Абдыхалыкова жазира есенкелдиевна



бет18/89
Дата27.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#129504
түріДиссертация
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   89
Байланысты:
disser abdykhal

авторлық анықтама береміз.
Сонымен бірге, американдық ғалымдардың еңбектеріне теориялық талдау жүргізу, АҚШ-тың педагогикалық ғылымында, АҚК орталықтарының негізгі мақсаттары мен іс-әрекеттерін айқындауға, нақтылауға мүмкіндік берді:

  • студенттің білім алу мақсатын анықтау;

  • оқу пәндерінің мазмұнын нақтылауға, мәнін түсінуге көмектесу;

  • студенттің өздік жұмыстары мен ғылыми-зерттеу жобаларын орындауға жетекшілік жасау;

  • оқу шарттары мен келісімдерін орнату;

  • арнайы оқу пәндері немесе тақырыптары бойынша қосымша жеке-дара сабақтар өткізу;

  • студенттік өмірге бейімдеу;

  • студенттердің оқу-танымдық, әлеуметтік дағдыларын дамыту.

Бұл қызметтердің топтастыру мәселесінің әртүрлі болғанымен, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде студентке бағытталған оқыту ортасын қалыптастыруда шешуші факторы болып, білім алушылардың оқу тәжірибесі мен оқу сапасын арттыруға тікелей әсер ететін маңызды құрал екенін анықтаймыз.
АҚШ университеттерінде, академиялық қолдау көрсету орталықтары кәсіби дайындалған мамандар арқылы ұйымдастырылған, професор-оқытушылардың іс-әрекетін жеңілдетуге, олардың студенттермен жеке-дара жұмыс жасаудағы уақытын үнемдеуге әсерін тигізетін студент-оқытушы қарым-қатынасынан дербес ұйымдастырылған, университеттің жеке білім беру құрылымы деп те тұжырымдауға болады.
Соған байланысты, неліктен АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде АҚК орталықтарының студенттер тарапынан сұраныста болуының себебі неде? деген сұрақ туындайды. Әрине, ол мәселені, университеттік оқыту – тәрбие үдерісінің басты ерекшеліктерінен анықтауымыз қажет.
Осы мәселеге қатысты ғалым, V.Тinto «Білім беру ортасының студенттің жетістігіне әсері» (The impact of learning communities on student success) [87, 134-139 б.] еңбегінде, АҚК орталықтарының университет ортасында өзіндік өміршеңдігінің екі себебін анықтайды: біріншісі, студенттің білімін қадағалауда қатаң талаптардың қойылуы; екіншісі, оқыту үдерісінің жекедаралануы.
Студенттің білімін бағалауда қойылатын қатаң талаптар мәселесін қарастырсақ, АҚШ университеттерінде білім сапасы үнемі қадағаланып отырады, ағымдық бақылаудың нәтижесі, қорытынды бағалауға әсер етеді. Студенттің аудиториядан тыс орындайтын өздік жұмыстарына көп көңіл бөлінеді. Дәріс, семинар, практикалық сабақтарына қатысу үшін, студент дербес оқу-танымдық іс-әрекет нәтижесінде көп мөлшерде, пәнге қатысты әдебиеттерді оқып, меңгеруі тиіс. Студент, профессордың дәріс сабағына дайындалмаса, пікірталастарға қатыса алмайды. Баға қою барысында пікірталастарға, семинарларға қатысу, семестр бойы қорытынды тест, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері әсер етеді. Студенттің өздік жұмыстары плагиат бағдарламасына тексеріліп, ал ондай жағдайлар кездессе, білім алушының алдыңғы академиялық жетістіктерін есептеусіз, университеттен шығаруға дейін алып келетін қатаң жазалар, ескертпелер жүргізіледі. Мысалы, Стэндфорд университетінде, плагиат мәселелерін алдын-алу үшін студенттерден «ар-намыс кодексіне» қол қоюын талап етіледі. Дәріс сабақтарына студенттер профессордың электрондық пошта арқылы жіберген материалымен алдын ала танысып, қиындық туғызған сұрақтарын белгілеп келеді. Ал дәріс сабақтары осы мәселелерге профессордың жауап беруі, студенттермен бірігіп талдау бойынша жүргізіледі.
Әрине, білім беру сапасы бірнеше факторлармен анықталатын күрделі мәселе. АҚШ университеттерінде, білім беру сапасы профессор-оқытушы құрамының деңгейімен, студенттік контингенттің білімділігімен, студенттерге, абитуриенттерге қойылатын талаптары, оқу үдерісінің электрондық бағдарламалармен қамтамасыз етілуі, материалды-техникалық база және т.б. критерийлермен анықталады. Білім беру сапасын жетілдіру бағытында оқытушы жұмысының тиімділігіне қойылатын талаптардың критерийлерде жоғары. Мысалы, Кентукки университетінің «Академиялық жетілдіруді зерттеу» орталығының білім алушылармен, оқытушылармен жүргізген сауалнамасына сәйкес, оқытушылардың келесі кәсіби сапаларын айқындаған:

  • пәнді немесе курсты оқытуды ғылыми-концептуалдық тұрғыдан ұйымдастыру;

  • студенттермен позитивті қарым-қатынас жасау дағдысы;

  • пәнді, оны оқыту әдістемесін білуі, студенттердің білімін бағалаудағы объективтілігі;

  • оқытудың инновациялық әдістерін білуі;

  • ақпараттық технологияларды қолдана білуі.

Қатаң оқу талаптарына төтеп бере алмаған, бәсекелестіктен көріне алмаған студенттер университтен шығып кетуіне тура келеді. Студентті, білім беру саласының «тұтынушысы» деп санайтын АҚШ университеттері үшін, бұл жағымды мәселе емес. Яғни, университетті оқу үлгеріміне байланысты «тастап кеткен» әрбір студент, университеттің қаржылық-материалдық жағдайына кері әсерін тигізеді деген ұстаным бар. Сондықтан, АҚК орталықтары арқылы, студенттерге оқу-танымдық іс-әрекетін басқару, ұйымдастыру, жеке оқу траекториясын құрастыру үшін, пәнді игеруге қойылатын қатаң талаптарға қажетті әртүрлі оқу дағдыларын дамыту курстары, күрделі пәндерді меңгеруге қажетті тьютор сабақтары және т.б. белсенді ұйымдастырылады [104]. Бұл жағдайда, орталықтың мамандары, студенттің білімін «толықтырушы», «түзетуші», «жетілдіруші», «қолдаушы» т.б. қосымша педагогтар рөлдерін атқарады деп тұжырымдауға да болады. Осы жағдайда, АҚШ университеттері, студенттердің оқу пәндерін меңгеруге қатаң талаптар қоя отырып, оны орындауға қажетті механизмдерді де қарастырғанын басып айтқан жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет