Абдыкалыков Улан Кадырбекұлы Симтиков ж омарт Құдайбергенұлы а 14 Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет2/60
Дата15.04.2022
өлшемі3,44 Mb.
#31081
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Студенттерге  саясаттану  пәні,  оның  әдістері  мен 
қызметі жайлы толық түсінік беру.
Сұрақтар:
1.  Саясаттану пәні және оның объектісі
2.  Саясаттану әдістері
3.  Саясаттанудың қызметтері
Қоғамдық  ғылымдар  арасында  саясаттанудың 
алар  орны  ерекше.  Себебі,  адамзат  тарихында 
саясат  негізгі  рөл  атқарды. 
Оның  дұрыс- 
бұрыстығы,  сайып  келгенде,  адамдардың,  халық- 
тардың тағдырымен тығыз байланысты.  Мысалы,  мемлекет агрессиялық, яғни 
басқыншылық  соғыс  саясатын  жүргізсе,  оның  салдары  бірнеше  жылдарға 
созылатын  қайғы-қасіретке  соқтырары  анық.  Керісінше,  мемлекет  ғылыми 
дәлелденген  тиімді  бейбіт  саясат  жүргізсе,  еліне  қолайлы,  халқына  жайлы 
болары да белгілі.
Саясаттану,  яғни  халықаралық  қолданыстағы  «политология»  сөзі  гректің 
«политика»  және  «логос»  деген  сөздерінен  шыққан,  саясат  туралы  ғылым 
деген мағынаны білдіреді.
Адамзат  саясат  сырын,  өзгермелі  құбылысын  өте  ерте  заманнан  танып- 
білуге  талпынды.  Ежелгі  Шығыс,  антикалық  дәуірдің  ойшылдары  мемлекет- 
тің,  саяси  биліктің  мән-мағынасы  неде  және  кімге  қызмет  етеді,  қоғамдық 
құрылыстың  қандай  түрлері  бар  және  олардың  ең  жақсысы,  халыққа  ең 
қолайлысы  қайсысы  деген  сияқты  сауалдарға жауап  іздеген.  Бірақ,  ол  кездегі 
пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын.  Себебі,  ертедегі 
адамдар  жер  бетіндегі  өмірге  құдайдың  құдіретінен  туған  жалпы  әлемдік 
космостық  тәртіптің  ажырамас  бөлігі  ретінде  қарады.  Мысалы,  Мысырда


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет