Мақсаттарды үшке бөлеміз. 1.Ұзақ мерзімді (стратегиялық)
2.Орта мерзімді (оперативті)
3. Қысқа мерзімді (тактикалық)
Ұзақ мерзімді мақсат бірнеше жылға (10-20 жылға), өмір кезеңдеріне жасалады. Мақсаттың басымдықтары екі өлшеммен ерекшеленеді:
- мақсаттың маңыздылығы;
- мақсаттың шұғылдығы.
Ортамерзімді мақсат бірнеше айларға жасалады. Тиімді оперативті мақсат келесі сұрақтарға жауап беруі керек: Кім? Қашан? Қалай? Неліктен?
Белсенді үлестірме материал № 2 Дәріске дайындық Дәріс материалын толық меңгеру үшін оған студенттің дайындалуы қажет. Төменде берілген нұсқаулықтар дәріске тиімді дайындалуға мүмкіндік береді.
Алдыңғы дәрісті аса ұқыптылықпен қайталап шығыңыз. Жоспарын, негізгі сұрақтарын айқындаңыз.
Дәріс пен оқулықтағы материалдарды салыстырыңыз. Түсініксіз терминдер мен сөздерді жазып алыңыз, глосарий құрастырыңыз.
Қосымша қайталауды қажет ететін сұрақтарды белгілеңіз. Дәріс барысында осы сұрақтарға жауап алуға алдын ала дайындық бола алады.
Оқытушымен берілген әдебиеттерді қарап шығыңыз.
Алдыңғы дәрісте берілген тапсырмаларды қайталауды ұмытпаңыз. Дәріс сабағына үнемі қайталау жүргізу, дайындалу пән бойынша тұтас түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Дәріс бойынша конспект жазу Дәріс барысында конспектілеу пәнді меңгеру барысындағы маңызды ақпарат. Дегенмен, студенттер оған механикалық жазба ретінде қарайды, материалдын мәніне үңілмейді. Төменде берілген нұсқаулықтар конспекті сауатты түрде жүргізуге мүмкіндік береді:
Жай ғана көшірмемен шектелмеу. Материалды ұғынып, қысқаша сөйлемдермен немесе сөздермен , фразалармен түртіп алу.
Мәтінді орналастыруды түрлендіріңіз. Оңай есте сақтау және қайталау, толықтыру мәселелерін ұмытпау
Нені жазу керек екені туралы шешімді жеке қабылдаңыз. Есте сақтауға қажетті ақпаратты жазып алу
Дәрісте «осы материалды меңгеру барысында мен нені үйренуім керек?» деген сұрақ қойып отыру
Жазбадағы маңызды ақпараттарды белгілеп қою. Парақта негізгі идеялар мен терминден айқын көрініп тұратындай етіп орналастыру. Маңызды ақпаратты белгілеу үшін сурет, түрлі түсті маркерлер, белгілеулер қолдану.
Түсінбей қалған ақпаратты жазып алып отыру. Осыған қатысты өздеріңіздің көзқарастарыңыз мен ойларыңызды да қалдырмау. Осының барлығы дәріс соңында оқытушыға сұрақ қоюға мүмкіндік береді.
Конспектіге қайталау жүргізу. Оларға толықтыру, өзгерістер енгіп отыру.