53
- мораль мен құқық нормалары тұрғысынан жол берілетін;
- ғылыми, яғни мықты ғылыми негізі бар.
ЖОО студенттері ғылыми зерттеулердің жұмыс бағдарламаларын
әзірлемейді, бірақ олар оқу жұмыстарын дайындау жоспарын құруға міндетті.
Магистрлік, дипломдық немесе курстық жұмыс жоспарында кіріспе,
бөлімшелерге бөлінген негізгі бөлім және қорытынды болуы тиіс.Жоспар
қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін. Қарапайым жоспар негізгі
сұрақтардың тізбесін қамтиды. Күрделі жоспарда әрбір бөлім кіші бөлімдерге
бөлінеді. Кейде аралас жоспар құрайды, онда бір бөлімдер бөлімшелерге
бөлінеді, ал басқалары бөлінбей сол күйі қалдырылады.
Жоспарды жасау кезінде төмендегі қағидаттар орындалғаны абзал:
- сұрақтар таңдалған тақырыпқа сәйкес келді және оның шегінен
шықпаған;
- тақырып сұрақтары логикалық ұстанымда болған;
- зерттеудің негізгі аспектілерін көрсететін тақырыптар міндетті түрде
енгізілген;
- тақырып жан-жақты зерттелген.
Жоспар түпкілікті соңғы нұсқа болып қалмайды және зерттеу процесінде
өзгеруі мүмкін, өйткені объектіні зерттеудің жаңа аспектілері мен ғылыми
есептің шешімдері шығуы мүмкін. Зерттеу жоспарына (бағдарламасына) сәйкес
ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі кезеңдерін реттеу үшін жұмыс жоспары
(жоспар-кесте) жасалады.
Студент белгіленген мерзімде қойылған мақсатқа қол жеткізуге және
ғылыми міндеттерді шешуге әкелетін жұмыстарды орындаудың логикалық
жоспарын жасай білуі тиіс. Жұмыс барысында ең бастысы маңызды бөлігін
назарға алып, қалған бөліктерін де ұмытпау қажет. Зерттеу жұмысын орындау
кезінде зерттеушінің өте маңызды қасиетінің бірі ол – тек қана қарау ғана емес,
сондай – ақ көру, атап айтқанда, басты зерттеу сызығынан бас тартпай кіші
мәселедегі үлкен мәселені көру, байқау.
Достарыңызбен бөлісу: