Абайдың аудармалары


Ғ.Мүсіреповтың «оянған өлке» романы



бет54/55
Дата19.12.2022
өлшемі0,61 Mb.
#58267
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
әдебиет

120. Ғ.Мүсіреповтың «оянған өлке» романы.
Оянған өлке — Ғабит Мүсіреповтің 1953 жылы жарыққа шыққан қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған шоқтығы биік туынды. Романның алғашқы журналдық нұсқасы «Әдебиет және исскуство» журналының 1952 жылғы 1-5 және 10-12 cандарында жарияланып, 1953 жылы роман жеке кітап болып шығады. Ал романның жалғасы ретінде «Жат қолында» деген шығармасы арада отыз жыл салып жарыққа шықты.

Қысқаша мазмұны


Екі кітаптан тұратын романда ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен Октябрь революциясына дейінгі мерзімдегі қазақ халқының әлеуметтік,экономикалық хал – ахуалы, барша тұрмыс – тіршілігі,Қарағанды көмір өндірісі ашылып, онда қазақ жұмысшы тобының құрыла бастауы, Оралдан келген орыс, украин жұмысшыларымен өндіріске жаңа тартылған қазақ кедейлерінің ащы өмірдің азабын бірге тартып, біте қайнасуы, олардың таптық мақсатты терең түсінісіп, орыс капиталистері мен қазақ байларына қарсы тізе қоса бастауы, таптық сана-сезімінің оянуы суреттеледі. Романның екінші кітабы «Жат қолында» атты роман ширек ғасыр өткен соң — 1984 жылы дүниеге келді. Онда Қарағанды көмір кенін ағылшын алпауыттарының тонауы тартымды сипатталған.қоғамдық жағдайы кеңінен қамтылып, жан – жақты терең суреттеледі. Романда қазақ өмірінің сол кездегі тарихы да, әлеуметтік тұрғысы да, этика мен эстетика да, әдет – ғұрыптық, салт – санасы да үлкен суреткердің ой елегінен өтіп, бейнелі көрініс тапқан. Шығармада жазушы ескілікті әдет-ғұрыптарды сынап, кейбір дәстүрлердің қазақ даласында азая бастағандығын көрсетті. Қазақ топырағындағы Қарағанды шахтасы мен Ақбұйрат мыс қорыту зауытының құрылуы мен жаңа өмірге ұмтылған адамдар тағдыры, характер шиеленістері, түрлі қақтығыстар – барлығы романда көрініс тапты. Үш томға лайықталған еңбектің алғашқы кітабы Жұман мен Игілік секілді қазақ байларының, орыс байлары мен жұмысшы тобының тартысты қатынастарын жан-жақты көрсету арқылы қазақ даласының бүкіл бір дәуірін суреттейдіСонымен қатар романда қоныстандыру саясатының нәтижесінде жерлерінен айрылған,мұқтаждыққа ұшыраған,жұттың кесапатына душар болған,малдарын қырып алған шаруалардың күйзелісін көрсеткен.Мұның себептеріне көшпелі мал шаруашылығына кезектесіп келетін жұттың ауыр зардаптары,ХІХ ғасырдың соңына қарай отаршыл әкімшіліктің қазақ шаруашылықтарына мөлшерден тыс ауыр салықтардың салынуы,құнарлы жерлерін жаппай тартып алуыдың үдей түсуі жатады.Қоныс аударушы орыстар мен қазақтардың достық қарым –қатынасын шебер бейнелеп көрсеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет