Абдиралиева (Байзақова) Салтанат Серикбайқизи


Танымдық іс-әрекеттер орындату арқылы оқушы шығармашылығын дамыту



бет3/8
Дата26.06.2022
өлшемі110,79 Kb.
#37304
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Абдиралиева Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетінде шығармашылық үй тапсырмаларын қолдану

1.2Танымдық іс-әрекеттер орындату арқылы оқушы шығармашылығын дамыту


Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйеленіп, дайындалып берген білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ой ғана емес, шығармашылық бағыт та жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді.
Мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту болып табылады.
Танымдық іс-әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті.
Бұл проблеманың кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады. Сократтың өзі де оқыту барысында шәкірттің танымдық іс-әрекетін арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен. Баланың әрбір еңбегі құр босқа жаттауға жұмсалмай, мағыналы және жүйелі болуы керек. Баланың жас кезінен-ақ танымдық әлемін кеңейту, сол бағытта әрекет ету маңыздылығы Абай Құнанбаевтың да еңбектерінде көрініс тапқан.
А. Байтұрсыновтың пікірі бойынша,«бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі – оның білімінің, шеберлігінің ұзақ жолды қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай өтуі үшін, керек білімді кешіктірмей, кезінде беріп отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзетіп отыру керек» - деген. Осы тұрғыдан: «Естігенімді – ұмытамын, көргенімді – есте сақтаймын,өз істегенімді – меңгеремін»,- деген екен Конфуций.
Психологтердің зерттеулеріне қарағанда, танымдық іс-әрекеттің қалыптасуы өздігінен тұйыққа тірелген автономиялық үрдіс емес. Ол – тек әлеуметтік орта қоршауымен, адамның өзіндік қызмет сипатымен ғана емес, жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекеті, танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және тәрбие үрдісі, сондай-ақ өзінің жеке басының белсенділігімен, ұжымдылық іс-әрекет рөлімен және оның ұстаған позициясымен үндесе жүргізілетін күрделі үрдіс. Оқушылардың іс-әрекет ерекшелігіне: өзіндік мақсаты мен нәтижесінің болуы (білім, білік және т.б.)оқушы іс-әрекеттінің жоспарлы жадайда өтуі(бағдарлама, оқыту мерзімі ) оқыту құралдарының болуы(кітаптар, зертханалық құрал-жабдықтар, т.б.); жоғарғы интелектуалды жүктеме (емтихан, сынақ тапсыру, ғылыми жұмыс қорғау, т.б.);жатады. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті – жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдылық, еріктік, сезімталдық үдерістер мен мотивтер бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалдық жеке қасиеттерін және біліктерін дамытатын оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы.
Танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және оны жетілдіру мәселесі төңірегінде жүргізілген зерттеулерді талдай отырып, бұл мәселені өмірде шешудің түрлі жолдарын төмендегіше бөліп көрсетуге болады:
– танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы.
– танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру. – іс-әрекеттің бағдарланушылық негізінен құрайтын жалпылама білімдерді енгізу арқылы.
– оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы.
Мұғалім бұл жағдайда білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы емес, бағалаушы емес, танымдық іс - әрекетін ұйымдастыратын ұжымдық шығармашылық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана оқушы интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Көптеген ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, оқушының танымдық іс-әрекеті деп – олардың жұмыс істеу барысында өздігінен жоспарлау, бағдарлау тексеру және қорытынды жасау, шығармашылық ойлау қабілетін талап ететін қабілетін талап ететін әрекеттер тізбегі. Оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыру олардың осы пәннен алған білімін тереңдетудің маңызы зор.
Бұл қазіргі кезде жан-жақты дамыған педагогика іліміндегі жаңа технологияға байланысты Беспальканың ұсынған инновациялық оқу тәрбие жүйесі арқылы оқушының шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыру мақсатында туындап отыр. Бұл міндетті шешудің басты шарттарының бірі әр түрлі әдістерді пайдаланып сабақты ұйымдастыру. Оқушылардың танымдық қызметінің дербестік дәрежесіне қарай айту әдістерін сараптай М.Н.Скаткин мен И.Л.Лернер оларды:
1) Түсіндірме – иллюстрациялық
2) Қайта жаңарту
3) Програмаллап даярлау
4) Эвристикалық немесе ішінара іздену
5) Зерттеу әдістерін бөліп көрсеткен
Оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыруға осы әдістердің ішінде эвристикалық әдісті қолдануға болады. Бұл әдіс оқушылардың өздерінің алдына қойған проблемаларды шешіп, шағын жаңалықтарды ашуға мүмкіндік береді.
Зерттеулердiң "бiз қолымызбен iстегеннiң 80 пайызын, оқығанымыздың 20 пайызын, естiгенiмiздiң 10 пайызын ғана есте сақтаймыз” деген қорытындысын жиi естимiз.
Бiздiң тәжiрибе - соның дәлелi. Атқа шабу дағдысын меңгеру үшiн, оны қалай жасау керектiгiн бiреудiң түсiндiргенi немесе оны кiтаптан оқып алу әлi жеткiлiксiз. Ол үшiн шындығында атқа мiнiп барып, дағдыларды меңгерген абзал. Бұлай болатын себебi, iскерлiктi практика жүзiнде дамыта отырып, бiз бiлгенiмiздi қайта өңдеп, оны әрекетке айналдырамыз.
Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар екені білгілі: балаға жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру, балаларға топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау, оқушыларды өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату және іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу.
"Жағада тұрып жүзуді үйренуге болмайтыны сияқты” дайын білімді қабылдап алу арқылы қажетті икем-дағдыларды дамыту мүмкін емес. Сондықтан оқушылардың арнайы іс-әрекет барысында икем-дағдыларды меңгеруі маңызды роль атқарады. Ол үшін оқыту білімді балалардың өздігінен оқып-үйренуге бағытталуы керек.
Тәжірибемде, Танымдық іс- әрекеттер орындату арқылы оқушы шығармашылығын дамыту атты әдістемелік тақырып бойынша жұмыс істей жүріп, балалардың ой–өрісін дамыту мақсатын ғана шешіп қоймай,іс- әрекет үстінде бейімділігін ашып, рухани құндылықтарын жетілдіруге мүмкіндік беретін, «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасының стратегияларын және топтық жұмыстар кезінде интерактивті әдістерді қолданамын.
Интерактивті әдіс кезінде:
- сабақ үстінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым-қатынас орнайды;
- ондай қарым-қатынас білім алушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде қалыптасады;
- онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды болады.
Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол - білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Мұнда балалардың бұған дейін алған өмірлік тәжірибелері білім берудің негізгі көзі болып табылады. Бұл әдісте білім алушы мыналармен қарым-қатынасқа түседі:
1) мұғаліммен (сұраққа жауап берген кезде);
2) өзге балалармен (қосақталып жұмыс істеген кезде);
3) шағын топтармен ( топпен жұмыс істеген кезде);
4) белгілі бір топпен (сауалнама алғанда)
5) кейбір техника түрлерімен (компьютермен интернетке шыққанда т.б.).
Интерактивті әдістің ерекшелігі – бала өзгелермен араласу барысында ашыла түседі, көбірек оқып, тәжірибе жинай білуге үйренеді.
Мысалы, 2 сыныпта әдебиеттік оқу пәні бойынша «Құрманғазы» тақырыбын өткен кезде әр түрлі стратегиялар арқылы ұсынылған төмендегі интерактивті іс- әрекет «Болжам кестесі» арқылы трансформация әрекетін жетілдіре отырып, яғни объектілер арасындағы қатынастары анықталды, салыстыруға,ой қорытындылауға, жүйелеуге, оны сөйлеу тілі арқылы жеткізуге мүмкіндік берілді.Болжам жасатып мақсат қою, сұраққа жауап алу ақпаратты терең меңгеруге көмектеседі.
«Талдау кестесі» - ойлауға, білетінін еске түсіруге, өз тәжірибесін ортаға салуға мүмкіндік берді.
«Бес жол» өлең негізгі ойды табуға, өзге объектімен қатысын, атқаратын қызметін анықтап, бекітті.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.Олар мынадай:
1.Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
2.Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
3.Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсрымаларды шешу /ребус, сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар т.б./
4.Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс /кері есеп қарастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме, мәтін құру, т.б./
5.Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
6.Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру.
7.Ой шапшандығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.
8.Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Ал сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері.
1.Әр түрлі кездесулер өткізу.
2.Әр түрлі тақырыптарда сайыс, пікірталастар өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу.
3.Балаларға арналған журналдарға жаздырып, оны сабақ кезінде үнемі пайдалану.
4.Әрбір оқылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинау,реферат жазу.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет