Ғ.Мүсіреповтің «Талпақ танау» әңгімесі Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов (22 наурыз1902 жыл — 31 желтоқсан1985 жыл) — қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері. Ғабит Мүсірепов бүгінгі Солтүстік Қазақстан облысыныңЖамбыл ауданындағы Жаңажол ауылында дүниеге келген. «Талпақ танау» (1933) - Ғ.Мүсіреповтің ғана емес, отызыншы жылдардағы қазақ әңгіме жанрының айтулы табыстарының бірі. Колхоз болып ұжымдаскан шаруалардың дәстүрлі кәсіптерімен бірге оның жаңа түрлерін де игере бастағаны, шаруашылыктағы жаңалыктардың ауыл кедейлерінің психологиясына айтарлыктай өзгерістер әкелгендігі шебер суреттеледі. Колхоз бастығы Сәден көрші шаруашылықтың шошқа өсіріп, үлкен пайда тауып отырғанын көріп, іштей есеп кұрып, бірнеше шошка сатып әкеледі. Шошқаны кәпірдің малы деп есептейтін ауыл адамдары алғашында оған үрке қарайды. Есен деген момын адамды жабылып жүріп шошқа бағуға көндіреді. Арада біраз уақыттар өтеді. Шошқалар торайлап, өсіп береді. Оның етін мемлекетке өткізіп, колхоз көп пайда табады. Колхозшылардың тұрмысы жақсарады. Шошқа баққан Есенге кешегі күлушілер бүгін қызыға да қызғана карайды.
Әңгіменің композициялық құрылымы шебер жымдасып, әсем көмкерілген. Ғ.Мүсіреповтің суреткерлік стиліне тән риясыз юмор, психологизм барынша жарқырап көрінген. Жаңа түлік шошқаның төңірегіндегі оқиғаларды, айтылып жаткан әнгімелерді мырс етпей оқу киын. Суреткер кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесіндегі өзгерістерді бергенде шын шеберлік танытады. Сырлы сөзбен сұлу сомдалған кейіпкерлер, дәл детальдар, әсерлі окиғалар, көрікті көріністер психологиялық толғаныстармен тұтаса келіп, өзгеге ұксамайтын өзгеше бір шынайы әсемдік әлемін кұрайды, Ғ.Мүсірепов қаламының көркемдік қуат, дарын даралығы бар болмысымен жаркырап көрінеді.
Ғабит Мүсіреповтің алғашқы әңгімелерінде төңкеріс әкелген адамдардың тұрмыс-тіршілігіндегі, сана сезіміндегі жаңалықтар шынайы көріністер тапты. Жазушының бұл процесті қуана қарсы алғандығы, шабыттана жазғандығы көрінеді. Сонымен бірге социализмді тезірек орнату максаты мен кадрлардың сауатсыздығы, асыра сілтеушілігі салдарынан ел ішінде орын алған аса қиын жағдайлар жазушы жанын мазаламай койған жок. Байларды тәргілейміз деп, жай халықтың күн көріп отырған бес-алты малын тартып алу, шаруашылық жүргізудің дәстүрлі ерекшеліктерін ескермей, күшпен бір жерге жинап ұжымдастыру сияқты мүлдем кате шаралардың «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ калмасын» деген екі жүзді әсіре ұрандармен жүргізілуі елді ашаршылыққа ұрындырып, халыктың жаппай қырылуына әкеліп соктырды. Міне, осындай саясатқа карсы Ғ.Мүсірепов «Шұғыла» әңгімесін жазды. Бұл- С.Сейфуллиннің «Қызыл аты» секілді сол кездегі ел басқарып отырған коммунист басшылардың солакай саясатын барынша әшкерелеген, оған қаймықпай қарсылық көрсеткен, жазушының туған халкы алдындағы азаматтық парызын адал орындаған, осы шындықты шебер бейнелеген шынайы туындысы.