Абайдың өзі күнделікті іздену үстінде нәр тартып, тікелей араласқан, танысып біліскен, шығармаларымен бала жастан қанығып, жаттап өскен әдеби ортасы абайтану саласында айрықша мәнге ие болмақ. Себебі Абайдың әдеби ортасы да өзіне нәр алған рухани қазына көздерінің біріне жатады. Мысалы, М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясында Абай мен Қадырбайдың (Садырбайдың) кездесу кешіне аса мән беруі себепті: «...Екі күн, екі түн бойы әңгімеде Абай ылғи ғана Қадырбай көрген ақындар жайлы сұрастырған. Абайдың ақындық мектебі деген ұғымды М.Әуезов кейде тар мағынада, кейде кең мағынада қолданатыны бар. М.Әуезов Абай маңында болып, күнделікті өмірде ұстаз ақынмен мидай араласып, тікелей қарым-қатынаста болып, ақындық өнер жолында нақтылы ақыл-кеңес алып, не сынға ұшырап отыратын шәкірт ақындар тобын меңзеуі, көбінесе, тар мағынадағы ұғымға жатпақ. Бұлар - Абайдың шәкірт ақындары деп аталады.

Абайдың әдеби ортасының екінші басқышы Абайдың «өзгеге берген нәрі» немесе оның ақындық дәстүрі деген ұғымды қамтиды. Бұл ұғым 1934 жылдан бастап бермен қарай «Абайдың ақындық мектебі» деген мәселе кең тұрғыдан сөз етіліп, осы саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының мазмұнымен анықталады.

Әдеби мектеп деген күрделі ұғым кемеңгер ақын жасап қалыптастырған жаңа бағыттағы ақындық дәстүрдің өзінен кейінгі әдебиет өкілдері тарапынан жалғастыруы арқылы үдере дамыту жолына түсуін айтамыз. Абайдың көзі тірісінде-ақ, Абайдың ақындық дәстүрін дамыта жалғастырушылар, алдымен, Абайдың ақын шәкірттері деп аталатын Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Шәкәрім, Әріп, Әсет т.б. ақындар шығармалары арқылы әдебиет көшінің басы қазақы, тарихи, философиялық лирикадан батысқа бұрылып, реалистік, романтикалық сюжетті поэмалардың пайда болуын айғақтап тұр.