«Абайтану» пәні бойынша дәрістің қысқаша мазмұны Дәріс Тақырыбы: Кіріспе


Дәріс 6-7. Тақырыбы: Абайдың лирикасы (табиғат, махаббат, әлеуметтік, философиялық лирикасы)



бет6/12
Дата14.10.2023
өлшемі101,21 Kb.
#114230
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
6.Дәрістің қысқаша мазмұны

Дәріс 6-7. Тақырыбы: Абайдың лирикасы (табиғат, махаббат, әлеуметтік, философиялық лирикасы)

Жоспары:

  1. Табиғат лирикасы

  2. Махаббат лирикасы

  3. Әлеуметтік лирикасы

  4. Философиялық лирикасы



Дәріс мақсаты: Ақынның лирикалық туындыларымен таныстыру.


Дәріс мәтіні (қысқаша): Абай лирикасы кең көлемді мол қазына, таусылмас сырлы мұра. Абай лирикасы сала-сала. Жалпы лирика деген ұғымға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңдерінде соның бәрі бар. Абайды бірыңғай қайғының, яки қуаныштың ақыны деуге, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге тіпті де болмайды. Абай лирикасында осының бәрі түгел, тұтас жатыр. Оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі оқырманның жан жүйесін, көңіл күйін түгел тебіренте толқытып, барлық пернені түгел басып, барлық шекті түгел сөйлеткендей сайрайды.
Абайдың саяси-әлеуметтік лирикасын талдар тұста, алдымен, ақын - өз дәуірінің үні екенін ескеру шарт. Суреткер өзі өмір сүріп отырған қоғамнан тыс, жеке-дара қалып, томаға тұйық өмір сүре алмайды. Ен өзіндік дүние танымына сәйкес әлеуметтік көзқарасы бар. Абай - өз дәуіріне қатал сыншы болған адам. Қараңғы даладағы қат-қабат қарау әрекеттер - заңсыздықтар мен зұлымдықтар ақынды қатты күйзелтеді де, дәл осы жеке басқа тән жай- күйлер енді бірде арнасынан асып, қоғамдық сипат алған. Ақынның бір адамды сынағаны - сол сияқты бүтін бір қауымды сынағаны, тілін болыс пен ұлыққа түйресе, сол кеселді туғызып отырған патша әкімшілігіне түйрегені болып шығады. «Болыс болдым мінекей, Бар малымды шығыңдап... Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап. Әлсіздің сөзін салғыртсып, Шала ұғамын қырындап. Сияз бар десе жүрегім орнықпайды суылдап, Сыртқыларға сыр бермей, құр күлемін жымыңдап...» Осында сол тұстағы ел билеушінің екі жүзді кескін-кейпі, мінез-құлқы оқырманның дәл көз алдына келмей ме? Осы секілді саяси сипаттағы сатиралық өлеңдерінде Абай болыс-билердің адам шошығандай қылығын, қүлқын ғана суреттеп тынған жоқ, есте қаларлық образын жасады.
Абайдың махаббат мәселесіне эстетикалық көзқарасы қандай? Абай, әрине, эстетикалық трактат жазып, теориялық қисын калыптастырған адам емес. Оның сұлулыққа көзқарасы да өлеңдерінен көрініп, белгі беріп отырады. Абай да сұлулықты қиялдан емес, өмірден іздеді.
Абай – асқан реалист ақын. Оның табиғат жырларынан уақыттың әлдеқалай жылы, айы емес, өзі өмір сүрген заманжайы, сол заманда тіршілік кешкен адам жайы айқын керініс табады. Абайдың табиғат лирикасын оқығанда оқырманның көз алдына сұлық тұсіп сұлапжатқан, құлазыған белбелесті шетсіз, шексіз маңдаланың жалаңкеріністері ғана жайылмайды, даладағы өзгеше өмір қайталанбас сыр-сипатымен тұтас суреттеледі.
«Жаздыкүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек
Үзарып, өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда,
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтыдцап,
Ат, айғырлар, биөлер
Бүйірі шығып, ыңқыддап,
Суда түрып шыбыңцап,
Құйрығымен шылпыдцап...»
Бұл – әшейін дала суреті емес, даладағы дарқан өмір, өзгеше тіршілік. Жалаң табиғаттың бірыңғай өзін ғана қызықтап, «анау арада гүл жайқалады, сонау арада жапырақтар сыбырласады, мынау жерде өзен сықылықтап күледі» деп сыдыртып ете шықса, табиғатты адам өмірінен жеке-дара бөліп әкетіп, сырттай боямаласа, одан сырлы сурет, терең поэзия тумас еді. Ал Абай лирикасында жанды дүние – адамды да, адамдардың іс-әрекет, қимыл-қарекет бесігі – табиғатты да тұтас қаусырған бұтін бір әдемі әлем – құбыла құлпырған көркемдік атмосфера жасалады. «Ақ киімді, денелі, ақсакалды, Соқыр, мылқау танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, тұсі суық. Басқан жері сықырлап келіп қалды...» Осы әшейін қыс көрінісі ғана ма? Аумаған адам сияқты мінезі мен мүсіні бар, дем алатын, қозғалатын, жабырқайтын, жадырайтын жанды нәрсе емес пе? Қыс бұл жерде «ақ киімді, денелі, ақ сақалды», баяғы бір «кәрі құда», шал. Қытымыр қатал қүлқы бар қушұнақ, тентек шал. Шаруаның соры - жұтын ала келетін кеселді «құда». Мал-жанға құрық үйіре келген қағынған қарт. Қысты бұлай адам бейнесінде суреттеу - қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын атымен болған емес. Бұл жердеде мәдениетті поэзияның өкілі Абай өзінің өзгеше өлең ерімін, жаңаша үлгі-өрнегін төгіп отыр.
Абайдың табиғат тақырыбындағы лирикасына кіретін біраз өлеңдері – аудармалар. Бірақ Абай аудармасының өзіндік өзгешеліктері бар. Оның көпшілік аудармалары сол өлеңнің түп нұсқасымен жолма-жол қабысып, бірдей шығып отырмайды. Автордың айтайын деген ойын, негізгі желісін алады да, соны өзінше толғап, анаумен жарыса жырлап кетеді. Қайсы бір өлеңнің басы бірдей басталады да, аяғы өзінше бітеді. Абайдың эстетикалық көзқарасы айқын аңғарылады. Ол өлеңді өмірге игі әсерін тигізетін, адамға ақыл-өнеге беретін өнер деп білген. Ақын алдымен азамат болуы, халықпен бірге қуанып, бірге күрсінуі керек, сөйтіп өлеңнің тілегін толғап, мүддесін ойлап, сырын жырласып, шындықты суреттесін дейді.
Бақылау сұрақтары:
1. Ақынның лирикалық туындылары.
2. Дәстүр және жаңашылдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет