99
Ғылыми бөлімшенің меңгерушісі қызметкерлерге тапсырмаларды
белгілейді, оларға бір жолғы тапсырмалар береді және олардың тақырыптары
бойынша жұмысына басшылық етеді. Оның міндетіне төмендегілер кіреді:
- жеке орындаушылар арасындағы өзара байланыс пен өзара түсіністікті
қамтамасыз ету;
- олардың жұмысын үлестіру;
- зерттеу барысында алынған нәтижелерді жинақтау.
Институттың бөлімшелері мен ғылыми бөлімшелердің жетекшілері
ғылыми-зерттеу қызметтеріне белсенді түрде қатысуы маңызды. Сондай-ақ,
бөлім немесе зертхана меңгерушісі өндірісте ғылыми зерттеулерді пайдалану
бойынша іс-шараларды әзірлейді. Ғылыми бөлімше жетекшісі жас ғылыми
кадрларды іріктеу, даярлау және тәрбиелеу, бөлімшенің жұмысына басқа
көрнекті ғалымдар мен мамандарды тарту жөніндегі жұмысты жауапты
атқаруы тиіс. Институттың ғылыми бөлімшесінің басшысы администратор
ретінде де әрекет етеді, ол жекелеген қызметкерлердің және бөлімнің,
зертхананың жалпы ғылыми - зерттеу жұмыстары жоспарының орындалуын
бақылайды, белгіленген тәртіппен атқарылған жұмыс туралы есеп береді.
Достарыңызбен бөлісу: