Абдыкалыков Улан Кадырбекұлы Симтиков ж омарт Құдайбергенұлы а 14 Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет14/60
Дата15.04.2022
өлшемі3,44 Mb.
#31081
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60
Қазақ даласындағы 
егемендік идеясы
Бұқар жырау 
Ақтамберді жырау 
Қазтуған
Ол  белгілі  Бұқар  жыраудың  еңбектерінен  көрініс  береді.  Бұқар  жырау 
(1693-1787  жж.)  өзінің  саналы  ғұмырын  Абылай  ханмен  бірге  өткізген.  Сол 
кездегі  әлеуметтік-саяси  мәселелерге  қатысып,  түрлі  дау-жанжалдарды 
шешуге  араласып,  мемлекеттің  басқару  ісінде  белсенділік  танытқан.  Өз 
халқының  алдындағы  өзекті  саяси  мәселелерді,  сыртқы  жауға  қарсы  күресті 
ұйымдастыруға,  ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  жолында  ел  бірлігін 
берік  ұстау,  халықты  өз  ішінен  шыққан  беделді  хан,  батырлардың  маңайына 
топтастыруды маңызды саяси басымды міндет деп ұққан.  Ол еркіндік,  бостан- 
дық,  тәуелсіздік  пен  қатар  әділеттілікті  ең  жоғары  құндылық  деп  бағалаған.
49


Әділ  билеушінің  рөлін,  оның  адамдық  асқақ  қасиеттерін  дәріптеген.  Хан 
болсын, қара болсын әділдігі мен шындығын тура айтқан.
Қазақ даласында егемендік идеясының пісіп жетілуі XVIII ғасырдың екінші 
жартысына тән.  Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы
Кенесары  Қасымұлы  бастаған  көтерілістер  қазақтың  ұлттық  рухын  орнықты- 
руға,  жауға  қарсы  күресте  қазақтардың  барлық  күшін  біріктіруге  әрекеттер 
жасады.
Сырым Датұлы
С ы ры м  Датұлы  Төле  би,  Қазыбек  би,  Әйтеке  билердің  жолын 
жалғастырушы  әділ  билігімен  ел  ішінде  беделді  адам  болды.  Рулар 
арасындағы  мәселелерді  шешуде  Сырым  Датұлының  шешендік  өнері  жоғары 
бағаланды. Қазақ халқының тарихындағы ең алғашқы ұлт-азаттық көтерілістің 
басшысы  болған,  бірде  қолына қару  алып  шайқасса,енді  бірде  қарсыластары- 
мен мәмілегерлік саясат арқылы жауына берілмеуі.  Халқын қырғызбай,  елінің 
еңсесін  түсірмей,  ар-намысы  мен  рухын  жасытпауы  оның  ерекше  тұлға 
екендігінің көрінісі.
50
Кенесары Қасымұлы


Кенесары  Қасымұлы  -   мемлекет  қайраткері,  әскери  қолбасшы,  қазақ 
халқының  ұлт-азаттық қозғалысының  көсемі,  Қазақ хандығының  соңғы  ханы 
(1841-1847  жж.),  Шыңғыс  ханның  27-ші  ұрпағы,  Абылай  ханның  немересі. 
Ақылды  саясатшы,  әскери қолбасшы ретінде жаудың мықты қарулы күттті  бар 
екенін  жақсы  түсініп,  сол  себепті  соғысқа  мұқият  даярланды.  Бұл  Кенесары- 
ның  қазақтың  үш  жүзін  бір  мақсат  жолына  біріктіру  саясатынан,  қару-жарақ 
жасауды,  соның  ішінде зеңбірек құюды жүзеге  асыру үшін  орыс  және  өзге  ел 
шеберлерін  тартуынан  көрінеді.  Қазақ  ақсүйектері  екі  жарылып,  бір  тобы 
көтерілісті  қолдаса,  екіншісі  оларға  қарсы  топты  құрады.  Соған  қарамастан, 
Кенесарының қоластына 20 мыңға жуық сарбаз жиналды.
Исатай Тайманұлы
Қоғамдық  сананы  дүр  сілкіндірген  тағы  бір  көтеріліс  Исатай  Тайманұлы 
бастаған  көтеріліс  болды.  Ол  халықтың  ой-санасының  оянуына  ықпал  етіп 
қана  қоймай,  оны  саяси  жағынан  пісіп  жетілуге  итермелдеді.  Исатай  мен 
Махамбет бастаған көтеріліс тек  осы  батырлар мен Жәңгір ханның ғана емес, 
ХІХ  ғасырдағы  халқымыздың  трагедиясы  -   ымыраға  келмейтін  екі  саяси 
күштің  соқтығысы.  Оның  бірі  -   жұртымыздың  шағын  бір  бөлігінің  ұлттық 
рух,  тәуелсіздік  үшін  күрескен  еркіндік  аңсаған  күші,  екіншісі  -   патшалық 
Ресейдің  отаршылық  саясатының  ықпалы.  Жәңгір  жалпы  адамзаттық  үрдіс 
әдісімен билік құруға ұмтылған жаңа өркениет адамы болса, Исатай халықтық 
өр  мінез  бен  намыстан  жаралған  тұлға.  Екеуін  бір-біріне  жау  еткен  бұқара 
жұртқа  жүргізген  патшалық  биліктің  саяси  факторы  мен  идеялық  қарама- 
қайшылығы еді.
51


Махамбет Өтемісұлы
Махамбет  Өтемісұлы  (1803-1846  жж.)  саяси  күрестің  дауылпазы,  ақын- 
идеологы.  Өз  халқына  аса  қадірлі,  оған  болмысымен  берілген,  өте  білімді, 
орыс  тілін  жете  меңгерген,  батырлықтан  жаралған,  шын  мәніндегі  патриот, 
керемет  ізденімпаз,  сирек  ұшырасар  ықыласты  әңгімеші  және  соншама 
сүйкімді тұлға еді.  Ол адамды шыққан тегі, қоғамдық жағдайы, бағы мен тағы, 
байлығы емес, рухани дүниесіне қарай бағалауға, сыйлауға үндейді.  Махамбет 
үшін  кісінің  қылығы  ол  адамдар  бақыты  үшін  күресуші,  ақиқат  пен  ізгілік 
жоқтаушысы,  ар-ұят пен  азаттық қорғаушысы  болса ғана адамгершілікке  тән. 
Жер бетіндегі ізгіліктің бейнесі ретінде имандылық үшін күресе жүріп, адам өз 
қадір-қасиетін, әділеттілік пен игілікті қорғап қала алады, солай адам бақытты 
бола  алады.  Ұлы  ақын  -   күрескер  шығармашылығы  өміршеңдігінің  сыры, 
адам  өмірінің  мәні  туралы  сұраққа жауап  беретіндігінде.  Ол  өз  өмірінің  мәні 
мен мұрат, мақсатын күрес пен ерліктен көрген тұлға.
XIX  ғасырдың  екінші  жартысында қазақ қоғамы 
әлеуметтік-саяси  өмірінің  түбегейлі  өзгерістерімен 
сипатталады.  Бұл  өзгерістер  Қазақстанның  Ресейге 
қосылуы  аяқталуымен  байланысты.  Осы  ғасырдың 
ортасында  қазақ  хандығы  жойылып,  саяси  жүйе  өзгеріп,  Қазақстан  Ресейдің 
отарына айналды.  Осы кезеңде Қазақстандағы саяси ойдың дамуы бір бағытта 
болды  және  қазақ  жұртының  ой-санасының  қалыптасуына,  дамуына 
бағытталды.
Осы  бағыттағы  саяси  ойдың  негізін  салушылар  -   Абай  Құнанбаев  (1845­
1904  жж.),  Ыбырай  Алтынсарин  (1841-1889  жж.),  Шоқан  Уәлиханов  (1835­
1865  жж.).  Бұл  ақыл-ой  алыптарының  өмір  сүрген  уақыты,  қоғамдық-саяси


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет