Абдигалиева т. Б



Pdf көрінісі
бет52/71
Дата12.12.2022
өлшемі1,65 Mb.
#56730
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71
Директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасарлары институт 
директоры белгілеген міндеттерді бөлуіне сәйкес: 
- институттың бірқатар бөлімдерінің, секторларының (зертханаларының), 
тақырыптық (проблемалық) топтарының және ғылыми-көмекші бөлімшелерінің 
ғылыми және ғылыми-ұйымдастыру жұмыстарына жетекшілік етеді; 
- институт директоры мен жоғары тұрған ұйымдардың алдында өздері 
басқаратын құрылымдық бөлімшелер қызметінің нәтижелері үшін жауапты 
болады. 
Ғылыми мекеменің ғылыми хатшысы директорға және оның ғылыми 
жұмыс жөніндегі орынбасарларына институтта ғылыми және ғылыми-
ұйымдастыру жұмыстарына басшылық жасауға көмек көрсетеді. 
Құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстары негізінде ол келесідей 
жобаларды құрастырады: 

ғылыми-зерттеу және тәжірибелік - зерттеу жұмыстарының 
жоспарларын; 
- институттың Ғылыми кеңесінің қызметін; 
- ғылыми кадрларды даярлау жоспарларын; 
- қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді; 
- ғылыми еңбектер шығару, ғылыми симпозиумдар, конференциялар мен 
кеңестер өткізуді; 
- құрылымдық бөлімшелер мен ғылыми қызметкерлердің есептерін 
тексереді және олардың негізінде мекеме жұмысы туралы есептердің 
жобаларын жасайды. 
Ғылыми хатшының міндетіне институттың ғылыми өнімдерін шығаруды 
қамтамасыз ету кіреді. Ғылыми хатшы ғылыми - көмекші бөлімшелердің 
жұмысына басшылық жасайды.
Ғылыми-зерттеу мекемесінің Ғылыми Кеңесі. Барлық ғылыми-зерттеу 
мекемелерінде Ғылыми Кеңес құрылады, ол салалық бейіндегі кейбір ғылыми 


97 
ұйымдарда Ғылыми-техникалық Кеңес деп те аталады. Өзінің құқықтық 
жағдайына сәйкес Ғылыми Кеңес – институт директорының кеңесші органы, 
бірақ кейбір мәселелер бойынша оның шешімдері заңды түрде міндетті сипатқа 
ие бола алады. Оның құрамына директор, оның ғылыми бөлім жөніндегі 
орынбасарлары, институттың ғылыми хатшысы, жетекші ғалымдар кіреді. 
Сонымен қатар, Ғылыми Кеңестің құрамына осы институтта жұмыс істемейтін 
кейбір жетекші ғалымдар, сондай-ақ практикалық қызметкерлер де кіре алады. 
Ғылыми Кеңестің құрамына ірі ғалымдарды енгізу күрделі ғылыми 
мәселелерді шешуде кеңестің құзыреттілігін арттырады, институттың 
өндіріспен байланысын нығайтады. Қажет болған жағдайда Ғылыми Кеңес 
жанынан институт директорының орынбасарларының немесе басқа да жетекші 
ғалымдардың төрағалық етуімен белгілі бір ғылыми мәселелер бойынша 
секциялар құрылуы мүмкін. Мұндай секциялар Ғылыми Кеңес шешімімен 
белгілі бір сала бойынша қарастырылатын мәселе атауымен аталады. Ғылыми 
Кеңес директор белгілеген мерзімде жиналады. Кеңес төрағасы - институттың 
директоры, 
ал 
ол 
болмаған 
жағдайда 
ғылыми 
бөлім 
жөніндегі 
орынбасарларының бірі бола алады. Кеңестің ғылыми хатшысы болып 
институттың ғылыми хатшысы, Кеңес секцияларының ғылыми хатшылары 
болып жетекші немесе аға ғылыми қызметкерлер тағайындалады. 
Соңғы жылдары жалпы ғылыми және салалық бейіндегі ғылыми-зерттеу 
мекемелерінде директор мен ғылыми кеңестен басқа, жарғыларда көзделмеген 
тағы бір тұрақты жұмыс істейтін орган – «Дирекция» жұмыс істейді. Оның 
құрамына директормен қатар оның орынбасарлары, ғылыми хатшы, бөлім және 
сектор басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді. Бұл кеңесші орган. 
Оның отырыстарында көптеген мәселелер шешіледі, оның ішінде: 
- институт қызметінің негізгі бағыттары; 
- институт құрылымы мен штаттарын жетілдіру; 
- жоспарлы тапсырмалардың уақытылы орындалуы; 
- кейбір қаржылық мәселелер; 
- докторантура бойынша ғылыми кадрларды даярлау; 
- конференциялар, симпозиумдар және кеңестер ұйымдастыру; 
- жеке мәселелер бойынша ғылыми баяндамалар; 
- еңбек тәртібінің жағдайы және т.б. 
Талқылау негізінде шешімді институт директоры жеке-дара қабылдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет