Абдигалиева т. Б



Pdf көрінісі
бет25/71
Дата12.12.2022
өлшемі1,65 Mb.
#56730
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   71
4.3 Ғылыми ақпараттың негізгі көздері 
 
 
Ақпарат көзі–деп қандай да бір мәліметтерді қамтитын құжатты айтады. 
Құжаттарға ғылыми ақпараттың негізгі көзі болып табылатын түрлі 
басылымдар жатады. Басылым– бұл ондағы ақпаратты таратуға арналған
редакциялық – баспалық өңдеуден өткен, баспа немесе баспалау арқылы 
алынған, өз бетінше полиграфиялық рәсімделген, шығу мәліметтері бар құжат. 
Ғылыми ақпарат көздеріне жарияланбаған құжаттар: диссертациялар, сақтауға 
берілген қолжазбалар, ғылыми – зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-
конструкторлық әзірлемелер туралы есептер, ғылыми аудармалар, шолу-
талдамалық материалдар да жатады. Басылымдарға қарағанда бұл құжаттар кең 
және бірнеше рет пайдалануға есептелмеген, қолжазба түрінде болады немесе 
машиналық құралдарымен басылып аз мөлшерде тираждалады. Ғылыми 
ақпараттың барлық құжаттық көздері бастапқы және қайталамаболып 


54 
бөлінеді. Бастапқы құжаттар бастапқы ақпаратты, ғылыми зерттеулердің 
тікелей нәтижелерін (монографиялар, ғылыми еңбектер жинақтары, 
диссертациялардың авторефераттары және т.б.) қамтиды, ал қайталама 
құжаттар бастапқы құжаттарды аналитикалық және логикалық қайта өңдеу 
нәтижесі болып табылады (анықтамалық, ақпараттық, библиографиялық және 
басқа да осындай басылымдар).
Басылымдар әр түрлі негіздер бойынша жіктеледі: 
- нысаналы мақсаты бойынша (ресми, ғылыми, оқу, анықтамалық және т.б.); 
- ақпаратты талдау дәрежесі бойынша (ақпараттық, библиографиялық, 
реферативтік, шолу); 
- материалдық құрылымы бойынша (кітап, журнал, парақ, газет және т.б.); 
- белгілі табиғаты бойынша (мәтіндік, ноталық, картографиялық); 
- көлемі бойынша (кітап, брошюралар, парақтар); 
- мерзімділігі бойынша (үздіксіз емес, сериалық, периодты, жалғасушы); 
- негізгі мәтіннің құрамы бойынша (монобасылым, жинақ); 
- құрылымы бойынша (серия, бір томдық, көп томдық, шығармалар жинағы, 
таңдамалы шығармалар және т.б.). 
Ғылыми зерттеулерде ғылыми – зерттеу жұмысы бойынша қажетті ақпарат 
басылуы мүмкін басылымдар аса қызығушылық танытады. Бұл ғылыми, оқу, 
анықтамалық және ақпараттық басылымдар болуы мүмкін.
Ғылыми басылымдардың түрлері. 
Теориялық және (немесе) эксперименттік зерттеулердің нәтижелері, 
сондай-ақ, жариялауға ғылыми түрде дайындалған мәдениет ескерткіштері мен 
тарихи құжаттары бар басылым ғылыми болып саналады. Ғылыми басылымдар 
келесі түрлерге бөлінеді: монография, диссертацияның авторефераты, 
препринт, ғылыми еңбектер жинағы, ғылыми конференция материалдары, 
ғылыми конференция баяндамаларының тезистері, ғылыми – көпшілік 
басылым. 
Монография– бір мәселені (проблеманы) немесе тақырыпты толық және 
жан-жақты зерттеуді қамтитын және бір немесе бірнеше авторларға тиесілі 
ғылыми немесе ғылыми-танымал кітап басылымы. 
Диссертацияның авторефераты– ғылыми дәрежені алуға ұсынылған, 
автор жасаған зерттеу рефераты бар брошюралар түріндегі ғылыми басылым. 
Препринт– басылым жарыққа шыққанға дейін жарияланған алдын ала 
сипаттағы материалдары бар ғылыми басылым. 
Ғылыми еңбектер жинағы– ғылыми мекемелердің, оқу орындарының 
немесе қоғамдардың зерттеу материалдарынан тұратын жинақ. 
Ғылыми конференцияның материалдарығылыми конференцияның 
қорытындылары (бағдарламалар, баяндамалар, ұсыныстар, шешімдер) бар 
ғылыми-периодты емес жинақ. 
Ғылыми 
конференцияның 
баяндамаларының 
(хабарламаларының) 
тезистері – конференция басталғанға дейін алдын ала жарияланған 
материалдары (аннотациялар, баяндамалар мен хабарламалардың рефераттары) 
бар ғылыми периодты емес жинақ. 


55 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет