Семинарсабақтарына дайындалу Семинар дәрістен де маңызды сабақ түрі. Практикалық сабақтар, материал бойынша пікірталас, талдау жүргізуге өте ыңғайлы. Төменде берілген нұсқаулықтар семинар сабақтарына тиімді дайындалуға мүмкіндік береді:
Семинар сабақтарына аса жауапкершілікпен қарау. Емтиханда осы сабақтарда талданған материалдар бойынша жауап алуға болады.
Әрбір сабақққа дайындалып бару. Жоспарлы түрде дайындалу емтиханға қажетті материалдар жинауға мүмкіндік береді. Белсенділік оқытушымен, топ студенттермен ескеріледі.
Семинарға дайындықты сабақтың жоспарын, әдебиетін танысудан бастаған жөн. Дайындық үшін дәріс конспектілерін, оқулық, арнайы материалдарды қолданыңыз.
Топ студенттерімен бірігін жұмыс жасау, өзіңіздің біліміңізбен бөлісуге, толықтыруға мүмкіндік береді.
Кітап немесе дәріс мәтінімен баяндама жасамауға тырысу. Ең бастысы, ғылымның терминдік апппаратымен еркін қолданып, мысалдар келтіруге үйрену қажет.
Белсенді үлестірме материал № 3 Мәселелерді шешу алгоритмі Академиялық мәселелерді шешу үшін, Дж.Брансфорд және Б.С.Стейн ұсынған академиялық кедергілерді шешу технологиясы (IDEAL) бойынша бірізділікпен ерекшеленетін бес кезеңнен тұратын кешенді қолдануға болады:
Диагностикалық (I- Identify) (академиялық мәселелерді айқындау, жетістікке жету белгілеу);