116
ғылыми-тәжірибелік конференция – ғылыми немесе тәжірибелік
жұмыстың нақты бір аясында мамандардың қоғамдық пікір алмасуының
қоғамдық ұйымдастырылған түрі.
ғылыми-әдістемелік конференция – оқытушылардың, білім беру
саласындағы қызметкерлердің қоғамдық пікір алмасуы және жетістіктерімен
бөлісуі. Бұл іс шара түрі білім беру үрдісін, педагогикалық технологияларды,
ғылыми-зерттеу әдістемесін, білім беру жұмысын басқаруға қатысты
мәселелерді
шешуге
бағытталған
ғылыми-әдістемелік
ұсыныстарды
талқылауды көздейді. Конференциялар талқыланған сұрақтарға қатысты
ұсыныстарды талқылап, қабылдайды.
Тақырыптарына қарай конференциялар бірнеше түрге бөлінеді: нақты бір
тақырыпқа арналған конференциялар: қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар,
техникалық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары және кең тақырыпты,
ғылыми сұрақтарды жалпылайтын конференциялар.
Конференцияларға қатысудың бірнеше түрлері бар:
тікелей қатысу – қатысушы міндетті түрде коференцияға қатысуы керек;
сырттай қатысу – қатысушы өзінің өтініші мен мақаласын
ұйымдастырушы комитетінің электронды поштасына жібереді, конференцияға
келіп қатысуы міндетті емес;
қашықтықтан қатысу – қатысушы өз жұмыс орнында отырып, заманауи
технологиялардың көмегімен қатыса алады.
Қолданылып отырған заманауи телекоммуникациялық технологиялардың
түріне қарай конференциялар келесідей болып бөлінеді:
-интернет-конференция, яғни, жеке тұлғаның интернет желісі арқылы
мақсатты интернет аудиториямен байланыс орнатуы;
-веб-конференция, яғни, нақты уақыт аралығындағы интернет арқылы
онлайн-байланыс құру. Вебконференцияларда онлайн-презентацияларды
жасауға, құжаттар және қосымшалармен жұмыс жасауға, сайттарды,
бейнефайлдарды және суреттерді синхронды түрде қарауға мүмкіндік болады.
Достарыңызбен бөлісу: