Абайдың аудармалары


Балалар халық ауыз әдебиеті - балалар әдебиетінің арналы бұлағы



бет10/55
Дата19.12.2022
өлшемі0,61 Mb.
#58267
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55
Байланысты:
әдебиет

66

Балалар халық ауыз әдебиеті - балалар әдебиетінің арналы бұлағы.
Балалар әдебиеті – қазақ әдебиетінің өскелең бір бұтағы. Оның өсу, өркендеу, даму жолдары бар. Алғашқыда жалпы әдебиеттік мұралармен бірге дамып келсе, соңынан өз алдына дараланып, өз ерекшеліктерімен таныла бастады. Балалардың жастық, білімділік ерекшеліктері еске алынды. Балалар әдебиеті балаларға тәлім – тәрбие, білім беретін өмір оқулығына айналды.
Балалар әдебиетінің негізі – ауыз әдебиетінде. Сондықтан балалар әдебиетін зерттегенде халық ауыз әдебиетінен аттап өтуге болмайды. Өйткені, халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры, алтын бесігі. Оқу жасына дейінгі балалар, оқушылар ертегілерді тыңдауды өте жақсы көреді. Ертегілердегі ғажайып оқиғалар, қызықты тартыстар мен түрлі егестер, тапқырлық пен айлакерліктер, зұлымдық әрекеттерге қарсы күрескен қажырлы адамдардың қиян кескі батырлық істері оларды таң-тамаша етеді. Мектеп оқушылары батырлық жырларды аса сүйсініп, оның ішіндегі жағымды кейіпкерлерге еліктей отырып, қызыға оқитындығы сондықтан.
Балалар фольклорындағы сөз өнерінің әдемі кестелері, мазмұнды терең ойлары, парасатты тұжырымдары олардың сөздік қорын байытып, мағыналы да мәнерлі сөйлеуге жаттықтырады. Тек бұл емес, халықтық шығармалар ішіндегі әр жақты айқын образ, оқиға барысының қызықты бола беруі, әдемі қисын, жақсы ұйқас – бәрі де балаларды қуантып, әсер беріп, ойын шыңдап отырады 



67

Спандияр Көбеев өмірі мен шығармашылығы және балалар әдебиеті
Спандияр Көбейұлы – Ыбырай Алтынсарин үлгісіндегі педагог-жазушы. Өз ұстазының жолын үлгі тұтып, ағартушылық идеясын педагогтік қызметі арқылы насихаттаған. Сол бағытта Спандияр Абай мен өз ұстазы Ыбырай Алтынсарин негізін салған қазақ әдебиетіндегі демократтық, ағартушылық идеяны әрі қарай жалғастырды және жаңа жағдайға лайық дамытты.Спандияр Көбейұлы 1878 жылы 1 қазанда бұрынғы Торғай облысы, Николай уезі Обаған болысына қарасты №3 ауылында дүниеге келген. Спандиярдың әкесі Көбей – мұсылманша хат таныған, шыншыл, қолөнерімен күн көрген адам. Ол балаларын оқыту жағына көп көңіл бөлген. Анасы Айтбоз да, жазушының өзінің айтуынша, өте қайратты және есті, ауылдың ортақ анасы сияқты қадірлі адам болған. Жарастықты отбасының үлгілі тәрбиесі болашақ педагог-жазушының мінез-құлқының қалыптасуына да әсер еткен. Болашақ педагог-жазушы өзінің өмірлік мұратын мұғалімдікпен ұштастырады. «Ыбырайдың өлімі менің оқытушы боламын деген ынта-ниетімді біржолата баянды етіп бекітті», - дейді. Сол ниетпен Орынбордағы оқытушылар семинариясына түсуге талаптанады да, оның сәті түспей қалған соң Қостанайдағы екі жылдық педагогикалық курсы мұғалімдікке жол ашады. Курсты 1901 жылы бітіріп, бастауыш мектепке мұғалімдік құқық алады. Спандияр Көбеев Петропавлскiде оқытушылық қызметiн атқарып жүргенде, сол кездегi ұлы орыс халқының атақты жазушысы И. Крыловтың бiрнеше мысалдарын қазақшаға аударып, баспаға ұсынады. Ол аудармалары «Үлгiлi тәржiме» деген атпен 1940 жылы және «Үлгiлi бала» (1912 жылы) кiтаптары басылып шығады. Осы кiтаптарына енген өлеңдерi мен әңгiмелерi жасөспiрiмдердi еңбек пен бiрлiкке, тату-тәттi ынтымаққа шақырған.
С. Көбеевтiң қазақ топырағында тұңғыш романдарының бiрi болған «Қалың мал» 1913 жылдың қазан айында басылып шығады. Бұл роман шығармашылық өмiрiнде ерекше орын алады. Мұнда қазақ ауылының әлеуметтiк суретi, қазақ әйелiнiң тағдыры, оның теңсiздiгi және жастар өмiрi, ойын-той салттары туралы бейнеленген. Атайдың соңғы жылдары жазған «Орындалған арман» атты мемуарлық еңбегi 1954 жылы өңделiп, екiншi рет кiтап болып баспадан шығады. Кiтаптың негiзгi мазмұны педагог-жазушының өткен өмiр жолы, қоғамдық қызметi, ортасы мен дәуiрi жайлы шығарма. Әсiресе, Ы. Алтынсариннiң халықтық қызметiн көрсетуге көп көңiл бөлген.
Ұлы ағартушының iзбасары С. Көбеевтiң кезiнде жоғары бағаланып, екi дүркiн Ленин орденiмен марапатталып, «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi» деген құрметтi атақ алған және Республика Жоғарғы Кеңесiне депутат болып сайланды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет