96
8.2 Ғылыми-зерттеу институттарын басқару
Әрбір ғылыми-зерттеу мекемесін директор басқарады, ол мекеменің
жұмысын басқаруды және өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру функцияларын
жүзеге асырады.
Ғылыми-зерттеу
мекемесінің
директоры
мекеменің
жұмысына
қолданыстағы заңнаманың негізінде және осы мекеменің Жарғысына және
жоғары тұрған басқару органдарының актілеріне жеке-дара басшылық етеді. Ол
ғылыми-зерттеу мекемесінің Жарғысына сәйкес берілген барлық құқықтарды
пайдаланады және барлық мемлекеттік және қоғамдық органдар мен
ұйымдарда ғылыми мекеменің атынан сөйлейді. Директор мекеменің барлық
жұмысын ұйымдастырады және оның жағдайы мен қызметі үшін толық жауап
береді. Ғылыми-зерттеу мекемесінің директоры қызметінің заңды нысаны ол
өзі қол қоятын бұйрықтар болып табылады. Жарғы бойынша ғылыми-зерттеу
мекемелері басшыларының қатарына директордан басқа директордың
орынбасарлары мен ғылыми хатшысы кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: