Абай Теміртау қалалық əлеуметтік-ақпараттық газет 6 ақпан жұма 2015 жыл №5 (07)



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата06.03.2017
өлшемі9,9 Mb.
#7755
1   2   3   4   5

Руза АЛДАШЕВА,

«Құрыш қала KZ» газетінің бас редакторы,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Тау көріп арқа сүйер Жанас ағам...

№ 5 (07) 6 ақпан 2015 жыл

Қ

қ



12

Соңғы бет

МЕНШІК ИЕСІ:

 «Құрыш қала KZ» газетінің 

редакциясы» ЖШС

Құрылтайшысы әрі директоры



Т. СМАҒҰЛОВ

Бас редактор Руза АЛДАШЕВА

Техникалық редактор: 

Қарлығаш БЕЙСЕНҚЫзЫ

Мақала авторының пікірі редакция көзқарасын білдірмейді, жарнама мәтініне тапсырыс беруші жа уап

 

ты.


 Газетте жарияланған матери алдар мен суреттерді сілтемесіз көшіріп басуға болмайды.

Редакция мекен-жайы: Теміртау қаласы, Блюхер көшесі, 13 үй, 237 кабинет. 

Телефон: 8 (7213) 44-76-62. Телефон/факс: 8 (7213) 98-16-11 Электронды поштамыз: 



khurysh_khala_KZ@mail.ru

Газетті  есепке  қою  туралы  №  15007-Г  куәлікті  2014  жылғы  18  желтоқсанда 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі 

Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті

Мерзімді баспасөз басылымын және ақпараттық агенттік берген. 

Газет айына төрт рет шығады

Тапсырыс 07

Тиражы 1000 дана.

Форматы А-3. Көлемі 3 баспа табақ.

Офсетті басылым: Газет «Құрыш қала KZ» газеті редак циясында теріліп, беттелді. 

Газет «Арко» ЖШС баспаханасынан басылды. 

(Қарағанды қ., Сәтбаев к., 15 үй). Индекс 64023

Имандылық

Бабалармыз  айтып  кеткендей:                                                                                                                                       

                                                                               

«Үш   түрлі   адам   қоғамды  

құртады. Шала  дәрігер, шала 

молда,  шала  тіл маманы. Шала  

дәрігер  денсаулықты құртады. 

Шала  молда  дінді   бұзады. Шала  

тіл  маманы   тілді бұзады. Бұл 

үшеуі бұзылса қоғам бұзылады». 

Бұл   алдыңғылардың  сөзі болса, 

қазіргі уақытта  «шала молда дінді 

де денсаулықты да бұзады, бұзып 

жатыр да» деуге тура кеп тұр. 

Шала сауатты шейхсымақтардың  

себебімен  ушығып,  әсері қоғамда 

күрделеніп  тұрған  мәселелердің  

бірі – жас балаларға екпе егу. 

Екпе  егу дінге  қайшы,  екпе  егу  

тағдырға  қарсы  шығу, екпе  егу  

Аллаға  тәуекел етпеу т.б с.с 

сөздерді  жиі  еститін  болдық. Шы-

нында да ислам діні екпеге қарсы 

ма? Екпе егу Алланың тағдырына 

қарсы шығу ма? Бұл мәселеде 

Жат ағымдармен күрес 

тыңғылықты жүргізілуде

Аллаға    шүкір! 

Қазіргі   таңда  

дініміз   Ислам  

күннен   күнге  

қанат жайып, 

ауқымы кеңейіп 

келе жатқаны 

баршамызға мəлім.    

Жастарымыздың    

ислам    дініне  де-

ген  қызығушылығы  

арта   түсуде.

Балаларға екпе 

егуге дініміз не 

дейді?

Алайда, бір жақсылық ,бір 

жамандық  қатар жүреді   демекші,  

хақ  дініміз  Исламның  қарқын   

алып  алға жылжуына  кертартпа   

кер   ағымдардың да   кері  әсері  

болмай жатқан жоқ. Дін атын 

жамылған   кейбір   бауырларымыз   

Құранның,   хадистің  ақиқатына   

бармай  шала  сауаттылығымен  

жұртшылықтың алдында   теріс    

түсінік   беріп   жүргені де  белгілі.  

Теміртау  қаласы  бойынша  үш   

мешіт   хақ дініміз  Ислам  жо-

лында, имам Ағзам  Әбу Ханифа   

мәзхабы   бойынша    халыққа  

қызмет   етуде. Қазір үш  мешітте  

де  дәстүрлі  дінімізді  насихат-

тау жолында  өскелең  ұрпаққа   

дініміздің   құндылықтарын  

түсіндіру, үйрету   үшін   күнделікті  

дәріс  оқытылуда. Бұл дәріске жа-

стар мен қатар  үлкендерде  келіп  

білім  алуда. Сонымен  қатар,   

бесін  және  ақшам  намаздары-

нан  кейін,   Теміртау    қаласы   

Орталық   мешітінде    әр  сенбі  

сайын  құптан  намазынан  кейін  

экстремизм, терроризмге  қарсы  

уағыз   тұрақты  жүргізіліп  келеді.  

Уағызға    Қарағанды  облысы  бой-

ынша өкілі,  Орталық  мешіттің  бас 

имамы  Өмірзаққажы  Бекқожаұлы,  

Жезқазған  өңірінің  өкілі   

Қалдыбек қажы  және   елімізге  

танымал  дінтанушы   ғалымдар  

келіп  дәріс өткізіп  тұрады. 

Теміртау қаласында да  ондай 

ағымдардың  ұшқыны жоқ емес. 

Осындай    бауырларымыздың    

кесірінен  халық арасында кейбір 

мәселелерде түсінбеушілік  

пайда бола бастады. Соның бірі 

балаларды   алдын-ала   ауру-

дан   сақтандыру  мақсатында   

егілетін  әртүрлі  екпелерге  

тыйым  салу  шариғатта  дұрыс 

емес, ол   ислам бойынша күнә 

деген  ұғым қалыптастырып, 

осының салдарынан  кейбір 

дінге  енді ғана  бет бұрып жүрген 

мұсылман бауырларымыз балда-

рын  уақытылы  егілетін  екпеге  

апарудан   бас   тартуына   себеп  

болып  жүр.Әрине,  мұның салда-

ры  ертең  ол баланың  ауруының 

асқынуына , түрлі  вирустарды  

тез қабылдауына  бір  сөзбен  

айтқанда  аурушаң болып, бүгінгі  

таңда  өркениетті  қоғамда   әлсіз  

болып  өсуіне  үлкен  бір  себеп. 

Бұл тек  кертартпа ағымдардың 

кері әсерінің біреуі ғана. Осыны  

ескере отырып, Теміртау   қалалық   

орталық    мешіті «балаға екпе  егу-

ге  дініміздің  көз- қарасы қандай»  

деген  сұраққа   жалпы  халыққа  

түсінікті  болсын  деген  мақсатпен 

«Шапағат» деструктивтік  діни  

ағымдардан жапа шеккендер-

ге көмек  орталығы   ҚҚ-ның   

төрағасы,  теолог-дінтанушы Ерсін  

Әміренің   балаларға  екпе  егуге  

байланысты діннің  көзқарасын 

анықтап  берген   мақаласының  

төмендегі  толық  нұсқасын  беріп    

отырмыз.

ислам ғалымдары қандай 

ұстанымда? Осы сауалдарға жау-

ап қарастырсақ.  

Екпе егу Пайғамбарымыз 

саллалллаху алайхи уа сәлләмнің 

дәуірінде болмағаны анық. Сол 

үшін де тікелей «екпе егуге болады 

немесе болмайды» деген хадис 

кездестіре алмаймыз. Олай болса, 

бұл мәселе шариғат негіздері мен 

нормаларына қайшы ма деген 

тұрғыдан қарастырылуы қажет. 

Екпеге діни негізде қарсылық 

білдірушілер де осы тұрғыдан 

харамға шығаруға тырысады. 

Олар «әлі келмеген, келуі күмәнді 

болған аурудан қорқып екпе егу – 

Алланың тағдырына қарсы шығу, 

болашақты болжау. Бұлай істеу 

-харам» дегенді алға тартады. 

Әлі болмаған пәленің алдын 

алдын алу дінге қайшы емес. 

Керісінше асыл дініміз «ауырып ем 

іздегенше, ауырмайтын жол ізде» 

деген қағидатты мұсылмандарға 

үйретеді. Оған пайғамбарымыздың 

«Кімде-кім таңертең (Медине 

қаласының) әжуа құрмасынан жеті 

данасын жейтін болса, сол күні 

оған сиқырдың және удың зияны 

жетпейді» деген хадисі дәлел бо-

лады. Бұл хадисті екпе егудің дінге 

қайшы еместігіне дәлел ретінде 

шейх ибн Баздың өзі де келтіреді. 

Ол кісі елімізде көпшілік ерушілері 

екпе егуге қарсы болған сәләфия 

ағымының бетке 

тұтар шейхтарының бірі екендігі 

мәлім. Сондай-ақ, жеті құрма жеу 

болашақты болжау болмағандай, 

екпе егу де болашақты болжау 

емес. Жаңбыр жауса қолданамын 

деген ниетпен қол шатыр сатып 

алған адамды ешкім «харам 

істедің, тағдырға қарсы шықтың, 

тәуекел етпедің» дей алмас. 

Сондай-ақ, пайғамбарымыздың 

дүние есігін жаңадан ашқан 

нәрестеге қатысты жасалатын 

сүннеттеріне қарайтын болсақ, 

қазіргі күннің екпесіне ұқсас амал-

ды көруге болады. Ол да болса 

«тахник» сүннеті. Яғни нәрестенің 

әкесі немесе ізгілер қатарынан 

деп саналған бір кісі өзі шайнаған 

құрманың сөлін алып баланың 

таңдайына жағып, ары-бері 

жүргізеді. Үлкен адамның сөлінде 

аз мөлшерде микробтардың 

болатындығы белгілі. Осылайша 

түрлі микроб-вирустарға қарсы 

иммунитеті жасанды түрде 

(қолдан) күшейтіледі. 

Бір жамандықтың алдын алу 

шаралары Аллаға тәуекел 

етуге қайшы келмейді. Керісінше 

пайғамбарымыз, түйесін еркіне 

жіберіп қойып, тәуекел етемін де-

ген кісіге, «түйеңді байлап қойып, 

сосын тәуекел ет» деген. Хазіреті 

Омар аурудың алдын алу, сақтық 

шараларын жасауды «Алланың 

тағдырынан Алланың тағдырына 

қашу» деп түсіндірген. Себебі, 

ауыру да, ауырмау да Алланың 

тағдырынан болып табылады. 

Осы орайда Сириялық ғалым 

Мухаммад Ротиб ән-Нәбулсидің 

сөзімен бөліскім келіп отыр. Ол 

кісі дәрістерінің бірінде адам 

иммунитетінің жұмыс істеу жүйесін 

түсіндіреді. Иммунитет ерекше 

қызық жаратылыс екен. Оны 

аурумен күресуде бес топтан 

тұратын әскерге ұқсатуға болады. 

Бірінші топ дененің вирус, микроб 

түскен жеріне барып, вирустың 

кодын алып, антивирус жасайтын 

екінші топқа әлгі кодты табыстай-

ды. Екінші топ сол код бойынша 

қарсы қару жасайды. Үшінші топ 

сол қарумен барып вирус түскен 

жерде шайқасады. Ең қызығы 

иммунитеттің мәліметтер сақтау 

қоймасында әр бір адам денесіне 

түскен вирусқа жеке папка ашы-

лады. Ішінде вирустың коды және 

оған қарсы қару. Әлгі вирус отыз 

жылдан кейін қайта түссе папкада 

сақтаулы тұрған код бойынша 

қарсы қару іске 

қосылады. Егер иммунитетте осы 

есте сақтау қабілеті болмағанда 

екпе егудің түкке де пайдасы бол-

мас еді. Мұны білген адам екпені 

де түсінеді деп сенемін. 

Бәрін айт та бірін айт дегендей, 

қандай жағдайда болса да дінді 

қалқан етіп екпе егуге қарсы тұру 

надандық. Діни мәтіндерден екпе 

егуді қолдайтын дәлелдер табуға 

болады, бірақ қарсы тұратын 

дәлелдер кездеспейді. Сол үшін 

де Ислам әлемі ғалымдарының 

барлығы дерлік екпе егудің 

қажеттілігі мен дұрыстығын айтып 

отыр. Сауд Аравия елінің шейх-

тары да осы пікірде. Олай болса 

өзіміз білмеуден, білгеннің тілін 

алмаудан сақтанайық ағайын!

                                                                       



Теміртау    қаласының 

Орталық  мешіті

Исламдағы 

отбасының 

маңызы

БИСМИЛЛАХИР 

РАХМАНИР РАХИМ

(Мейірімді және Рахымды 

Алланың атымен бастаймын)

Бүкіл әлемнң раббысы, 

адам баласын жоқтан бар 

етіп, жер жынысы топырақтан 

жаратып, оған серік етіп Хауа 

анамызды жаратып, неке қиып, 

отбасы болуын қалаған күллі 

жаратылыстың иесіне сансыз 

мадақтармен шүкірлер болсын.

Адамдардың сұлтаны 

болған, Алланың жер бетіндегі 

елшісі, пайғамбарымыз 

Мұхаммед Мұстафа (СҒУ) 

айтып кеткеніндей: «Неке –бұл 

менң сүннетім. Кімде- кім менің 

сүннетімді мойындамаса ол 

менен емес» делінген. 

Адам баласын топырақтан 

жаратып, оған жан үрлеп, жер 

бетіне жіберіп және оған серік 

жаратып, олардан ер кісілер мен 

әйел кісілерді көбейтті.

Бізде қандайда бір мәселе 

туындаса, әлбетте бірінші 

Алланың кәләмі Құранға және 

Пайғамбарымыз (СҒУ) ның 

сүннетіне жүгінеміз.Отбасы 

мәселесі де исламда маңызды 

орын алады.Отбасы ұғымы 

тек ұрпақ жалғастығымен 

өлшенбейді. Отбасы – қоғамның 

маңызды бір бөлігі, ұлттың 

бүгіні мен ертеңі. Сол қасиетті 

шаңырақтың сүттей тазалығын, 

шаттығы мен бақытын ақ неке 

одан әрмен бекіте түседі. «Неке» 

дегеніміз үйленуге ниет еткен-

дерге қойылатын діни талаптар-

ды орындай отырып, екі жастың 

қол ұстасып, өз қалауымен бас 

қосып шаңырақ көтеруі. Өйткені 

оның белгілі бір мақсаты бар. 

Аллаһ тағала некенің шарттарын 

тәрк еткен отауға разылық та-

нытпайды.Сондықтан да бір ба-

сын екеу етуге ниеттенген нағыз 

мұсылман некеге тән құмарлығы 

ретінде ғана емес, тұтас бір 

ұлттың, қоғамның болашағы 

ретінде қарай білуі керек. Ал, 

тәндік тояттау мен ләззат алуды 

осындай ұлы мақсатты жүзеге 

асыру үшін адам баласына 

Аллаһтың берген кішігірім сыйы 

деп түсінген жөн. Былайша 

айтқанда, ұлттың байрағын 

желбірететін адамгершілігі 

мол ұрпақ өсіруі үшін берілген 

ынталандыру «сыйлығы» деп 

қабылдау керек.

Бүгінгі қоғамда, әсіресе 

мұсылмандар арасында белең 

алып отырған ажырасу проб-

лемасы көпшіліктің көңілін 

алаңдатуда. Біздің дінімізге, 

қазақ дәстүрімізге жат болған 

бұл мәселе қоғам ішін құртша 

кемірген бұл проблема дер 

кезінде шешімін таппай, осылай 

жалғасын таба беретін болса, 

қазақ халқын қандай қасырет 

төңіректеп жүргенін өздеріңіз 

бағамдай беріңіздер.

                                   



М. ҚҰБЫЛАЙХАНОВ,

қалалық мешіттің найб 



имамы                                                                  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет