Абдыхалыкова жазира есенкелдиевна



бет28/89
Дата27.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#129504
түріДиссертация
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   89
Студенттердің ісімен айналысатын қызметтер мен академиялық қолдау көрсету орталықтарының ынтымақтастығы. АҚШ-тың педагогтарының пікірінше, академиялық жетістік когнитивті факторларға ғана тәуелді емес, сонымен қатар студенттің әлеуметтік бейімделуі, эмоционалды тұрақтылығы мен жекетұлғалық саулығымен де байланысты. АҚШ университеттері «жан-жақты» дамыған жекетұлғаны (whole person) қалыптастыруды мақсат етеді. Сондықтан, студенттің жетістігіне әсер ететін академиялық және академиялық емес факторлардың спектрін шешуде маңызды. АҚШ ғалымдарының зерттеулерінде, академиялық, когнитивті мәселелерді жетілдіруге ғана арналған біржақты қолдау көрсету бағдарламаларынан, студенттің әлеуметтік, академиялық, мәдени мәселелерін біріктірген, интегративті курстардың ұтымды екені дәлелденген [93,125б.; 107,27б.]. Сондықтан, АҚК орталықтарының функцияларына, студенттің бос уақытын ұйымдастыру үшін, әртүрлі спорт түрлері, мәдени-шығармашылық курстарына жазу да жатады.
Студент-студент қарым-қатынасында коллегиалдық академиялық ынтымақтастығы. Академиялық қолдау көрсету орталықтарында студентке, оқу үлгерімі жоғары студент тарапынан өткізілетін бағдарламалар да қарастырылған. Оларға пэр-тьютор (peer-tutoring), пэр-ментор (peer-mentoring), коллегиалдық дайындалу ортасы (peer study groups) жатады. Ағылшын тілінен аударған «peer»- пэр «тең», «бір позицияда» деген мағынады білдіреді. Көбіне, «оқытушы» позициясындағы студент, пән бойынша академиялық жоғары көрсеткіштер көрсеткен, профессорден жағымды пікірнама алған жоғары курс студенттері.
Тәжірибелі педагог ғалымдар H. Boylan & L Bliss еңбектерінде жоғары ұйымдастырылған, студент-студент әрекеттестігіндегі коллегиалдық бағдарламалар, студентті университетте сақтап қалу (retention) мен академиялық жетістігіне жетелейтін дамыта оқытудың негізгі компоненті деп анықталған [100, 3б.]. АҚШ ғалымдары, студент-студент қарым-қатынасындағы коллегиалдық бағдарламалардың негізгі төрт басымдықтарын анықтады:
1. бір-біріне жәрдемдесуге негізделген адамгершілік, толеранттылық қарым-қатынасты қалыптастыру;
2. университеттің академиялық қолдау көрсету ресурстарын сараптау;
3. оқытуды жетілдіру стратегиясын дамыту;
4. студент пен студент арасындағы жағымды тәжірибе алмасу, АҚК орталықтарының рөлінің арттыру.
АҚШ–тың жоғары білім беру жүйесі, қазіргі нарықтық кезеңнің өзгерістеріне төтеп бере алатын, өзіндік тәуелсіз саясатымен, әралуандылығымен ерекшеленетін университеттерден тұрады. АҚШ жоғары білім беру жүйесін шетелден келген студенттер арқылы көпұлттандыру саясатында үлкен жетістерге жеткенін айтып кеткен жөн. Халықаралық, жергілікті студенттердің, әралуандылығын ескере отырып, оларға ыңғайлы жеке оқу траекториясын қалыптастыруға академиялық қолдау көрсету орталықтарының әсерінің зор екені анықталды. Дегенмен, АҚК орталықтары білім беру жүйесіндегі қаржылық дағдарыстарға байланысты, университеттік, өзіндік ресурстар арқылы қаржыландырып, студенттің оқу үлгеріміне деген нәтижелілігін жыл сайын дәлелдеп отыруға тура келеді. Мысалы, Кентукки университетінінің Академиялық жетілдіру орталығы (The Study of Academic Enhancement) университет әкімшілігіне семестр сайын студенттер тарапынан сұраныс, бағдарламалардың білім алушылардың оқу үлгеріміне, бейімделуіне әсері туралы қорытынды есеп беруі тиіс.
АҚШ ғалымдарының зерттеу жұмыстарына жүйелі теориялық талдау жүргізу, АҚК орталықтарының веб-сайттарын тікелей интернет желісі арқылы қарастыру мүмкіндігі, онда жүргізілетін келесі семинар, практикалық сабақтардың студенттердің оқу үлгерімі мен университеттік өмірге бейімделуіне маңызды әсері бар екендігін айқындатты. 5-ші кестеде семинарлар кешешінің студент үшін маңыздылығы дәрежелік ранг түрінде берілген.
Кесте 5 АҚК орталықтарындағы студенттерге арналған семинарлар кешені



Белсенді семинар/іс шаралардың түрі

Ран-гісі

Студенттердің қалыптасқан ой-пікірлері

Мамандық таңдау семинарлары
(Career Workshop)

1

Таңдаған мамандықтың еңбек нарығындағы жағдайы, кәсіби байланыстар жасау, резюме құрастыру сияқты маңызды ақпараттар береді. Студенттің университетте негізгі, қосалқы (major, minor) мамандануы бойынша шешім қабылдауына әсер етеді.

Бағыт-бағдар беру іс шаралары
(Student Support
Services Orientation)

2

Студентке қажетті әртүрлі университеттік ресурстарды дер кезінде білуге, оқу бағдарламасы аясында қойылған мақсаттарды қайта қарастыруға, студенттікке өтпелі кезеңде академиялық қоғамның маңызды бір мүшесі ретінде сезінуіне әсер етеді.

Түскі ас/ Бродвей ойындары
(Dinner/Broadway
Play)

3

Бродвей ойындары, аудиториялық сабақтардан тыс уақытта, жаңа достар табуға, қажетті жаңа байланыстар орнатуға, студенттің әлеуметтенуіне көптеген мүмкіндіктер береді.

Стресстік жағдайларда көмек көрсету семинарлары
(Stress Relief
Workshop)

4

Семинар барысында алған ақпараттар студенттің әлеуметтік, академиялық қиыншылықтар барысында стресске қарсы тұруға, алдын-алуға, емтихан, сынақтарға дайындалу барысында пайдалы.

Тестке дайындалу семинарлары
(Test Preparation
Workshops)

5

Тестке дайындалу техникасы мен әдістерін меңгертеді

Оқу дағдыларын дамыту семинары
(College Skills
Workshop)

6

Білім алушының дербес оқу стилін анықтауда, сыни тұрғыдан оқу, жазу, дағдыларын қалыптастыруда, күнделікті оқу режимін құрастыруда жағымды әсер етеді.

Плагиат семинарлары
(Plagiarism Workshop)

7

Гуманитарлық пәндер бойынша зерттеу жұмыстарын жазуда әртүрлі плагиат түрлерін алдын алуға, студенттің белсенді оқу позициясын қалыптастыруға әсер етеді.

Әртүрлі іс- шаралар
Diversity Workshops

8

Әртүрлі семинарлар студенттің күнделікті тұрмыстық жағдайына байланысты ақпараттар, пайдалы кеңестер беріп, жатақханада тұру тәртібі, салауатты өмір салтын ұстануға әсер етеді.



Кестеден, мамандық бойынша кеңес беру семинарларының студенттердің көзқарастары бойынша, бірінші рангте екені байқалады. АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде, студенттердің мамандық таңдауы екінші курстан кейін анықталатынын ескере отырып, бұл семинарлар 1-2 курс білім алушылары және бітіруші түлектермен де жүргізіледі, студенттің кәсіби өзін-өзі анықтауына, мамандығы бойынша маңызды шешімдер қабылдауына үлкен әсер етеді. Бағыт-бағдар беру іс-шаралары, университеттік оқу дағдылары, тестке дайындық т.б. семинарлары кәсіби мамандармен жүйелі өткізіліп, студенттің жеке оқу траекториясын қалыптастырудағы келеңсіз жағдайлардың алдын-алуға бағытталғанын анықтадық. Семинарлар тақырыбы студенттің әртүрлі әлеуметтік, жекетұлғалық, академиялық, қарым-қатынастық мәселелеріне бағытталып, студенттің бейімделу үдерісінде өзектілігімен көзге түседі.
Сонымен бірге, кредиттік оқыту технологиясында білім алушылардың жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыру мәселесіне жағымды жағдай мақсатымен, ҚР университеттеріне бейімдеп тәжірибеге қолдану үшін, АҚШ тың жоғары оқу орындарында академиялық қолдау көрсету орталықтарының уақыт талабында бәсекелестіктен көрінетін озық бағдарламаларын айқындалды. АҚШ ғалымдарының зерттеу жұмыстарын талдау жасау келе, келесі АҚК бағдарламаларының студенттер арасында жоғары сұранысқа ие болатынын анықтадық (кесте 6):


Кесте 6 Университет ортасында сұранысқа ие АҚК бағдарламалары



Озық тәжірибелі академиялық қолдау көрсету бағдарламалары

Мазмұны, әсері

1

2



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет