Абдигалиева т. Б



Pdf көрінісі
бет18/71
Дата12.12.2022
өлшемі1,65 Mb.
#56730
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   71
Зертханалық тәжірибе. Зертханалық жағдайда әртүрлі құралдарды
арнайы модельді қондырғыларды, стенд және жабдықтарды қолданумен 
жүргізіледі. Әдетте зертханалық тәжірибелерде объектінің өзі емес оның 
жобасы зерттеледі.Бұл –тәжірибені қайталау арқылы бір сипаттаманың 
басқалай түрленгендегі әсерін зерттеуге, уақыт пен қордың аз шығыны мен 
жақсы ғылыми ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бірақ мұндай тәжірибе 
зерттелетін үрдістің жүрісін толық көрсетпейді, сондықтан жаратылысты 
тәжірибені жүргізу қажеттілігі туады. 
Жаратылысты (натурный) тәжірибе–табиғи жағдайларда нақты 
объектілерге орындалады. Тәжірибенің бұл түрі көбінесе дайындалған жүйені 
жаратылысты сынау үрдісінде қолданылады. Сынақты орындау жеріне 
байланысты табиғи тәжірибелер өндірістік, өрістік-полигондық, жартылай 
жаратылысты және т.б. болып бөлінеді. Жаратылысты тәжірибе мұқият 
жоспарлауды және ойластыруды, зерттеу әдістерін рационалды таңдауды қажет 
етеді. Барлық жағдайда жаратылысты тәжірибенің негізгі ғылыми проблемасы
қажетті мөлшерде тәжірибе жағдайының сәйкестенуін қамтамасыз ету болып 
табылады. Сондықтан, тәжірибенің негізгі есебі: зерттелетін объектіге әсер 
ететін ортаның сипаттамасын зерттеу, объектінің статикалық және 
динамикалық көрсеткіштерін теңдестіру, объект қызметінің тиімділігін бағалау 
және оның берілген шартқа сәйкестігін тексеру. 
Қарапайым тәжірибе – тармақталған құрылысы жоқ, өзара байланысқан 
және өзара әсерлескен аз мөлшердегі элементтері бар қарапайым объектілерді 
зерттеуге қолданылады. 
Күрделі тәжірибеде –құрылысы тармақталған өзара байланысып 
әсерлескен, элементтерінің мөлшері күрделі қызмет орындайтын объектілер 
немесе құбылыстар зерттеледі. Элементтердің байланысуының жоғары 
дәрежесі кез келген элементтің немесе байланыс күйінің өзгеруіне, жүйенің 
басқа элементтер күйінің өзгертуіне әкеліп соғады. Зерттеудің күрделі 
объектілерінде бірнеше әртүрлі құрылымдар мен мақсаттар бар болуы мүмкін.
Заттық тәжірибеде– зеттелетін объектінің күйіне әртүрлі заттық 
факторлардың әсерін зерттейді. Мысалы әртүрлі қоспалардың мұнай сапасына 
әсері. 
Энергетикалық 
тәжірибе–әртүрлі 
энергияның 
(электромагнитті, 
механикалық, жылу, т.б.) энергияның зерттелетін объектіге әсерін зерттеу үшін 
қолданады. Тәжірибенің бұл түрі табиғи ғылымда кең тараған. 


42 
Қалыпты (немесе классикалық) тәжірибеге- зерттеуші тәжірибелік 
зерттеудің объектісі және тәжірибені жүзеге асыратын саймандар (құралдар, 
құрылғылар, зертханалық қондырғылар) кіреді. Қалыпты тәжірибеде 
тәжірибелік құрал-жабдықтар зерттелетін объектімен тікелей байланыста 
болады. Олар зерттеуші мен зерттелетін объектіні байланыстырушы болып 
табылады. 
Модельді тәжірибенің қалыпты тәжірибеден айырмашылығы зерттелетін 
объектінің моделімен жұмыс жасауы. Модель тәжірибелік қондырғылар 
құрамына ондағы зерттелетін объектінің орнына қолданылады және объектіні 
зерттейтін кейбір жағдайларды да алмастырады.Модельдеу кезінде тәжірибелік 
құралдардың 
арасындағы 
айырмашылық 
ойшажәне 
материалдық 
тәжірибелергебөлінеді. Ойша тәжірибенің құралдары ретінде зерттелетін 
объектілердің ойша модельдері немесе құбылыстары (сезімдік нұсқалары
нұсқалы-модельді, таңбалық модельдері) құрылады. Ойша тәжірибені жүзеге 
асыру үшін кейде дәріптелген немесе қиялдағы тәжірибе қолданылады. Үрдіс 
кезінде қиялдағы нақты тәжірибе құрылысы бейнеленген ойша тәжірибені 
танып білетін субъектінің ой қызметінің бір формасы болып табылады. Ойдағы 
тәжірибе құрылысының құрамына: зерттелетін объект моделін ойша және 
дәріптелген тәжірибе жағдайларын, оның объектіге әсерін құрастыру; саналы 
және жоспарлы өзгеруін, тәжірибе жағдайларын және объектіге әсерін 
құрамалау; тәжірибенің барлық кезеңдеріне ғылымның объективті заңдарын 
саналы және дәл қолдану кіреді. Мұндай тәжірибе нәтижесінде тұжырым 
шығарылады. 
Материалдық тәжірибе құрылысы осыған ұқсас. Бірақ материалдық 
тәжірибеде идеалды емес, материалды объектілер қолданылады.Материалдық 
тәжірибенің ойша тәжірибелерден айырмашылығы нақты тәжірибе сананың 
сыртқы ортамен объективті материалды байланысының формасы болып 
табылады, ол ойша тәжірибе субъектінің теориялық қызметінің өзіндік 
формасы болып табылады. 
Ойша тәжірибе нақтыға қарағанда кеңінен қолданылады, өйткені ол нақты 
тәжірибені жоспарлау мен дайындауда ғана емес, оны жүргізу мүмкін болмаған 
жағдайда да қолданады.Ойша тәжірибе нақты тәжірибені ауыстыра отырып 
таным шектерін кеңейтеді, өйткені басқа құралдармен алу мүмкін емес 
ақпараттармен қамтамасыз етеді. Ойдағы тәжірибе нақты тәжірибенің шарасыз 
шектелуін, нақты тәжірибеде толық жою мүмкін емес себептерді абстракциялау 
арқылы алдын алады. 
Ойдағы тәжірибені тек қана ғалымдар емес, жазушылар, суретшілер, 
оқытушылар, дәрігерлер де қолданады. Ойша тәжірибелеу шахматшы 
ойларында да көрінеді, ойдағы тәжірибенің техникалық құрастыруда және 
өнертапқышта ролі зор. Бұл тәжірибенің нәтижесі формулаларда, сызбаларда, 
графиктерде, эскиздік жобаларда, жол-көлік жобада көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет