григорий  Григориади  ақын  бір 

өлеңінде  Теміртауды  Қазақстан 

атты  мұхитта  жүзіп  жүрген  алып 

лайнерге  теңеген  екен.  Ұзақ  жыл 

темір  қорытқан  металлург  Иван 

Николаиди,  ғалым  Иван  По-

нандопуло,  суретші  Валентин 

Лазареди,  Иван  Елефтериади, 

хирург-дәрігер Анастас Касапиди, 

кәсіпкер,  облыстық  мәслихат  де-

путаты  Иван  Георгиади  есімдері 

темиіртаулықтар  үшін  мәртебелі 

де мерейлі. 

«Понтос»  грек  этно-мәдени 

орталығы  қаланың    түрлі  мере-

ке леріне  арнап  мәдени  шара-

лар  өткізіп  тұрады.  Осыдан  екі 

жыл  бұрын  Қазақстан  халқы 

Ассамблеясының  Астанада өткен 

бір  жиынында    он  екі  адамнан 

құрылған  теміртаулық  гректер 

ұлттық  «Сиртаки»  биін  билеп, 

Елбасының  ерекше  ризалығына 

бөленгені  бар.  Сондай-ақ  ұлттар 

мен  ұлыстар  арасындағы  дос-

тық ты,  сыйластықты,  төзімділікті 

жоғары деңгейде дамытуға қосқан 

үлесі  бағаланып,  облыс  әкімінің  

ақшалай грантын да жеңіп алды. 

Тәуелсіздік  арқасында  кел-

ген  еркін  даму,  әр  ұлттың  өзін  

этнос  ретінде  дамуына  қолай-

лы  жағдай  тууы  шынында  да  

ұлттық  үрдістерді  оятты.  Мұны 

Д.Касапидидің  мына  бір  әңгіме сі-

нен байқадық.

–  Гректер  балаларды  өздері-

нің  жақсы  әдептері  арқылы  тәр-

биелейді,  бір  ерекшелігі,  олар 

ұрпақты  тек  сөзбен  ғана  емес, 

өздерінің  іс-әрекетімен  тәрбие-

леуге  мән  береді.  Сөйтіп,  үлкен 

кісілер  бар  жерде  балалар  да 

қысылмай,  емін-еркін  әңгімеге 

араласады.    Сонымен  бірге  грек 

халқында жаңа жылда әр үйге ба-

рып,  есіктен  кіре  ән  айту,  жақсы 

тілектер  айтып,  билеу,  ықыласты 

көңіл-күйді  білдіру  сияқты  жақсы 

дәстүр бар. Мұны халқымыз коли-

ада деп атайды, – дейді жетекші.

Ал мұндай дәстүр біздің қаз ақ-

та да бар, мәселен, айт мейрамы 

кезінде жастар, бала-шаға үй-үйді 

аралап,  сыртына  таянған  кезде 

жарапазан  айтатын  дәстүріміз 

бар емес пе? Гректердің колиада-

сы  дәл  осы  жарапазанға  келетіні 

екі  ұлттың  арасындағы    бір  та-

маша  ұқсастық  болып  шықты. 

Біз  Еуропадағы  ата-жұрт-Грекия 

елімен  қандай  байланыс  бар, 

ондағы экономикалық, әлеуметтік 

жағдай  қазақстандық  гректерді 

толғандырады ма?» деген сұраққа 

жауап іздедік.

Деспина  Ивановнаның  өзі 

осыдан оншақты жыл бұрын  жи-

ырма  мектеп  оқушысын  бастап 

атажұртқа  туристік  саяхат  жа-

сап  қайтқан.  Сонда    жергілікті 

тұрғындар  қазақстандық  гректер-

дің  жан-жақтылығына,  әсіресе 

бұрынғы  тарихи  әңгімелер  мен 

аңыздарды  жатқа  білетіндігіне 

таңданысқан  көрінеді.  Олар  тоқ-

сан ыншы  жылдары  Қазақс тан нан 

үдере  көшкен,  ата-жұртқа  қоныс 

аударған  грек  отбасыларымен 

байланыс жасап тұрады. 

– Бір өкініштісі, олар байырғы 

эллиндік грек тілін жетік білмейді, 

көбі  не  орысша,  немесе  понти-

ша  сөйлеседі.  Сондықтан  толық 

сіңісіп  кетуі  қиын.  Тұрмыстық 

және  қазіргі  дағдарысқа  бай-

ланысты 


қиыншылықтар 

да 


баршылық.  Қазір  олардың  көбі 

Германияға барып, сонда тұрақты 

жұмыс  тауып,  күн  көруде.  Ал  біз, 

қазақстандық  гректер  өзіміздің 

бүгінгі  немесе  ертеңгі  жайымыз 

туралы  ешбір  қиналмаймыз, 

ертең не болады деп ойламаймыз 

да. Өйткені бәріміз Қазақстанның 

болашағына  сенеміз,  мұндағы 

гректер  Еуропадағылардан әлде-

қайда  білімді,  табысты  екенін 

көріп  отырмыз,  –  дейді  Деспина 

Ивановна үлкен мақтанышпен. 

Биыл Қазақстан халқы Ассам-

блеясының  20  жылдығы  ата-

лып  өтіледі,  2015  жыл  Ассам-

блея  жылы  деп  жарияланды. 

Елбасының  өзі  «Елдің  тұтастығы 

мен 

бірлігі, 



татулығы 

мен 


тыныштығы ең басты назарда. Ал 

Ассамблея  болса  осындай  өршіл 

рухты дамытуға жол ашып келеді» 

деп  үлкен  мақтаныш  сезіммен 

айтқан 

болатын. 



Сондықтан 

теміртаулық  гректер  де  өздерінің 

сүйікті Отаны Қазақстан деп біледі 

және келешегін де, ұрпақтарының 

дамуын да осы қазақ елімен бай-

ланыстарады.  Ана  бір  жылдары 

қаладағы  «Мұз  айдыны»  сарай-

ында  ел  Президентінің  іс-сапары 

кезінед  үлкен  жиын  болғанын 

ұмыта  қойған  жоқпыз.  Сонда 

этно-мәдени  орталық  жетекшісі 

Д.Касапиди  сөз  алып:  «Тама-

ша  саяси  бағыт  ұстап  отырған 

Президентімізге  мың  алғыс  айта-

мыз,  туған  еліміз  ешқайда  емес, 

дәл  осы  Қазақстанда,  біз  тұрған 

жерде.  Өйткені,  мұнда  әр  ұлт 

өзара  тең,  бұл  теңдік  күнделікті 

тұрмыста  да  көрінеді.  Ассам-

блея  әлемдегі  барлық  елдерге 

үлгі болып отыр» деген еді біздің 

кейіпкеріміз.  Бұл    сөздер  тегін 

емес, шынында да Қазақстандағы 

он  екі  мыңға  жуық  гректердің 

бәрінің  жүрек  лүпілі,  ой-арманы 

бір  мүддеге  тоғысқан,  тілі  басқа 

болса да тілегі бір, түрі басқа бол-

са  да  жүрегі  бір  грек  халқының 

өкілдері  Қазақстандағы  он алты 

миллион  халықтың    бәрімен 

қол  ұстаса  тату-тәтті  жағдайда  

ынтымақ пен бірлікте өмір сүруде. 

Олар  қазақ  халқының    «Ырыс 

алды  –  ынтымақ»  деген  сөзін 

жүректеріне мықтап түйген. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет