Абдиманап Курманай Пмно 2топ multilingualism


Көптілді білім берудің болашағы



бет3/3
Дата11.11.2022
өлшемі11,45 Kb.
#49289
1   2   3
Байланысты:
поли-й

Көптілді білім берудің болашағы
Н.Б.Жанұзақов, Б.А.Бейсенбаева
«Көптілді білім — көп мəдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту— жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, əлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілеттерін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту заман талабы десек, оның негізгі мақсаты — бірнеше тілді меңгерген, əлеуметтік жəне кəсіптік бағдарға қабілетті, мəдениетті тұлғаны дамыту жəне қалыптастыру. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мəдениетін, толеранттілігін жəне планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Маманға шет тілін меңгеру кез келген шетелдік ортада өзін еркін ұстап, жаңа ақпараттық ғаламшарға бейімделу мүмкіндігіне ие болады. Əр адамның түрлі əлеуметтік қызметтерінде жеткен жетістіктерінің нəтижелері түрлі болады, сол себептен шетел тілін оқытудың мақсаты тек нақты білім іскерліктерін біліп қана қоймай, сондай тілдік тұлғаны қалыптастыру болып табылады, оған шет тілі «өмір заңдылықтарында» жəне «нақты жағдаяттарда қарым-қатынас жасай алу үшін» қажет болмақ».

  1. Әлеуметтік - социальное – social

  2. Нәтиже- результат- result

  3. Жағдаят- ситуация- situation

  4. Маман- специалист- specialist

  5. Кәсіп- профессия- profession

Қорыта айтатын болсақ, көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тəжірибесін жинақтап, əлемдік деңгейге көтерілуіміз керек. Студенттердің жыл бойы халықаралық жобаларға қатысуын қадағалау, шетелдік əріптестермен ғылыми байланыстарды нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны əлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тəрбие берілуі қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет