47
ол ғылым тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы
тәжірибені талдап, баға беріп тарату керек.
Озық ғылыми тәжірибенің белгілері оның өзіне қойылатын талаптарымен
ұштасады.
Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына,
әлеуметтік сұранысқа
сәйкестігі. Озық студенттер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір
талаптарына сай жұмыс істеп, ғылыми үдерісті жетілдірудің тиімді жолдарын
табады.
Озық тәжірбиенің
екінші белгісі – ғылыми қызметтің тұрақты, жақсы
нәтижелері. Ғылыми «өнім» – студенттердің білім,
іскерлік, дағдыларының,
жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.
Оқытушы сабақтарын дұрыс бағалап, студенттердің білім сапасын
тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:
- студенттердің бағдарламадағы оқыту материалын меңгеруі;
- өз беттерімен білім ала білуі;
- білімдерін шығармашылықпен тәжірбиеде колдануы;
- студенттердің жалпы дамуы.
Білім сапасы студенттердің байқампаздығынан, талдау,
жинақтау,
абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын
анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған
керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді.
Студенттердің тәртібі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-
тұрысынан байқалады.
Озық тәжірибенің
үшінші белгісі– оқу, тәрбие тұрақты, жақсы нәтижелерге
жету үшін оқытушылар мен студенттердің өз күштері
және құралдарын
орнымен жұмсауы. Студенттерге шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп,
басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірбие озық
тәжірбие деп есептелмейді.
Жаңалық - озат ғылыми тәжірбиенің
төртінші белгісі. Ғылыми озық
тәжірбие оқу- тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады.
Сондықтан, әрбір оқытушы еліміздегі жаңашыл оқытушылардың бай
тәжірбиесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең
зерттеп, өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.
Студент озық ғылыми идеяларды және жаңашыл ғылыми тәжірбиесін
игеру үшін оларды өзінің ғылыми жүйесінің құрамдас бөлігі етеді,
жетілдіріп
дамытады. Оларға өзінің шығармашылық ойының элементін енгізеді. Озық
идеяларды және ғылыми тәжірбиені енгізу мен таратудың түсінікті формалары
– ауызша және баспасөз арқылы насихатталады.
Тәжірибе жоспарына (бағдарламасына) мыналар кіреді:
- Тәжірибенің мақсаты және есебі;
- Түрленетін факторларды таңдау;
- Тәжірибе көлемін негіздеу;
- Тәжірибе саны;
- Тәжірибені өткізу реті;
48
- Факторлардың өзгеру ретін анықтау;
- Факторлардың өзгеру жүрісін, болашақ тәжірибелік нүктелер
арасындағы интервалды анықтау;
- Өлшеу құралдарын негіздеу;
- Тәжірибенің жүргізілуін сипаттау;
- Тәжірибе нәтижелерін таңдау және өңдеу тәсілдерін негіздеу.
Тәжірибенің математикалық теориясын қолдану белгілі бір түрде
жоспарлау кезінде-ақ тәжірибелік зерттеу көлемін жақсартуға және олардың
дәлдігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Тәжірибені дайындаудың негізгі
сатысы оның мақсатымен есебін анықтау болып табылады. Нақты бір тәжірибе
үшін есеп көлемі өте көп болмауы қажет (3-4, немесе максимал 8-10). Сонымен
қатар аппарат және машина, басқа да қондырғылар жинағын негіздеу қажет.
Осыған
байланысты
экспериментатор
елде
шығарылатын
өлшеуіш
аппаратурасымен жақсы таныс болуы керек (жыл сайын шығатын каталогтар
көмегімен).
Басқа жағдайларда қондырғы, стенд, тақырыпты өрістету үшін
машиналар, құралдарды құру қажеттілігі туады. Бұл кезде құралдарды және
басқа да саймандарды құрастыру мен өндіру мен теориялық есеппен және
практикалық пайымдаумен мұқият негізделуі қажет.
Өлшеу әдістері өлшеудің әдіс тәсілдерін зерттейтін метрология арнайы
ғылымының заңдарына негізлелуі керек.Бір үрдісті тәжірибелік зерттеу кезінде
құралдағы қайталанатын есептер, ереже бойынша бірдей болмайды. Ауытқулар
әртүрлі себептермен түсіндіріледі - зерттелетін дене қасиетінің біртексіздігі
(материал, құрылысы және т.б.), құралдардың және оның кластарының
дәлдігінің жетілмегендігі, экспериментатордың субъективті ерекшеліктері және
т.б. Тәжірибеге әсер ететін кездейсоқ факторлар көп болған сайын,
өлшеу
кезінде алынатын сандардың айырамашылығы көп, яғни жеке өлшемдердің
орташа мәнінен ауытқуы көп болады. Бұл қайта өлшеуді қажет етеді,
сәйкесінше олардың минимал мөлшерін білу керек. Өлшеудің қажетті минимал
мөлшері ретінде берілген тәжірибеде дәлдіктің берілген деңгейін
қанағаттандыратын, өлшенетін шаманың орнықты орташа мәнін қамтамасыз
ететін өлшем мөлшері алынады.
Достарыңызбен бөлісу: