94
- мәселені зерделеу кезінде дереккөздердің дұрыстығын бағалау, нәтижелердің
шынайылық
және
нақты
негізділік
деңгейін,
әдістемелік
және
интерпретациялық қателердің болуын анықтау;
-
өз деректерін іріктеу, талдау және түсіндіру кезінде "сәтсіз"
эксперименттердің нәтижелерін мұқият талдау;
- мақаланы жазу кезінде, мәселені тұжырымдау және нәтижелерді талқылау
кезінде осы мақаланың нәтижелеріне қайшы келетін нәтижелері мен
қорытындылары бар әдеби деректерді керексіз тастамау да қажет.
Алғыс.
Ғылыми жұмыстың орындалуы мен мақаланың шығуына еңбек сіңірген
авторлардың тізімі әрдайым титулдық беттегі тізіммен шектеліп қала бермейді.
Әдетте, авторлардың тізіміне қосылмаған, бірақ алғыс білдіру керек тұлғалар
қатарына кеңес берген, жарияланбаған мәліметтер берген, зерттеулер жүргізу
кезінде техникалық жұмыстарды орындаған, ғылыми жұмыстарды жүргізуді
қамтамасыз еткен, қолжазбаларды оқу кезінде сыни ескертулер айтқан және т.б.
адамдар жатады. Сонымен қатар, қандай да бір қор немесе ұйым зерттеу
жұмыстарын қаржылық қолдауға көмек берсе, онда оларға алғыс білдіру
сілтеме түрінде келтірілуі мүмкін.
Бақылау сұрақтары:
1. Ғылыми қауымдастық этикасының негізгі принцптері қандай?
2. «Ғылыми этика» деген ұғымды қалай түсінесіз?
3. Ғылыми шығармашылық бостандығының мәні неде?
4. Ғылыми этика нормалары қандай?
5. Әріптестердің арасындағы қарым-қатынасты және ынтымақтастықты
реттейтін нормаларды атаңыз.
6. Ғылыми эттканың бұзылуы қандай жағдайларда байқалады?
7. Авторлық құқық дегеніміз не және ол қандай жағдайларда бұзылады?
8. Жарияланымдарды дайындау кезіндегі ғылыми этика нормалары
қандай?
9. Мақаланы жариялау орнын таңдау қалай жүзеге асады?
10. Мақала соңында жазылатын «алғыс» бөлімінде қандай ақпараттар
жазылады?
Достарыңызбен бөлісу: