Абдигалиева т. Б



Pdf көрінісі
бет57/71
Дата12.12.2022
өлшемі1,65 Mb.
#56730
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   71
Стажировкадан (тағлымдамадан) өту.Ірі жоғары квалификациялы 
ғылыми кадрлары бар жерлерге аталған сала бойынша квалификациялы 
мамандарды 
қажет 
ететінЖОО 
– 
ры 
өз 
қызметкерлеріменмашықтанушыларынжібереді. 
Мұндай 
кезде 
стажер-
оқытушы міндеті тек бір мақсатқа қолданылады. Стажер-оқытушының ғылыми 
жетекшісі сол кафедраның меңгерушісі немесе профессоры болып табылады. 
Әрбір стажерге жеке жоспар белгіленеді. Стажировканы аяқтауға бір ай 
қалғанда ол өзін педагогикалық жұмысқа ұсыну мүмкіндіктері туралы арнайы 
комиссияның аттестациясынан өтеді. 
Қазақстан 
Республикасындағылыми-зерттеужұмыстарын 
ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының жоғарғы ғылыми мекемесі - елдің 
барлық жоғарғы оқу орындары мен ғылыми мекемелеріне қоғамдық және 
жаратылыс ғылымы салалары бойынша ғылыми жұмыстарды іске асыратынҚР 
Ұлттық Ғылым Академиясыболып табылады. 
ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы тікелей ҚР Үкіметіне бағынышты. Төрт 
жылда бір рет жалпы жиналыс академия жұмысынажетекшілік жасайтын 
Президентті тағайындайды. 


106 
Осығансәйкес Президиумда барлық ғылыми – ұйымдастыружұмыстарын 
қамтамасыз ететін ұйымдар құрылған. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясына 
өндіріс салаларының ғылыми-техникалық прогресстік жағдайына тікелей әсер 
ететін, ғылымның маңызды бағыттарын зерттеуді орындап отыратын бірқатар 
ғылыми-зерттеу институттары бағынады. 
9.3 Жоғарғы оқу орындарынан кейінгі білім беру бағдарламалары 
Магистратура. «Магистр» сөзі - латын сөзінен аударғанда «тәрбиеші», 
«оқытушы», «жетекші» деген мағынаны береді. Орыс тіліндегі аудармасында 
ол «өз ісінің шебері» дегенді білдіреді. Ертеректе «магистр» бұл батыс 
Еуропаунверситетінің философия факультеттеріндегі докторлық дәрежеден сәл 
төмен тұратын оқу дәрежесі болған. Қазіргі ағылшындық - американдық 
жоғарғы білім жүйесінде магистр дәрежесі бакалавр мен ғылым 
докторыаралығындағы орынды иемденеді.Ресейде магистірлік оқу дәрежесі 
1803 жылы кандидат және ғылым докторы дәрежесі қатарына енгізілді. Бұл 
дәрежеге ие болған тұлғалар кафедра басқаруға құқылы болған. 1884 
жылы 
ғылым кандидаты алынып тасталынды. Осы уақыттан бастап Ресейде тек екі 
оқу дәрежесі — магистр және ғылым докторы деп қана аталды. 1917 жылғы 
Ресейдегі төңкерістен кейін оқу дәрежелерінің барлығы дерлік жойылды. 
Алайда, 1934 жылы кандидат және ғылым докторы оқу дәрежелері қайта 
құрылды. 
Ал, Қазақстан Республикасының жоғарғы білім құрылымында магистрдің 
академиялық дәрежесі 1994 жылыенгізілді және ғылыми деңгейі бойынша 
бакалавр дәрежесінен соң және ғылым кандидаты дәрежесінің алдында 
тұрады.Бұл дәреже оқу емес академиялық болып табылады, ол жоғарғы оқу 
орнын бітірушінің білімін көрсету және оның ғылыми қызметкер ретіндегі 
икемі мен дағдысының қаншылықты бар екендігін куәландырады. 
Магистр дәрежесі ғылыми - зерттеу немесе ғылыми - педагогикалық 
әрекетке бағытталған. Магистрлік жұмыс таңдалған тақырыптың нәтижесін 
көрсетуші. Магистрлік жұмыс алынған нәтижелердің жиынтығын көрсетуде 
оның авторының таңдаулы кәсіптік әрекетінде бастапқы ғылыми 
дағдыларының бар екендігін көрсетуі қажет.Магистірлік жұмыс кандидаттық 
және докторлық диссертациялармен бірнеше белгілеріне қарай ұқсас, бірақ 
толық мағынасында ғылыми туынды деп атауға келмейді, дегенмен магистірлік 
дайындық - бұл докторантураға түсуге, ары қарай докторлық диссертацияны 
дайындауға апаратын ғылыми - зерттеу әркетенің бірінші баспалдағы.Ол 
зерттеу жұмыстарын үлгілеу негізіндегі оқу - зертеу жұмысатарының қатарына 
жатқызылуы қажет. Магистрлік жұмысқа дайындау мен оны қорғау 
процедурасы барынша қарапайым. Мысалы, ғылыми басылымдарда алынған 
нәтижелердің жарық көруі, авторефераттарды дайындау міндетті түрде талап 
етілмейді. 
Магистр - жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген тұлғалар 
біліктілігі.Магистратура – білім беру бағдарламалары «магистр» дәрежесін бере 


107 
отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім 
беру. Магистратура жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игерген 
тұлғалар үшін өткізіледі. 
АТУ магистратурасы 2003 жылдан бастап “магистр” академиялық 
дәрежесін бере отырып, тереңдетілген даярлықпен ғылыми-педагогикалық 
кадрларды және мамандарды даярлау формасы ретінде жұмыс істейді.АТУ 
магистратурасының білім беру бағдарламалары даярлаудың екі бағыты – 
ғылыми-педагогикалық және бейінді. Сонымен қатар, бітірушілерге 
кейіннен ғылыми, педагогикалық, басқарушылық және сараптамалық 
қызметпен табысты айналысуға мүмкіндік беретін тереңдетілген 
мамандандырылған кәсіптік дайындықты қамтамасыз етеді. 
АТУ магистратурасында оқу белсенді зерттеу жұмыстарын, ғылым мен 
тәжірибенің басым салаларында жетекші мамандардың басшылығымен 
университеттің ғылыми жобаларына қатысуды көздейді.Магистратураның 
білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру университеттің жетекші 
шетелдік білім беру және ғылым ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықта 
жүзеге асырылады. АТУ магистранттары үшін жыл сайын шақырылған 
шетелдік профессорлар дәріс оқиды, университеттің халықаралық 
байланыстарының арқасында магистранттар шетелдік жоғары оқу 
орындары мен зерттеу орталықтарына оқуға және тағылымдамадан өтуге 
мүмкіндіктері бар. 
АТУ магистратураның 19 мамандығы бойынша мамандар даярлауды 
жүзеге асырады. 
Магистратураға түсуші тұлғалар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі 
бiлiм беру ұйымдарына (ЖЖОКБҰ) мынадай құжаттарды тапсырады: 
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 
мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген Кешенді тестілеу өткізудің үлгілік 
қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 
№18657 болып тіркелген) сәйкес белгіленген нысанда ұйым басшысының 
атына өтінішті; 
2. жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына 
құжаттарды тапсыру кезінде); 
3. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; 
4. 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет; 
5. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама 
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау 
министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып 
тіркелген) (бұдан әрі - № 907 бұйрық) 086-У нысанындағы медициналық 
анықтаманы; 
6. Үлгілік қағидалардың 14-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша 
тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет