Абайдың аудармалары



бет42/55
Дата19.12.2022
өлшемі0,61 Mb.
#58267
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   55
105. Ертегілерді әдеби талдау.
Ертегілер – ауыз әдебиетінің ең көне жанры болып табылады. Ертегілерде оқиғасы өмірде сирек кездесетін не болмаса адамның қиялынан туған, өмірде мүлдем кездеспейтін оқиғалар баяндалады. Ертегілер көбінесе қарасөз түрінде айтылады. Қазақ ертегілері үш жікке бөлінеді: 1) қиял-ғажайып ертегі; 2) хайуанаттар жайлы ертегілер; 3) тұрмыс-салт ертегісі.
Қиял-ғажайып ертегілер халықтың сана-сезімінің балаң кезінде пайда болған. Қиял-ғажайып ертегілерде жақсы өмір, адамдардың ауыр еңбегін жеңілдету арманы көрсетілген. Ертегілердің кейіпкерлері – өмірде болмаған, адамның қиялынан туған кейіпкерлер. Мысалы: жалмауыз кемпір, жеті басты жылан, жалғыз көзді дәу, жезтырнақ, айдаһар, т.б. Қиял-ғажайып ертегілерде жақсылық пен жамандық, достық пен қастық, жауыздық пен ізгілік тартысқа түсіп, әр уақытта жақсылық, ізгілік, достық жеңіп шығады. Қиял-ғажайып ертегілер: «Үш өнерпаз», «Ер Төстік», «Ұшқыш кілем», «Ыста тас», «Керқұла атты Кендебай», «Күн астындағы Күнікей қыз», т.б.
Ертегілердің тағы бір түрі хайуанаттар туралы ертегілер де өте ерте кезде пайда болған. Хайуанаттар туралы ертегілер: «Алтын сақа», «Бозінген», «Маймыл мен түлкі», «Түлкі аю, қойшы», т.б. Ертегідегі хайуанаттардың іс-әрекеті, жағымсыз қылықтары арқылы адамдардың мінез-құлқы сыналады. Хайуанаттар туралы ертегілерде түлкі – қу, айлакер, қасқыр – қорқау, аю – аңғал, қой – қарапайым адамдар бейнесінде алынады.
Тұрмыс-салт ертегілерінде өмірде болған, болуға тиіс оқиғалар туралы айтылады. Кейіпкерлері де – өмірде болған қарапайым еңбек адамдары.
Ертегілер ауызша айтуға лайықты, тілге жеңіл болып келеді. Ертегілер тек жақсылықпен аяқталып отырады.
Ертөстік ертегісіне әдеби талдау: Ертегі- жанрдың өзгеріске түскен формасы; Жанр формасы уақыт өте келе өзгергенімен оның мазмұнына айтарлықтай әсер етпеді.
Түрі: Қиял-ғажайып
Кейіпкерлері:
Ер Төстік - Бас Кейіпкер
Ерназар- Ер Төстіктің əкесі
Кенжекей - Ер Төстіктің жары
Перінің қызы Бекторы - Ер Төстікке ғашық болған қыз
Жылан Бапы хан - жер астындағы орданың ханы
Темір хан - жылан Бапы ханмен араз хан
Кеще хан - Темір ханның қызын алмақ болған хан
Шойынқұлақ - жалмауыз кемпірдің ұлы
Күңке - Шойынқұлақтың жары
Ертегі бойынша шатасқан оқиғалар тізбегі
1. Төстіктің ағаларын іздеп шығуы
2. Ерназардың Сорқұдықтың басына қонуы
3. Төстіктің дүниеге келуі
4. Төстіктің жер астына түсуі
5. Тоғыз ұлды үйлендіру
6. Шойынқұлақ пен Ер Төстік
7. Елге оралу
8. Ер Төстік және оның адал достары
Композициялық құрылымына талдау
1. Ертегінің басталуы. Ер Төстіктің дүниеге келуі
2. Ертегінің дамуы. Төстіктің ағаларын іздеп шығуы
3. Ертегінің байланысы. Тоғыз ұлды үйлендіру
4. Ертегінің шиеленісі. Ерназардың сорқұдықтың басына қонуы
5. Шарықтау шегі. Төстіктің жер астына түсуі
6. Ертегінің шешімі. Елге оралу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет