Абдыкалыков Улан Кадырбекұлы Симтиков ж омарт Құдайбергенұлы а 14 Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет60/60
Дата15.04.2022
өлшемі3,44 Mb.
#31081
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Қазақстан 
Республикасының 
жаһандану үрдісіндегі 
орны
153


жағдай  жасау  керек  дейді.  Ал  соңғылары  осы  ұйымдарға  әлемдік  саясатқа 
ықпал  ете  алатындай  шынайы  билікпен  қамтамасыз  ету  керектігін  алға 
тартады.  Дәлірек  айтсақ,  мәселе  мынандай  әлемдік  институттар  туралы  бол- 
мақ:  Әлемдік  қазыналық,  Бүкіләлемдік  азық-түлік  ӘкІмшілігі,  Бүкіләлемдік 
минералдық ресурстар агенттігі, Бүкіләлемдік технологиялық даму әкімшілігі.
Демократиялық-либералдық  құндылықтар  жоғары  дамыған 
егеменді 
елдерде қазіргі уақытта азаматтыққа қатысты құқық негізінен  екі жол арқылы 
анықталып келеді.  Біріншісі,  «жер құқығы»,  екіншісі  «қан  арқылы  құқықтық» 
анықтау.  Алғашқысы  сіз  сол  елдің  аумағында  дүниеге  келсеңіз  болғаны.  Бұл 
жағдайда  тұлға  автоматты  түрде  сол  елдің  азаматтығын  алады.  (Мысалы 
АҚШ,  Франция, ¥лыбритания т.б.) Екінші жағдайда тұлға сол елдің  азаматты- 
ғын  алу  үшін  қан  арқылы  дәлелдеу  керек.  (Германия,  Израиль,  Испания, 
Бельгия).
Жаһандану  жағдайындағы  саяси  қауымдастықка  мүшелікке  қабылдау 
мәселесіне  байланысты  либерализациялық  тенденциялар  жаңа  «мультимәде- 
ниеттік азаматтық» тұжырымдамасын тудырады.  Бұл тұ-жырымдаманың мәні 
бір  белгілі  мемлекеттің  азаматтығын  алу  бұрынғыдай  қатал  ұлттық-мәдени 
құндылықтармен  өлшенбейді.  Мысалға,  тұлға өзі  мұсылман  бола тұра испан- 
дық  немесе  британдық  болуы  мүмкін.  Қорыта  айтқанда  мәдени  ымырашыл- 
дық саяси ымырашылдыктың бұзылмайтын шарты ретінде қарастырылмайды.
Жаһандану  процесінде  егемендік  идеясына  әсер  етуші  факторлардың  бірі  - 
ол  трансұлттық  компаниялар  қызметі.  Әрине  трансұлттық  компаниялар 
әлемдік  саясатпен  басқа да салада өз  орны  мен  беделі  бар  ірі  державалардың 
иелігінде  екені  ешкімге  де  құпия  емес.  Мысалға  алатын  болсақ  медиа  және 
шоу-бизнес  саласында  қызмет  етіп  жатқан  трансұлттық  компаниялар  (Т¥К). 
Олар  тек  өз  елінде  ғана  емес  өзге  егеменді  мемлекетте  де  қызмет  етеді. 
Соңғылары сол Т¥К- ларға өзінің инфрақұрылымдарын беру арқылы олардың 
қызметіне  толық  мүмкіндік  жасап  отыр.  Сонымен  қатар  шоу  бизнесті  жүргі- 
зуші  капитандар  сол  алдыңғы  қатарлы  мемлекеттің  қаржы-экономикалық 
элитасының  бір  бөлігі  болып  табылады.  Американдық  медиаимперияның 
қожасы  саналатын  Тед  Тернердің  жылдық  айналымдағы  қаржысы  26  млрд. 
доллар.  Енді  сол  концерннің  құрамына  кіретін  телеарналарға  келетін  болсақ, 
олар  -   СКЫ,  ТОТ  Саstlе  Rоск  телеканалдары,  журналдар  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет