Абдыхалыкова жазира есенкелдиевна



бет24/89
Дата27.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#129504
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   89
Топтастыру процедурасы. Студенттерге әртүрлі департаменттер мен орталықтардан берілетін ақпарат пен университет саясатының арасындағы үйлесімділікті, тәжірибені біріктіру жолын талдау, студенттерде жиі кездесетін қарама-қайшылықтарды айқындау.
Қайта құру (реструктуризация). Студенттерге қолдау көрсететін орталықтардың жұмысын басқаруды жеңілдету үшін, барлық бірліктерді бір менеджердің басқаруына жағдай жасау.
Қызметкерлерді кросс-дайындықтан өткізу. Қызметкерлерді жұмыс орнынан босатпай біліктілігін арттыру, әртүрлі студентке қажетті ресурстар мен ақпараттарды білуге, әртүрлі тақырыптағы сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік беру. Сонымен қатар, кросс-дайындық, мамандардың білім алушыларға бұрыс, ақпарат беріп, соның нәтижесінде,олардың бір бөлімшеден, екінші бөлімшеге пайдасыз, «шапқылап жүру» құбылыстарының алдын алады.
Біріктірілген орталықтар (One-stop centers) Басты мақсаты, бірнеше функциялар атқаратын студенттік қызметтерді орталықтандыру арқылы, олардың уақытын үнемдеу. Сонымен қатар, біріктірілген орталықтар, білім алушыларға қажетті, немесе студенттің жекебасының ерекшеліктері туралы ақпараттарды тез жинақтауға мүмкіндік береді.
Біріктірілген ақпараттық жүйелер. Мұндай веб-порталдар, бірінші жағынан, студент туралы ақпараттар базасын, профессор-оқытушы құрамымен, басқа да қызметкерлермен тез табуға әсер етсе, екінші жағынан, студентке қажетті барлық мәселелердің жүйелі ұйымдастырылған бір «терезеден» көрінуіне жағдай жасайды. Мысалы, онда студенттің өмірбаяны, ата-анасы туралы ақпарат, әр семестрде өткен оқу пәндері, GPA- оқу үлгерімінің ортақ балы, қатысатын үйірмелері мен секциялары, академиялық эдвайзерінің пікірі, мекен-жайы және т.б. ақпараттар берілген. Мұндай жағдайда, веб- порталдың ақпараттық базасының үнемі жаңарып тұруы маңызды.
Пурдю Калюмет (Purdue Calumet) университетінің студентке қолдау көрсететін әртүрлі орталықтарды интеграциялау тәжірибесіне талдау жасау, әртүрлі қызметтерді біріктіру арқылы студенттің уақытын үнемдеу, академиялық немесе әлеуметтік, қаржылық көмек көрсететін орталықтардың бірігіп жұмыс атқаратын орталықтандырылған жүйесін құрастыру міндеттерінің орын алғанын анықтауға мүмкіндік береді.
3. АҚШ–тың Тафтс университетінің (Tufts University) студентке АҚК орталықтарын қайта құрастыру, интеграциялау тәжірибесі, үш мақсатты ұстанымымен біздің назарымызды аудартты. Біріншісі, АҚК орталықтарын біріктіру арқылы студентке бағытталған білім беру айналасын қалыптастыру. Ол академиялық қауымдастықтың қарым-қатынас әрекеттестігіне негізделген, жоғары ұйымдастырылған бакалавриат, магистратура білімгерлеріне арналған бағдарламаларын жасауға мүмкіндік береді. Екінші мақсат, студентке бағытталған қызметтердің пайдалылығын арттыруға әсер ететін физикалық, электрондық ортаны қалыптастыру. Үшіншісі, студенттерді қызығушылықтары мен білім алу қажеттіліктеріне сай, адамгершілік қатынастар мен ақпараттық технологияларды біріктіре отырып, білім алушылармен қарым-қатынас жасауды кәсібилендіру, оңтайландыру. Университеттің АҚК орталығының директоры, К. Дилонның пікірінше, қоғамдағы сұраныс пен студенттің қажеттіліктерін зерттеп, оған бәсекелестіктен жауап беретін білім ортасын құрастыруды жалғастыру үнемі жүргізілуі қажет. Университетте қайта құрылған «Студентке қызмет көрсету» орталығы бірнеше қызметтерді біріктіріп, студенттер мен оқытушыларға пайдалы кеңес беруді дамытуда. Студентке қатысты барлық жекетұлғалық, академиялық және қаржылық ақпаратты, «Студент портфолиосы» атты университеттік сайтында орналасқан веб-портал жүйесі арқылы «бір терезеден» көруге жағдай жасалған.
4. Джонсон Коммюнити Колледжінде (Johnson County Community College) АҚК орталықтарын қайта құрудағы, «студенттің ой-пікірін ескеру» қағидасымен біздің назарымызды аудартты. Академиялық қолдау көрсету орталығының жаңа жүйесін қайта құруда 750-ден астам, университет қызметкерлерінен, студенттер және профессорлармен сауалнама жүргізіліп, онда үш маңызды сұрақ қарастырылды: «АҚК орталықтарын ұйымдастыруда нені бағалаймыз?», «қалыптасқан жағымды құндылықтар мен тәжірибелерді қайта қарастыруда нені өзгертуіміз қажет?» «академиялық қауымдастыққа пайдалы қолдау көрсету үдерістері мен процедуралары қалай жүзеге асуы қажет?» Респонденттердің жауаптарына талдау жүргізу негізінде, «Студенттің академиялық жетістігі» (Student Academic Success) орталығы құрылды. Орталықтың мақсаты, білім алушыларды ынталандыру, олардың академиялық, жекетұлғалық сұрақтарын қанағаттандыру, жеке оқу траекториясын жоспарлауға белсенді атсалысатын, білім алу субъектілерін қалыптастыру. Орталық мамандары, студенттік жас кезеңнің ерекшеліктерін, орталық бағдарламаларының мақсатын жете түсінуге ықпал ететін 240 сағаттан тұратын біліктілікті арттыру курстарын аяқтаған. Университеттегі студентке АҚК орталығы «Өмір жолы» (LIFELINES) моделі деп те аталады (сурет 7). Оның басты идеясы, студенттің оқу танымдық іс- әрекетін күнделікті өмірде, университеттік іс-шараларда, білім алу бағдарламаларында, мамандықта меңгеруде жалғастырып, жетілдіріп отыру [111].


Сурет 7 Джонсон Коммюнити Колледжінің «Өмір жолы» (LIFELINES) моделі







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет