С. Дөнентаевжәне балалар әдебиеті С. Дөнентаев 1894 жылы Семей губерниясы, Кереку уезі, Ақсу болысының төртінші ауылыңда (казіргі Павлодар облысы, Ақсу ауданы) кедей шаруаның отбасында туған. Жас кезінде ауыл молдасынан оқып, хат таныған. 1907-1908 жылдары Маралдыда Нұрғали деген молдадан төте оқу әдісімен сабақ алған. Онан кейін Павлодар қаласындағы Қасым қажының медресесінде (1911-1912) оқып, өзінің білімін толықтырады. Мұнда пән негіздерін үйренеді, өз бетімен ізденуге мүмкіндік алады.Бұл жылдары Сәбит өз бетімен оқып ізденіп, прогресшіл татар әдебиетімен танысады, Абай шығармаларын оқиды. «Айқап» журналын үзбей оқып тұрады. Орыс әдебиетін, әсіресе, Крылов мысалдарын қызыға оқиды. Осы негізде оның ой-санасы есейіп, ақындық таланты оянады. кең жырлаған, қазақ әдебиетінің өткір сатиралық стильді қалыптастырған ірі суреткер ақын. 1915 жылы Уфа қаласында «Ұсақ-түйек» деген атпен өлеңдерінің алғашқы жинағы жарық көрді. 1919–1922 жылдар арасында қазақ ауылдарында мұғалім, халық соты қызметтерін атқарды. 1928 жылдан бастап С. Дөнентаев «Қазақ тілі» газетінің редакциясында жұмыс істеп, барлық күш- жігерін қазақ әдебиетін дамытуға жұмсайды. Ал 1957 жылы шығармаларының академиялық жинағы шықты. С. Дөнентаевтың ақындық қызметі екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңі – 1912–1918 жылдар арасы, екінші кезеңі – кеңес дәуіріндегі шығармашылығы, яғни 1918–1928 жылдар арасы. Ақынның «Заман кімдікі», «Досқа», «Замандастарға», «Балалық» және т.б. өлеңдері халықтың азаттыққа ұмтылу арманын суреттейтін реалистік шығармалары болды. Ақын шығармалары тақырып, жанр, көркемдігі жағынан да әр алуан болып келеді. С. Дөнентаев өз дәуірінің қоғамдық шындығын
70
Батырларжырындағы арулар бейнесі Абай - қазақ балалар поэзиясын мазмұн жағынан терендетуші, түр жағынан жаңартушы, ірі ойшыл
ІХ ғасырдың екінші жартысында туған қазақтың жаңа жазба әдебиетінің атасы, үлкен ойшыл-ағартушысы – Абай Құнанбаев. Ол қазақ әдебиетінің атасы, ұлы ойшыл ғана емес, ұлттар достығын ерте бастап, қазақ даласының Ресейге қосылуын кімнен де болса келелі етіп жырлаған ағартушы, көркем сөздің теңдесі жоқ шебері. Абайды біз поэзияда көрінген тұңғыш ағартушы дейміз. Бұл реттен оның есімі Шоқан, Ыбырайлармен қатар тұрады. Абайдың қазақ әдебиетіне енгізген жаңалығының бірі – осы реалистік эстетика алғашқыда ол реализмнен бастап, 1898 жылдары Салтыков-Щедрин ізіндегі үлкен сатирик болды. Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» деген өлеңдері бір кездері айтылғандай әдебиеттегі формализмнің, яғни өлеңді қалай жазудың техникасы емес, реалистік эстетиканың программалық ұраны болды.