Абай Теміртау қалалық əлеуметтік-ақпараттық газет 6 ақпан жұма 2015 жыл №5 (07)



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата06.03.2017
өлшемі9,9 Mb.
#7755
  1   2   3   4   5

Қ

қ

1



№ 5 (07) 6 ақпан 2015 жыл

Құрыш


қала KZ

khurysh_khala_KZ@mail.ru



Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез

.

Абай

  

Теміртау қалалық əлеуметтік-ақпараттық газет  6 ақпан  жұма  2015 жыл   №  5 (07)

Татулық– 

табыс кiлтi

Біздің Теміртау 

қаласында жүзден аса ұлт 

пен ұлыс өкілдері тұрады, 

олардың бəрі де егемен 

елдің  мейірімін еркін 

сезініп, қалауымен өмір 

сүруде. Оннан аса ұлттық 

этно-мəдени бірлестіктер 

жұмыс істейді, солардың 

ішінде халықтық 

салт-дəстүрлерін, 

əдет-ғұрыптарын, 

тілі мен дінін, ділі мен 

қасиеттерін одан əрі 

дамытып, Қарағанды 

аймағындағы осындай 

елу бірлестіктің ара-

сында лайықты орын 

алып отырған «Пон-

тос» грек орталығының 

жұмысы республикаға 

танымал. Ол Қазақстан 

халқы Ассамблеясынан 

кейінірек, осыдан он бес 

жыл бұрын құрылған еді. 

Бірлестік жетекшісі, 

қалаға танымал қоғамдық 

қызметкер Деспина Ива-

новна Касапиди еліміздің 

«Құрмет» орденімен 

марапатталған. 

Білімді ұрпақ – 

ел тірегі

6 - бет


2 - бет

Ашықтық пен 

мөлдірлік 

ұстанымымен

Өткен апта-

да қаламыздағы 

мамандандырылған 

әкімшілік соты 

өткен 2014 жылдың 

қорытындысын 

жасап, атқарылған 

жұмыстары жөнінде 

есеп берді. 

4 - бет


№ 5 (07) 6 ақпан 2015 жыл

Қ

қ



2

Апта-ақпар

Президент тапсырмасына орай

AMG қазақстандық 

әуежайларды оңтайландыру 

мақсатында және ғаламдық 

индустрияландыруға қатысу 

үшін әуе активтерін басқару 

сонымен қатар басқа елдердің 

нарықтарына орта мерзімді 

болашақта шығуды көздейді.  

Қазіргі кезеңде,  Қазақстанның 

6 әуежайының акциялар пакеті 

AMG компаниясына сенімді 

басқаруға берілген. Басқарушы 

компания қолына барлығы 11 

әуежайды шоғырландыру жоспар-

ланып отыр.

Компанияның негізгі мақсаты 

мен міндеттері:

әуежайлардағы ұшуды 

басқарудың қауіпсіздігін 

халықаралық талаптарға 

сәйкестендіру;

жолаушыларға қызмет көрсету 

мен әуежай қызметінің сапасын 

көтеру;

әуежайлардың 



инфрақұрылымын дамытудың 

ұзақ мерзімді жоспарлауды 

өндіріске енгізу; 

әуежай қызметін коммерци-

яландыру арқылы тиімділігі мен 

табыстылығын жақсарту;

есеп беру мен операциялық 

жұмыстарында бірыңғай 

корпоративтік стандарттарды 

енгізу;


әуежай қызметкерлерінің 

Жақында  «Әлем»  балалар  мен  жасөспірімдер  орталығында    қала 

мектептері  мен  Ақтау  кентінің  9  сынып  оқушылары  арасында  «Дара-

боз» атты зияткерлік сайыс  өтті. Екі бөлімнен тұрған сайыстың бірінші 

кезеңінде жас жеткіншектер еліміздің тарихына,  тіліне,  рәміздеріне деген 

құрметін,  сүйіспеншілігін көрсете отырып,  өздерінің білім деңгейін, та-

ным көкжиегін көрсетсе, екінші және үшінші кезеңдерде тапқырлығын, 

ойының  ұшқырлығын,  сонымен  қатар  қазақ,орыс,ағылшын  тілдерін 

қаншалықты  меңгергендігін  көрсетуге  мүмкіндігіне  ие  болды.  Ал 

оқушылардың үй тапсырмасы ретінде дайындаған «Қазақ хандығына – 

550 жыл» тақырыбындағы шығармашылық тұсаукесерлері өте жоғары 

деңгейде  болды.  Іс-шара  барысында  ата-баба  ерлігі,  ұлағаты,  өнегелі 

еңбегі жайында айтылып, сан ғасырлар тарихынан шежіре шертілді. 

Бұл  сайыста    №  2,4,5,15,19,29  орта  мектептердің  білімқұмар 

оқушылары  өзара  бақ  сынасты.  Қазылар  шешімі  бойынша    І  орынды 

№29 орта мектеп оқушысы  Кесенжан Бексұлтан, ІІ орынды №19 орта 

мектеп оқушысы Дурасов Владислав,  ІІІ орынды №15 мектеп-гимна-

зия  оқушысы  Құсайын  Айгерім  иеленді.    №2  орта  мектеп  оқушысы 

Өтемұратова Аружан, №5 мектеп оқушысы Түсіпова Аружан,  №4 мек-

теп  оқушысы  Халелова  Шынар    белсене  қатысқандары  үшін  мақтау 

қағаздарымен  марапатталды.Оқушыларды  білім  нәрімен  сусындатып, 

сайысқа дайындап алып келген аяулы ұстаздардың да еңбектері еленіп, 

оларға  алғыс  хаттар  тапсырылды.

Енді  бір  сәтте  сайыскерлеріміздің 

құрметіне орталықтың «Мирас» және «Балдәурен» вокалды топтарының 

тәрбиеленушілері ән шашуларын арнады.

Сайыскерлердің  бойындағы    білімге  құштарлығын,  жігері  мен  

қайратын  байқай  отырып,  Елбасымыздың  «Нұрлы  жол»  –  болашаққа 

бастар  жол»  Жолдауында:  «Біз  ұрпақ  алдында  бабалар  қол  жеткізген 

игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және 

дүниежүзілік  қауымдастық  талаптарына  сай  жаңа  сапалық  деңгейге 

көтерілу  міндеті  тұр»  деп  атап  айтқанындай,  бүгінгі  ұрпақтарымызға 

артқан    зор  сенімі  мен  үлкен  үмітін  өсіп  келе  жатқан  ұрпақтарымыз 

ақтайды деген ойдамын.

 

Б. БЕЛГІБАЕВА,

«Әлем» балалар мен жасөспірімдер

 орталығының әдіскері

Қазақ хандығына – 550 жыл

Білімді ұрпақ – 

ел тірегі



Ұшу қауіпсіздігі мен сапасы нығаяды

ҚР Президенті жанындағы КҚО орталығында «Airoport Management 

Group» ЖШС Бас директоры Клод Банан, Бас директордың орынбасары 

Асқар Мұратбаев, құқықтық департамент директоры Дәурен Шаріпбаевтың 

қатысуымен брифинг өткізілді. 

кәсіби біліктілігі мен білімін көтеру.

2014 жылы осы топтағы 

6 әуежайдың қызметінде жо-

лаушылар мен жүк тасымал-

дауда тұрақтылық байқалды. 

Жалпы алғанда, 2013 жылмен 

салыстырғанда жолаушылар 

тасымалы 10% артып.  3,7 млн. 

жолаушыға өсті. Ал, жүк тасымалы 

2013 жылмен салыстырғанда 4% 

өсіп,  10 300 тоннаға артығымен 

орындалды. 

  Мемлекет басшысының 

«Нұрлы жол» Жолдауында 

әуежайларды дамытуға зор 

көңіл бөлінген.  Осыған бай-

ланысты, 2015-2019 жылдары 

Астана, Қызылорда, Петро-

павл, Қостанай әуежайларының 

инфрақұрылымын дамытып, 

ұшу-қону алаңдарын, жолаушылар 

терминалын  жаңғырту бойынша 

ірі жобалар жүзеге асырылады. 

Аталмыш жобаларды жүзеге 

асыру тұрғындардың әуе көлігіне 

сұранысын қанағаттандырып, 

аймақтарды елордамен жалғайды, 

тұрғындардың қатынасының 

жеделдігін арттырады, өңірлердегі 

жұмыссыздықты азайтады. Оның 

сыртында, әуекомпаниялардың 

аймақтардағы әуежайлардың 

бағдарлар желісін дамытып, ішкі 

және халықаралық рейстерді 

ұлғайту көзделеді.

Сенімді басқарушы ретінде 

AMG компаниясының негізгі 

мақсаты әуежайлардағы ұшу 

қауіпсіздігін қауіпсіз басқаруды 

қамтамасыз ету оның сапасын 

ұлттық әрі халықаралық заң талап-

тарына сәйкестендіру.

2015 жылы ұшу қауіпсіздігінің 

корпоративтік  

стандартта-

рын жасау мен өндіріске енгізуді 

аяқтау, әуе қауіпсіздігі мен әлемдік 

жетекші сала үздіктерінің ноу-

хау технологияларын қолданып, 

2015-2017 жылдары мемлекеттік 

әуежайларды ISAGO сертифи-

катын алуын қамтамасыз ету 

болып табылады. Қазіргі таңда 

AMG барлық ішкі ресурстарды 

пайдалана отырып, әуежайлардың 

қызметі мен технологиялық 

жұмыстарын халықаралық 

стандарттарға жеткізу жұмысын 

бастап та кетті. 



Өз тілшімізден

Елбасы Нұрсұлтан Назарба-

ев биылғы жаңа 2015 жылды 

Қазақстан халқы Ассамблея сы 

жылы деп жариялағаны белгілі, 

мұның мәнісі түсінікті, егер өткен 

жылдар тізбегіне көз жүгіртсек, 

өйткені 1995 жылы 16 ақпанда 

Президент Н.Ә. Назарба-

ев еліміздегі ұлттық мәдени 

орталықтардың жетекшілерімен 

кездесу өткізіп, еліміздегі 

ұлтаралық келісімді сақтап

оны одан әрі нығайту үшін жаңа 

қоғамдық институт – Президент 

жанындағы консультативті-

кеңесші орган ретінде Қазақстан 

халқын ортақ мүддеге біріктіретін 

Ассамблея құру қажеттілігі 

туындап отырғандығына на-

зар аударған болатын. Сөйтіп, 

аймақтарда кіші ассамблеялар 

құрылып,сол 1995 жылдың 24 

наурызында Алматыда қырық 

ұлттық-мәдени орталықтың 

өкілдері қатысқан сессия болып 

«Мәдениет – 

тіршіліктің тірегі, ортақ 

игіліктерді ұлықтап, 

ұлтты ұлы істерге 

ұйыстырудың бірегей 

тетігі. Бейбітшілік, 

руханият пен келісім: 

бәрінің тамыры – 

мәдениетте. ХХІ 

ғасырдың ең басты 

заңы – татулық».

Нұрсұлтан НАзАРБАЕВ

Қазақстан Ассамблеясына – 20 жыл

өткен еді.

Қазақстан халқы Ассамблея-

сы ның негізгі міндеті  не 

дегенге  келетін болсақ, 

барлық этностардың руха-

ни тұрғыда қайта жанғыруы 

мен дамуын қамтамасыз ете 

отырып, өркениеттік және 

демократиялық ұстанымдарға, 

мемлекеттік ұлттық саясатта 

барлық этностардың мүддесіне 

деген құрметке негізделген 

ұлтаралық қатынас мәдениетін 

қалыптастыру болып табылады. 

Бір сөзбен айтқанда, Ассамблея 

этно-мәдени бірлестіктерді 

құрамына біріктіреді.

Биыл сол Қазақстан халық-

та ры Ассамблеясына 20 жыл 

толып отыр, осыған орай өткен 

сәрсенбінің сәтінде тұңғыш 

Президент орталығында 

қаламыздағы «Халықтар 

достығы» қоғамдық бірлестігінің 

бастамасымен, оны орталықтың 

қостауымен дөңгелек үстел бо-

лып өтті. Мұнда грек, әзірбайжан 

этно-орталықтарының 

жетекшілері, мұсылман және 

православия дінінің  өкілдері, 

комбинат ардагерлері, ҚарМИУ-

дың сту дент тері болып, 

еліміздегі татулық пен келісім 

жайында өз ой-пікірлерін ортаға 

салды. 

– Елбасымыз Қазақстанның 



өркендеуі, еліміздегі тұрақты лық-

ты нығайту үшін ұлтаралық және  

конфессияаралық келісімнің 

маңызын ескере отырып, 2015 

жылды Қазақстан халқы Ас-

самблеясы жылы деп жарияла-

ды.  Президенттің бұл шешімі 

Отанымыздағы барлық ұлттар 

мен ұлыстардың достығы мен 

бірлігін нығайтудағы тағы бір нақ 

қадам болды, – деп атап өтті 

«Халықтар достығы» қоғамдық 

бірлестігінің төрағасы Ілияс 

Баймұрзаев.

Тұрақтылықты нығайту үшін


Қ

қ

3



№ 5 (07) 6 ақпан 2015 жыл

Елбасы Жолдауы – халықтың қолдауы

Еңбекпен қамту

Ұлттық бірлік доктри-

насында мемлекеттік тілге 

ерекше басымдық берілген

сондықтан Қазақстанның әрбір 

азаматы оны білуге, күнделікті 

жұмысында, оқуда, тұрмыста  

кеңінен қолдануға тиіс. Өткен 

жылы қаңтар айында ашылған 

Теміртау қалалық тілдерді 

дамыту орталығының басты 

міндеті де осы болып табы-

лады. Оның негізгі 

міндеті мемлекеттік 

және азаматтық 

қызметкерлерді, 

басқа тұрғындарды 

«Сарыарқа» 

бағдарламасы негізінде, 

сондай-ақ «Қазтест» 

мөлшерлемесі аясын-

да оқытып-үйрету. 

Жылдың алғашқы 

жартысында отыз 

екі тыңдаушы осы 

орталықта оқып, оның 

он бесі мемлекеттік 

үлгідегі сертификатқа 

ие болды. Ал он 

бес адам өндірістік 

қажеттіліктерге байла-

нысты  күзге ауысты-

рылды. Екеуі жұмыстан 

кетуіне байланысты 

оқуды жалғастырмады. 

Ал келесі жарты 

жылдықта оқыған 75 

тыңдаушының 63-і 

сертификат алды, 

сабаққа дер кезінде 

қатыспаған 12 адам 

оқудан шығарылған. 

Осылайша, жыл 

қорытындысы бойын-

ша 42 адам алғашқы 

қарапайым деңгейдегі 

оқуды игеріп, серти-

фикат алды. Ал іргелік 

оқыту жүйесі бойынша 

36 тыңдаушы сертифи-

кат алды, оның 53-і мемлекеттік, 

ал 23-і азаматтық қызметкер, 

екеуі судья.  

Орталық үстіміздегі жылдың 

бірінші жартысында бес топта 75 

тыңдаушыны үш деңгей бойынша 

оқытуды жалғастыратын болады.

Бетті дайындаған:



Серікгүл АЛТАЙБАЕВА

Жұмыссыздықпен күрестің үш бағыты

Әлемдегі көптеген қайшылықтар мен қиыншылықтарға, экономикалық 

дағдарыстарға қарамастан «Еңбекпен қамту –2020» бағдарламасы 

республикалық бюджеттен бөлінген арнайы қаражат бойынша жүзеге асыры-

луда. Осы мақсатқа өткен жылы Теміртау қаласы бойынша 10809,0 мың теңге 

бөлініп, игерілді. 

Соның  нәтижесінде    жұмыс-

сыз дарды  еңбекпен  қамтудың 

үшінші  бағыты  бойынша    отыз 

екі  адам  жаңа  кәсіпті  игерсе,  он 

әлеуметтік жұмыс орны құрылып, 

оларға  жалақыны  ішінара  суб-

сидиялау  жолымен  ең  төменгі  

ең бекақы  көлемінде  қаражат 

төленді.  Бұл  бағдарлама  жастар 

тәжірибесін  ұйымдастыруға  да 

үлкен мүмкіндік беріп отыр. Был-

тыр қалада еңбекке енді араласқан 

жастардың    жиырмасы  тұрақты 

жұмыс орнын осы әдіспен тапты. 

–  Әсіресе,  жаңа  мамандыққа 

оқыту  жұмыссыздар  үшін  аса 

тиімді болып отыр. былтыр он бес 

адам үш жыл оқып, техник-меха-

ник  мамандығын  игерді.  Сөйтіп 

олар  қаламыздағы  ірі-ірі  өндіріс 

орындарына 

орналастырылды, 

–  дейді  қалалық  еңбекпен  қамту 

және  әлеуметтік  бағдарламалар 

бөлімінің жетекшісі Юрий Ким.

Кәсіби  қайта  оқыту  үшін 

бөлініген  3498,0  мың  теңге 

игерілді,  сөйтіп    жоспардағы  жи-

ырма  орнына  жиырма  бір  адам 

қайта  даярлықтан  өтіп,  тұрақты 

жұмыс орындарын тапты.  Әсіресе 

жастар  тәжірибесі  еңбекке  енді 

қадам  басқан  жастар  үшін  тиімді 

болып отыр, былтыр отыз үш адам 

осы бағдарлама негізінде  еңбекке 

орналасып,  оларға  4012,0  мың 

теңге қаражат жұмсалды.

Жасы  елуден  асқан  ,  сондай-

ақ  үкіметтік  емес  ұйымдар, 

жекеменшік еңбекпен амту агент-

тіктері  арқылы  жұмыс  іздес-

тіру  сияқты  топтағылар  да  осы 

бағдарламаның  жемісін  көруде. 

Өткен  жылы  жасы  жиырма 

бірге  дейінгі  және  ұзақ  уақыт 

бойы  жұмыс  істемеген,  зейнетке 

таянған,  бала  жасынан  мүгедек 

сияқты  әлжуаз  топ  өкілдері  ара-

сынан он тоғыз адамды еңбекпен 

қамтудың сәті түсті. Осы мақсатқа  

бюджеттен  бөлінген  1021,0  мың 

теңге  игерілді.  Еңбекпен  қамту 

орталығы  әр  ай  сайын    осы  бағ-

дар лама  бойынша  жұмысқа  тұр-

ған дарды  мониторинг  арқылы 

қадағалайды,  өйткені  жұмыс 

беру шілер  оларды  тек  орынмен 

қам тамасыз  етіп  ғана  қоймай, 

соны мен  бірге  қорға  зейнеттік 

төлемдерді  де  аударып  отыруға 

тиіс.  Мысалы,  былтыр  1626  адам 

жұмыс орнын тапса, соның 1281-

і  міндетті  зейнеттік  төлемдер 

жинақтауға  мүмкіндік  тапты. 

Әрине,  қалғандарының  зейнеттік 

төлемдері  аударылмауы  келеңсіз 

жайт болғанымен, оған өзіндік се-

бептер бар. Сон дық тан үстіміздегі 

жылы бұл мәселені жіті қадағалау 

қажеттігі де тиісті мемлекеттік ме-

кеме мамандарының үлесінде.

Жалпы  біздің  қала  бойынша 

былтыр  «Еңбекпен  қамту–2020» 

бағдарламасы  аясында  1626  адам 

тұрақты  жұмыс  орнын  тапқан. 

Бұл  бюджет  арқылы  бөлінген 

қаражатты  орындау  жоспарының 

122,5 пайыз деңгейінде болғанын 

көрсетеді.  Бұл  әрине,  өте  жоғары 

көрсеткіш.  Тапсырма  1237  адам-

ды  жұмысқа  орналастыру  бол-

ғаны мен,  мамандар  мен  жұмыс 

берушілердің  істі  үйлестіре  білуі 

нәтижесінде  қосымша  300-ден 

аса адамды еңбекке тарту мүмкін 

болды.  «Еңбекпен  қамту  –2020» 

бағдарламасы  осылайша  өзінің 

жемісін беруде. 

Жаз  бойы  қала  оқу  орындарының  отыз  студентінен  құралған  топ  

«Шарапат» кәсіпорынымен келісімшарт жасап, 7,640 гектар жерді абат-

тандырумен айналысты. Олар Қарағанды тас жолы, Жеңіс, Ушинский, 

Чайковский, Блюхер көшелерінің бойындағы ағаштардың түбін ағартты, 

жаңадан бұталар отырғызды, артық шөптерді жинады. Бір қызығы, осы 

еркін еңбекке қатысқан жастар жергілікті және ерспубликалық бюджет 

тарапынан  жалақы алды, бұл енді студенттер үшін әрі демалыс, әрі та-

быс болды. Жергілікті бюджет әр жұмыскерге 17 мың, ал Республикалық 

бюджет «Қазпочта» арқылы 15 мың теңге төлеп отырды. Жазғы дема-

лыста осылайша уақытты тиімді өткізіп, сонымен бірге  қалаға пайда 

келтіріп, әрі жалақы табу кімге болса да қызығарлық нәрсе екені сөзсіз. 

Сондықтан мұндай еріктілер қызметіне ынта білдірген жастар қатары 

тым көп болды.

«Жасыл ел» жасақтары «Ардағым – ардагерім» Республиалық акци-

ясына қызығушылық танытты. Олар қаладағы Ұлы Отан соғысы және 

тыл  еңбеккерлерінің  тұрмысына  қолғабыс  жасады.  Бес  ардагердің  үй 

маңайы  тазартылды,  аулаларын  жөндеді,  күл-қоқыстарын  шығарды. 

«Жасыл  елдіктердің»  қаладағы  №3  орталық  аурухана  алдындағы  

күл-қоқысқа  толы  саябақта  экологиялық  акция  өткізуі  тұрғындарды 

ризалыққа  бөледі.  Бұл  қоршаған  ортаға  жанашырлықтың,  сондай-ақ 

табиғатты  аялаудың  бір  азаматтық  көрінісі  болды.  Ал  тұңғыш  Прези-

дент  тарихи-мәдени  орталығы  жанындағы  саябақ  аумағында  да  осы 

жастардың қолтаңбасы сайрап жатыр. 

–  «Жасыл  елдің»  құрамында  айырықша  белсенділік  көрсеткен 

үздік  жастарды  марапаттау,  бағалы  сыйлықтар  мен  алғыс  хаттар  тап-

сыру    салтанаты  Теміртау  техникалық  колледжінде  өтті.  Бұл  да  бір 

ерекше есте қаларлық  оқиға болды, мұндай үрдісті алдағы уақытта да 

жалғастырамыз. Өйткені көпке үлгі боларлық бастамалар  қолдау табуға 

тиіс, –дейді қалалық жастар орталығының жетекшісі Айнагүл Абдрах-

манова.

«Жасыл  ел»  үстіміздегі  жылы  жаңа  бағдарлама  аясында  жұмыс 



істейді, оған биыл елу адамды қатыстыру ойластырылған. Сондай-ақ бір 

адам оның құрамында бір ай ғана жұмыс істеуге тиіс белгіленген тәртіп 

бойынша.  Ал  жастар  болса,  жазғы  каникулды  осы  отряд  құрамында 

өткізуге  мүдделілік  танытуда.  Олай  болса,  әлі  де  ойластыратын 

жағдайлар  бар.  Қалай  дегенде  де  «Жасыл  ел»  –  жастардың  көңілінен 

шыққан жаңа бастама, ол қолдауға тұрарлық.

Жастар саясаты

Елбасымыз жастар-

ды жұмыспен қамту 

және әйтеуір екі қолға 

бір күрек принципі 

емес, қоғамға қажетті, 

пайдалы іс атқару 

мәселесін ерекше 

қадағалап отырады. 

Былтыр «Жасыл ел» 

отрядтары қаланы 

көгалдандыру ісіне ден 

қойды, мұндай еңбек 

жасақтары бізде был-

тыр бірінші маусымда 

ұйымдасқан еді. 

«Жасыл ел» – 

еңбек мектебі

Құрылыс


Сәулет және қала құрылысы 

бөлімі өткен жылы сексен жаңа 

нысанды пайдалануға қабылдап 

алды, бұл бұрнағы жылғыдан 

біршама артық. Атап айтар 

болсақ, ең ірі қызмет крсету 

орындары ретінде «Гранд» 

сауда үйін, отбасылық «Макдак» 

мейрамханасын айтуға болады. 

Мұның сыртында 9 дүкен, 2 көп 

пәтерлі тұрғын үй, 1 сауықтыру 

орталығы, 3 өндірістік база, 2 

дәріхана, 4 цех және басқа да 

көптеген ірілі-ұсақты құрылыс 

нысандары пайдалануға берілді. 

Сонымен бірге жаңа құрылыстар 

мен бұрынғы 

ғимараттарды  



Келбетті қала

«Тұрғын 

үй коммуналдық шаруашылық 

пен су жəне жылумен қамтамасыз ету 

желілерін, инфрақұрылымдарын жаңғырту үшін 

2020 жылға дейін ең азы жыл сайын 200 млрд. теңгеден 

бөлініп тұрады».

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»

 Жолдауынан

өзгертуге 

байланыс-

ты 362 хаттама 

дайындалды. Сәулет және 

құрылыс бөлімдерінің ма-

мандары 2265 адамды жеке 

сауалдары бойынша қабылдап, 

олардың өтініштерін орындауға 

жәрдемдесті. Қаланың түрлі 

аудандарында бұрынғы 

құрылыстарды жаңалауға 

байланысты 24 жоба жаса-

лып, бекітілді. Олардың біразы 

қазір де толық іске асырылып, 

елдің игілігіне айналды. Міне, 

қарап отырсақ, сәулет және 

қала құрылысы деп аталатын 

мекеменің  жыл бойы атқарған 

жұмысының бір парасы осындай. 

Өндірісті қаланың келбетін 

көріктендіріп, сәулеті мен сәнін 

асыратын  құрылыс мамандары, 

сонымен бірге жаңа нысан-

дар десек, оларды салу үшін 

алдымен көптеген дайындық 

жұмыстарының жүргізілетіні 

белгілі. Аталған мекеме маман-

дары биыл да осы бағыттағы 

жұмыстарды жалғастырып, 

қаладағы бұрынғы жүйелерді 

есепке алуды жүргізеді. Жаңа 

нысандар салынатын меке-

мелерге, кәсіпкерлерге жер 

учаскелерінің құжаттарын 

дайындауға жәрдемдеседі. Аста-

на-Екатеринбург күре жолының 

оң жақ қанатындағы Металлург 

даңғылынан бастап Қарағанды 

тас жолы бойын нақты жоспар-

лау жобасы да биылғы жылдың 

еншісінде. Сонымен бірге қала 

жанындағы Ақтау кентінің ірге 

тасы қаланғалы 65 жыл толып 

отыр, бір кездері халқы жиыр-

ма мыңнан асқан елді мекенде 

қазір өнеркәсіп пен қызмет 

мекемелері шағындалған, 

халықтың саны 

жетімыңнан сәл 

асады. 

Осыған 


орай енді 

кенттің жаңа бас 

жоспарын жасау міндеті тұр. 

Жалпы сәулет және қала 

құрылысы бөлімі  шаһардың 

сәулеттік жоспарлау келбетін 

бүгінгі күннің заманауи абат-

тандыру, жарықтандыру және 

көгалдандыру талаптары аясын-

да мақсатты әрі нақтыланған 

бағытта жүргізе бермек. Мұның 

сыртында жаңадан салынған 

және бұрынғы нысандарға 

мекен-жайларды белгілеу 

міндеті де осы мамандардың 

үлесінде. Былтыр осындай 

862 мекен-жайдың жаңадан 

тағайындалғанын айтсақ, бұл 

да бірқатар күш-жігерді қажет 

ететін жұмыс деп бағалауға 

болады. Жалпы, аталған мекеме 

өзінің жұмысын  еліміздегі осы 

бағыттағы нақты заңдар мен 

стандарттар бойынша талапқа 

сай жүргізуде. Бұл жөнінде 

қалалық әкімдіктің аппарат 

мәжілісінде осы бөлім жетекшісі 

Г. Күсенова есеп беріп, алдағы 

атқаратын жұмыстарға да 

кеңінен тоқталды. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет