106. Қиял-ғажайып ертегісі.
Қиял-ғажайып ертегілер халықтың сана-сезімінің балаң кезінде пайда болған. Қиял-ғажайып ертегілерде жақсы өмір, адамдардың ауыр еңбегін жеңілдету арманы көрсетілген. Ертегілердің кейіпкерлері – өмірде болмаған, адамның қиялынан туған кейіпкерлер. Мысалы: жалмауыз кемпір, жеті басты жылан, жалғыз көзді дәу, жезтырнақ, айдаһар, т.б. Қиял-ғажайып ертегілерде жақсылық пен жамандық, достық пен қастық, жауыздық пен ізгілік тартысқа түсіп, әр уақытта жақсылық, ізгілік, достық жеңіп шығады. Қиял-ғажайып ертегілер: «Үш өнерпаз», «Ер Төстік», «Ұшқыш кілем», «Ыста тас», «Керқұла атты Кендебай», «Күн астындағы Күнікей қыз», т.б.
Мысалы; Ертөстік ертегісінде ,Ертөстіктің бір айда бір жасар баладай,үш айда үш жастағы баладай , 1 жылда 15 тегі баладай, 2 жасында алысқан кісілерін алып ұратын бала болады» -бұл әрине фантастика яғни өмірде кездеспейтін оқиға. Ертегідегі тағы бірнеше оқығалар өмірде кездеспейтіні белгілі, Мысалы; Шалқұйрықтың сөйлеуі, Жылан Адамдар(Бапыхын),Жер астында Төстікке жол серік болатын: Желаяқ,Саққұлақ, Таусоғар,Көлтауысар, Көрегеннің болуы олардың қабілеттері; Ал Керқұла атты кендібай ертегісінде де Кендібай ұлғайуы ертөстік сияқты, Кендібай Ай сайын емес, күн сайын өседі.Алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты делінген тағы кендібайдын көкжалдын ауызынан асырап калған құлыныда күн сайын емес минут сайын өскені айтылған. Ол алты күнде ат болып жетіледі.
107. Әнші ақындар: Біржан Қожағұлулы, Ақан сері Қорамсаұлы шығармашылығы.
Әнші ақындар- ақындықпен қатар композиторлықты да, әншілікті де машықтаған өнерпаздар. Әнші ақындардың шығармаларының ерекшелігі: әннің мәтінін де, әуендерін де өздері шығарады және ол әндерді өздері айтып береді, музыка аспапты өздері тартып, өздері сүйемелдейді. Әнші ақындарға халық "сал", "сері" деген атақ беріп, құрмет көрсеткен.
азақ даласын әсем әнімен тербеп, артына өлмес мол мұра қалдырған Біржан сал Қожағұлұлы 1834 жылы табиғаты көркем, аты аңызға айналған Бурабай жерінде Көкшетау өлкесінде Жөкей көлінің маңында дүниеге келген. Біржанның өз әкесінің аты – Тұрлыбай Елден ерек өнерімен көзге түскен Біржанды атасы Қожағұл өз тәрбиесіне алған.
Біржан өлеңдері, әндері тақырып жағынан әр алуан. «Ләйлім шырақ», «Көлбай-Жанбай», «Көкек», «Бурылтай», «Ақтентек», «Ғашығым», «Айтбай» өлеңдерінде махаббатты, сүйіспеншілікті, сұлулықты әспеттеген. Біржан сал Қожағұлұлының «Жанбота», «Біржан сал», «Теміртас» ән-өлеңдері – әніне сөзі сай, өмір шындығын өнер көкжиегіне көтерген, ақынның азаматтық болмыс-бітімін көрсететін, поэтикалық қуаты мол туындылар, әсіресе, «Жанбота» Біржанның азаматтық позициясын анықтайтын, қоғамдық-әлеуметтік көзқарасын танытатын шығармасы болып есептелген.
Біржан шығармашылығынан ерекше орын алатыны – ақын Сарамен айтысы. «Біржан мен Сара» айтысы – көркемдігі жағынан айтыстардың ішіндегі ең таңдаулысы. Біржан мен Сараның айтысы негізінде композитор М. Төлебаев «Біржан-Сара» операсын жазған.
Біржан сал Қожағұлұлының: «Біржан сал», «Жамбас сипар», «Жайма-шуақ», «Жонып алды», «Айтбай», «Ләйлім шырақ», «Көлбай-Жанбай», «Жанбота», «Алтын балдақ», «Телқоңыр», «Көкек», «Адасқақ», «Бурылтай», «Ақсеркеш», «Ақтентек», «Талай заман», «Теміртас», «Ләйлім» деген ән-өлеңдері бар.
Қазақ халқының ұлттық мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан сан қырлы өнер иесі Ақан сері Қорамсаұлы 1843 жылы Солтүстік Қазақстан аймағындағы Қоскөл деген жерде дүниеге келген. Ақанға өмірге келгенде ата-анасының қойған аты – Ақжігіт, ата-анасы көп қыз баланың ортасында жалғыз ер бала болғандықтан Ақан деп еркелетіп атап кеткен. Жалғыз ұлының болашағынан көп үміт күткен әкесі Ақанды ауыл молдасынан дәріс алуға берген. Ақан он үш жасқа келгенде Қызылжардағы Уәлихан деген кісінің медресесінде үш жыл оқыған. Он алты жасынан бастап ит жүгіртіп, құс салып, аңшылық, әншілік, серілік өнердің соңына түскен Ақанға ел-жұрты «сері» деген атақ берген.
Ақан серінің «Ақ көйлек», «Жайықтың ақ түлкісі аралдағы», «Балқадиша», «Сырымбет», «Торыны талға байлап мінген қандай?», «Үш тоты» өлеңдері махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына арналған. Ақан «Қалқа бала» өлеңін Жамал қызға арнаған. Жамал қыз ұзатылып жатқанда оған арнап шығарған соңғы әні – «Сырымбет».
Ақан сері Қорамсаұлы шығармашылығынан ерекше орын алатын тақырып – Құлагерге арнаған ән-өлеңі. Бәйгеге қосылған үш жүз жиырма аттан оқ бойы алда келе жатқан Құлагер зорлықшыл топтың қызғанышынан мерт болғанда шығарған «Құлагер» өлеңі Ақанның жан күйзелісін, трагедиясын көрсететін психологиялық шығарма. Сүйікті тұлпарынан айырылған Ақан тау мен тасты мекен етіп, «Құлагер», «Қараторғай», «Көкжендет» әндерін шырқап, елден жырақ өмір сүрген.
Ақан сері «Заманға қарап айтқан сөз», «Жақсы мен жаман», «Асыл мен жасық» өлеңдерінде достық пен қастықты, ерлік пен ездікті, жақсылық пен жамандықты салыстыра жырлаған. Дидактикалық сарындағы «Жақсы мен жаман» өлеңінде:
Білінер жер жақсысы қыс келгенде,
Көрінер көлдің көркі құс келгенде,
Кімнің алыс-жақыны сонда ашылар,
Басыңа қиын-қыстау іс келгенде,
Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді,
Жаманнан үлгі аларлық сөз қалмайды, –
деп жақсылық пен жамандықты саралап ашып берген.
Достарыңызбен бөлісу: |