Абдиралиева (Байзақова) Салтанат Серикбайқизи


Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыру жолдары



бет4/8
Дата26.06.2022
өлшемі110,79 Kb.
#37304
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Абдиралиева Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетінде шығармашылық үй тапсырмаларын қолдану

1.3 Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыру жолдары


Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім берудің алғашқы сатысы. Соған сәйкес бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің міндетті мемлекеттік стандарты жетілдірілді. Мемлекеттік стандартта дамыта оқыту ұстанымына сәйкес білімнің теориялық деңгейін көтеру, оқу- әрекетін қалыптастыруда білімнің танымдық , шығармашылық ролін мақсат етіп қояды.
Пәндерді оқыту арқылы ұлттық және әлемдік тәлім нәрімен сусындаған, болашақ халық игілігін жасайтын азамат тәрбиелеу. Ал міндеті- оқушылардың танымдық деңгейін кеңейту, шығармашылық және еңбек біліктерін, қабілеттерін дамыту, рухани байлықты дамытуға жағдай жасай, салауатты өмір салтын насихаттау. Соның негізінде ұшқыр ойлы, жаны сұлу, тәні сау, шығармашылықпен ойлай білетін дара тұлғаны тәрбиелеуге ұмытылуымыз қажет. Оқушылардың оқу- танымдық іс- әрекетін, белсенділігін қалыптастыруда олардың қабілеттерін дамытуға, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп, ізденісіне, талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше. Оқушылардың оқу – танымдық іс – әрекеті – күрделі процесс
. Ол іс – әрекет мақсатын, мазмұны мен қорытындысын, түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды. Оқу – танымдық іс – әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл- амалдарынан тұрады. Оқу үрдісі оқушылардың оқу- танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу - танымдық әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады.
Танымдық белсенділіктің орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткенді жаңамен байланыстыруға, негізгісі мен қосымшасын анықтауға, алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйенуге ұмтылысынан көрінеді. Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүміндік беретін ақыл-ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды.
Оқушылардың белсенді танымды іс- әрекетінің көздейтін мүддесі - білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету негізінде дамыту. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Оқушылардың танымдық белсенділігі мына үш белгіге тән: · Оқу- танымдық әрекеттің қоғамдағы маңыздылық бағыты; · Оқу- танымдық әрекеттің интеллектуалдық сипаты; · Оқу- танымдық әрекеттің реттеушілік сипаты. Сондай –ақ, танымдық белсенділігін дамыту тиімділігі мынадай жетекші фактормен анықталады: · Оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу; · Оқу үрдісінде мәселелік оқытуды кеңінен енгізу; · Материалдарды айтып түсіндіруде жүйелік ұстанымын қамтамасыз ету; · Бірте-бірте күрделене түсетін тапсырмалар кешенін шешудегі қол жеткен табыстарды «нығайтуды» қамтамасыз ету, т.б. [1].
Оқу үрдісі оқушылардың танымдық әрекеті нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдық әрекеті негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Демек, оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру- оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор. Сабақ беруде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға қойылатын негізгі талаптар: · Оқушыларға қойылған оқу міндеттерінің мәні әрқашан түсінікті болуы керек, олар оқытудың мақсатын түсіну керек. Сабақ мәселе қоюмен басталу керек және оқушылардың алдыңғы тәжірибелеріне, олардың білім жүйесіне сүйене отырып жүргізілуі керек.
Мұғалім оқушылардың оқытылатын материалға қызығушылығын арттыру үшін барлық тәсілдерді пайдалануы керек. · Оқушылардың белсенділігінің маңызды шарты оқыту процесіндегі өзін-өзі бақылау мен өзін- өзі бағалау болып табылады. Сондықтан да оларды осындай қызметке қажеттілік пен дағды қалыптастыру мұғалімнің бірден бір міндеті болып табылады. Өзін- өзі бақылау мен өзін- өзі бағалау қазіргі оқыту технологиясының міндетті элементі болуы қажет. · Білімді саналы және белсенді меңгеруде басты рөл жарқын үлгілерді белгісіз оқушының қосымша оқу материалын пайдалануы арқасында көрініс табатын қызығушылыққа беріледі
. Саналылық және белсенділік принциптерін жүзеге асыру үшін оқылатын материалдың тек мазмұнына ғана емес, сондай–ақ оқыту процесінің өзіне де қызығушылық қалыптастыру қажет. Оқушыларға тек жаңа ақпарат алу ғана емес, сонымен қатар оқу, оларға таным процесінің өзі де қызық болуы керек. Бұл ережелерді сақтау жалған білім жинақтауды емес, сенімді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
. Оқыту үрдісінде оқушының танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды қажеттендіруді қалыптастыратын шарттарды, өзін- өзі бейімдеу шарттарын, мәселелерді шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуі тиіс
. Оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейлеріне тоқталатын болсақ, оның ең жоғарғы деңгейі танымдық міндеттерді өз бетінше қоюмен, тапсырмалардың шешімін табуда неғұрлым тиімді жолдарын болжаумен және өз бетінше айқындаумен, өздігінен бағалаумен сипатталады. Ал орташа деңгей жоғары деңгейдің кейбір элементтерінің оқытушының көмегімен орындалатынымен сипатталады, мұнда мұғалім танымдық тапсырма беріп, оның шешуін бақылауы немесе оқушыға шешу тәсілдері көрсетуі тиіс. Төменгі деңгейде оқушыға белгілі бір әрекеттің үлгісі болғанда, оларды орындау тәсілдері туралы көмек болғанда ғана танымдық әрекетін ынталандыруға, белгілі тәсілдерге бағдарлануда көрініс табады. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың негізіг факторларына оладың өз мүмкіндігін сезінуі, оқушылардың өз таңдауымен жұмыс істеуі, оқу үрдісіне баланың өз әрекетінен қанағаттануы; оларға мұғалім тарапынан қойылатын талап пен қабілеттерінің сәйкес болуы; мұғалімнің өзіндік жұмысты ұйымдастыра алуы, т.б. жатады.
Бұл факторлар оқу мотивтерінің өрісін кеңейтіп шығармашылық әрекетіне негіз қалайды. Қабілеттер оқушыға дайын түрде берілмейді, ол оқыту барысыда жүзеге асатын дамудың нәтижесі. Оқу, білім алу қабілеттерінің деңгейі әр оқушыда әр түрлі болғандықтан, мұғалім танымдық тапсырманы беру кезінде оны ескеруі тиіс. Төменгі сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру үшін білімді меңгерудің мынадай мақсаттары керек: · Мақсатты қоя алу (мақсатты түсіндіру); · Мақсатты жүзеге асыра білу (орындалатын бөлігі) · Нәтижені бағалай алу (бақылау, баға). Бүгінгі мектептерде тек қана екінші буын –орындалатын бөлім ғана жүзеге асады. Сондықтан да ол мектеп тәжірибесінде кең таралған, өйткені мұғалім оны оңай қолдана алады. Мақсатты қоя білуге тоқталсақ, онда ол мақсаттың тек қана жекеленген, бөлек, бір-бірімен бірікпеген оқу үрдісінің мұндай түрі оқушылардың өз қызметін бақылап, оған баға беріп, нәтиженің тиімділігін қалыптастырмайды. Басқаша айтқанда, оқушының танымдыққа емес, тіпті оқу үрдісіне деген қызығуының артуы екіталай.
Осы көрсетілген үш элементтің жүзеге асырылуы үшін оқу пәні ішкі ой ерешеліктеріне, яғни, ол ойдың даму тарихы мен қалыптасуына, сонымен қатар әр оқу пәні – жалпы білім жүйесінің тек бір ғана бөлігі екенін түсінгенде ғана іске аспақ.
Яғни, қазіргі заманғы оқу үрдісінің мазмұнына деген көзқарас оның диалектикалық дамуында ғана қарастырылуы керек. Басқа сөзбен айтқанда, пәндік білім беру жүйесінің негізінде диалектикалық қайшылық, яғни, бір жүйеде нақты пәнді алсақ, білім беру жүйесінің дамуына мүмкіншілік беретін қозғаушы күш деп қарастырылады.
Бастауыш сынып оқушыларында ұғынатын түсініктер оның маңызын жаттап алып көптеген жаттығуларды, есептерді орындағаннан емес, оларды түсіну арқылы ғана болады. Танымдық белсенділік барысында логикалық ойлауы дами бастайды. Сонымен, оқушылардың танымдық белсенділігінің көрсеткіштері ретінде мыналарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: 1. Білімді өз бетінше алуы және оны түрлі жағдайда қолдана білуі; 2. Іргелі білімдерге қол жеткізу; 3. Танымдық тапсырмаларды шешу біліктері; 4. Өзбетіндік оқу әрекетіне қызығушылығы, әрекет тәсілдерін білуі; 5. Тұтас педагогикалық үрдісте мұғалімнің оқуы мен мақсатты өзара әрекеті; 6. Әрекетке бейімделуі мен өзін- өзі бақылау.
Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін мұғалім тарапынан ұйымдастырушылық пен дұрыс басшылық және оған оқушылардың өздері белсенділік танытпағы ләзім. Ал оқушылардың жеке басының дамуына белсенді болуы үшін оны қажетсінуі, ізденуі, бағдарлай білуі, зерттеу біліктері болуы қажет.
Бұл жерде оқушылардың қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етудің, сол жолда ізденісін, талабын ұштап, білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше.
Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері
Үй жұмысы оқушының бүкіл оқу жұмысының бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Үйге берілген тапсырмаларды оқушының үнемі орындап, дұрыс ұйымдастырып отыруы оның жақсы үлгеруіне керекті шарттың бірі болып табылады. Мектеп оқушыларының оқуды үлгермеуіне әкеліп соғатын себептердің көп таралған бір түрі үйге берілген тапсырмаларды қанағаттанарлықсыз орындауы.
Қазіргі таңда білім беру үрдісінде, жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, танымдық іс-әрекеті мен ой-санасын дамытып, қалыптастыру барысында білім беруде тиімді әдістерді пайдалану керек.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен бірге біршама өзгеріп отыр. Қазір педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа үлгісін құрудың, сынақтан өткізу мен еңгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оның жүйесінің негізгі ұстанымдары «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» бағдарламасында көрсетілген [1].
Бастауыш мектепте білім берудегі дидактикалық білімі осы оқу-тәрбие процесіне тікелей байланысты. Сондықтан біздің көтеріп отырған мәселеміз біріншіден – бастауыш сынып оқушыларының үй жұмысын орындаудың әдіс-тәсілдері. Бастауыш мектепте ана тілі сабағын оқыту барысында оқушы үй жұмысын орындау арқылы, ойлау қабілетін дамытуға бағытталған білім беру саласында жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесіне қол жеткізу керек.
Өз бетінше жұмыс қазіргі жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде, білім берудің мәселесін түбегейлі өзгертуде, яғни бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі өзгертуде.
Үй жұмысы оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын оятуға жол ашады.
Бастауыш сынып оқушыларының үй жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор, өйткені сол арқылы оқушылардың іс-әрекетінің дербестігі артады.
А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша: «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігін ұзақ жолды қысқару үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай өту үшін, керек білімін кешікпей, кезінде алып отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру керек» [2].
Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән-мағынасы, оны ұйымдастырудың тәсіл-амалдары туралы педагогикалық әдебиеттерде әртүрлі пікірлер айтылады. Профессор Р.Г.Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты: оқушылардың істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі; жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы. Жұмысты оқушылардың өз еркімен қалауымен орындауын көздеу керек [11].
М.А.Данилов оқытудың барысында үй жұмысын ұйымдастыруда қоятын танымдық және практикалық міндеттер мен оқушы бойындағы білім, білік және ақыл-ой дамуының арасындағы қарама-қайшылықты оқыту барысының қозғаушы күші болып табылатын елеулі қарама-қайшылығы деп көрсетті [12].
Теориялық немесе практикалық міндет пен осы міндетті шешуге бағытталған оқушылардың танымдық іс-әрекеті оқу барысының логикасын құрайды, оның өзіндік қозғалысын қамтамасыз етеді. Логиканың бұл ерекшелігі қандай?
Біріншіден, оқу міндеті оқушының жас, психологиялық ерекшеліктерімен, оның даму деңгейімен, өмір тәжірибесімен, меңгерген білім, білік, дағдыларымен сәйкестендіріледі. Екіншіден, қойылған міндетті оқушының шешу мүмкіндігі алдын-ала қарастырылады, яғни оқушы түбінде оның шешімін таба алады.
Оқушылар оқу міндетін шешу мүмкіндігіне жұмылдырылады, оның өзі олардың ақыл-ой және рухани күштерін жинақтандырады.
Оқу міндетінің шешілуіне көптеген факторлар: оқушылардың дара айырмашылықтары, олардың оқуға қатынасы, жұмыс қабілеті, мұғалім шеберлігі, оқытудың нақты жағдайы және т.б. ықпал етеді. Оқу міндеті өздігінен оқыту арқылы жететін нәтижеге әкелмейді, ол тек қана ойланып іздену іс-әрекетін туғызады.
Осыдан оқу барысын басқару қажеттігі шығады, туған қарама-қайшылықты шешуге ұмтылыс пайда болады. Үшіншіден, оқу міндетін шешу тек оқу материалын игеруге ғана келтіріп қоймайды, сонымен қатар, дамудың жеткен деңгейіне ықпал жасайды, бар білім, білік пен дағдының деңгейін көтеруге себеп болады. Бұл одан әрі қиынырақ оқу міндетін қоюға мүмкіндік береді, осыдан барып, оқыту барысы күрделі мазмұнға көтерілетін үздіксіздікке айналады. Педагогикада оқытудың мәні оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы дәстүрлі қалыптасқан кезеңдер тұрғысынан да қаралады.
Бірінші кезең - оқу материалын қабылдауды қамтиды. Оқушылар танымдық міндетті объектіні бақылау немесе нақты материалмен алдын ала танысу негізінде ұғынады. Екінші кезеңде теориялық тәуелділіктер мен оқу міндетін шешудің тәсілдерін мағыналы ойлау жүреді. Оқушылар оқу материалын түсіну деңгейіне келіп, жаңа білім алады. Үшінші кезеңде алған білімдерді жаттығулар, өз бетімен жұмыс, қосымша түсіндірулер жүйесі арқылы бекіту жүреді. Төртінші кезеңде игерілген білім мүмкіндігіне қарай оқушылардың мектеп учаскесіндегі, тұрмыстағы, өндірістегі тәжірибелік іс-әрекетіне қосылады.
Барлық кезеңдерде де оқушылардың білімі бақыланып, тексеріледі. Бұл мұғалімге оқыту барысында танымдық іс-әрекеттің бірінші кезеңінен келесілеріне қарай қозғалыстың жалпы барысын сақтай отырып түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.
Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа тұрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады, сабақта алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады. Өзін-өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді, оқудың әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқушының ақыл-ой әрекеттерінің жеке дара дәстүрі қалыптасады [13].
1. Дидактикалық мақсаты: бүкіл сынып бойынша үй тапсырмасын сапалы түрде, дұрыс орындағанын тексеру, тексеру барысында байқалған кемшіліктерді жою, білім, білік дағдыларын одан әрі жетілдіру.
2. Кезеңнің мазмұны:
1. Үйге берілген материалдық білім деңгейінде көрініс табу.
2. Білімдегі типтік кемшіліктерді анықтау, оның пайда болу себептерін зерттеу.
3. Байқалған кемшіліктерді жою.
Жақсы нәтижелерге жетудің шарттары:
1. Мұғалім қызметінің мақсаттылығы, мұғалімнің оперативті түрде жұмыс істеуі.
2. Мұғалімнің сынып оқушыларының көпшілігінде үй тапсырмасының орындалғанын тексерудің жүйелі тәсілдерін қолдана білуі.
Кезеңнің дидактикалық мақсатының орындалу көрсеткіштері:
1. Қысқа уақыт (5-7 мин) ішінде мұғалімнің оқушылардың көпшілігінің білім дәрежесін анықтай алу, олардың меңгерген материалындағы типтік кемшілктерді анықтай алу.
2. Үй тапсырмасын тексеру барысында негізгі тірек ұғымдардың көкейкестілігі мен алдындағы ұғымдардың жүзеге асуы.
3. Байқалған кемшіліктердің себептерін жою.
4. Оқушылардың үйде оқыған материалдарының сапасының көріну дәрежесі мен масштабы.
Көптеген сабақтарда үй тапсырмасын сабақтың басында тексереді (егер бұл білімдер жаңа тақырыпты меңгеру барысында қажет болса). Бірақ үй тапсырмасын соңында тексеру варианты да естен шықпау керек. Бұл жағдай үй тапсырмасы жаңа сабаққа қатысты болмаған жағдайда қолданылады.
Үй тапсырмасын тексеру әдістемесі әртүрлі болуы мүмкін. Жазбаша, графиктік, тәжірибелік тапсырмалардың орындалу мен ұқыптылығы сыныпты аралап жүріп тексеріледі.
Ең тиімдісі оқушылардың үй жұмыстары орындалған дәптерін тексеру. Оқу үлгерімі нашар оқушылардың дәптерлерін кейде тексеруге болады. Оқушының үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастырудың мынадай шарттары бар:
• Үй тапсырмаларын бергенде мұғалім оларды орындаудың қандай тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануға болатыны туралы жақсылап нұсқау беруі қажет.
• Үйге берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыратындай болуы және өмірімен, олардың іс-тәжірибелерімен байланысты болғаны жөн.
• Үй тапсырамасы оқушының бәріне бірдей бірыңғай мазмұнда емес, мүмкін болған жағдайда бірнеше нұсқада болғаны пайдалы.
• Үй тапсырмасының мазмұны шығармашылық сипатта болғаны жөн.
• Үйдегі оқу жұмысының табысты болуы, көбінесе сабақта мұғалімнің үй тапсырмасын орындау тәсілін оқушыларға тыңғылықты етіп түсіндіруге байланысты.
• Үй тапсырмасының көлемін белгілеуде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерін ескергені жөн.
• Үй тапсырмасын тексеру және бағалау барысында мұғалім, оның орындалу сапасына айрықша мән беріп, жетістігі менкемшілігіне оқушылардың назарын аударып отырғаны жөн.
• Мұғалімнің берген бағасы әділетті болса онда ол оқушының ынтасын арттырып, үй тапсырмасын тыңғылықты орындап отыруға септігін тигізеді.
• Мұғалімнің бағалауы оқушылардың өзін-өзі бағалауымен ұштасып отырса ғана ол жемісті болмақ.
Міне осындай ерекшеліктерін ескертіп, әр оқушыға қиындық туғызбайтын көлемде тапсырма беріледі.
Оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады. Сондықтан да оны кей жағдайда оқыту прцесінің бір компоненті ретінде қарастырады.
Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады. Олар өзінің оқу жұмысын жоспарлауға, қажетті оқу материалын жинақтауға дағдыланады, сабақта алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте қолдана білуге жаттығады, өзін–өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсіодерін меңгереді, оқудың әртүрлі амал–тәсілдерін қолдана отырып, өз бетінше баяндама жасауға дайындалады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқушының ақыл–ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады [14].
Жоғарыда аталған шарттардың тиянақты орындалуын ескеру мұғалімдер үшін аса қажет болмақ.
Мұғалімдер тарапынан оқушыларға шамадан тыс үй тапсырмасын тапсыруды болдырмау және олардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерінің мүмкіншілігін ескеру мақсатын көздей отыра, оқу министірлігінің нұсқауы бойынша әр сыныпта үй тапсырмаларын орындауға берілген уақыт мөлшері мынадай болып белгіленген:
I-II сыныптарда –1 сағат;
III-IV сыныптарда –1,5;
V-VIII сыныптарда –2 сағат;
IX-X сыныптарда –2,5 –3 сағат.
Сонымен қатар, оқушылардың сенбі және жексенбі күндері бос болуы үшін дүйсенбіге тапсырма берілмейді. Үй тапсырмалары мұғалімнің қатысынсыз орындалатын болғаннан кейін, олар ата–аналармен тығыз қарым–қатынаста болып, оларға оқушылардың үйде орындайтын жұмыстарына көмектесіп отырулары үшін үнемі әдістемелік тұрғыдан басшылық жасап отырғаны жөн.
Ол үшін әрбір оқушының үйлерінде тұрақты жұмыс кестесі болуы тиіс. Осы кесте бойынша оқушылар күнделікті үй тапсырмаларын орындап отыруға дағдылануы қажет. Оны ата–аналар ұйымдастырып, бақылап, жағдай жасап отыру тиіс.
Үй тапсырмасын орындар алдында оқушы бір мезгіл таза ауаға шығып демалып, дер кезінде тамақтанып, тынығып және уақытылы ұйықтап тұрса баланың оқу жұмысын жақсы ұйымдастыруға тигізер әсері мол.
Оқушылардың оқу жұмысын сәтті ұйымдастыруда оның өзіндік жұмыстарының маңызы ерекше.
Бүгінгі таңда оқушылардың үзіліссіз білім алу міндеттерін жетілдіруге сай мектеп мұғалімдерінен олардың ойлау қабілеттерін дамыту, сонымен қатар өзіндік жұмыстарына қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеу талап етілуде. Ол үшін өзіндік жұмыс оқушылардың тек үй жұмысын орындау барысында ғана емес, оқыту процесінің өн бойында өз орнын табуы тиіс. Оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және таным қабілеттерінің белсенділігін арттыруға болады.
Оқушылардың таным белсенділігі – оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті.
Үй жұмысын ұйымдастырудың шарттары мыналар:
•мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;
•жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
•мұғалімнің бағыт беруі бойынша оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;
•оған әсер ететін мотивтер т.б.
Оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары міндетті түрде мұғалімнің, ата-ананың басшылығын, сонымен қатар оқушылардың дербестігін, олардың қызығып өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар (Р.Г.Лемберг, М.Н.Скаткин, В.А.Занков т.б.) оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшелігі – олардың ықыласы және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды[11, 14, 15].
Алдыңғы қатарлы мектептердің іс тәжірибелеріне көңіл бөлсек, оқушылардың өзіндік жұмыстарының сан алуан түрі бар екенін байқаймыз. Мәселен, оқушылардың сабақ үстінде меңгерген оқу материалдарын пысықтау үшін үйде оқулық не басқа құралдар бойынша жұмыс істеуі, көркем әдебиттерін, ғылыми және техникалық әдебиеттерді пайдалануы; жаттығу жұмыстарын жазба түрде орындауы, графикалық жаттығу жұмыстарын жүргізуі, түрлі практикалық немесе зертханалық бақылау жұмыстарын орындауы (репродукциялы жұмыстар), шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында баяндама, реферат, шығармалар, пікір жазуы және көрнекі құралдар, модельдер, конструкциялық т.б. жұмыс түрлерін жатқызуға болады.
Репродуктивтік типтегі өзіндік жұмыстарын оқушылар өздерінің меңгерген білімдеріне сүйене отырып орындайды. Шығармашылық типтегі өзіндік жұмыстарын орындауда оқушылар өзінің болжау, топшылау, түрлі құбылыстардың арасындағы байланыстарды салыстыра білу қабілетіне сүйене отырып, ой қорытындысын жасап жаңа шешім табады, дәрежеде оқушылардың бейімділігін айқындап береді.
Оқушылардың үй жұмыстары мен оқу материалын қайталау кезіндегі өздігінен істейтін жұмыстарының да маңызы ерекше. Бұған қоса көрнекі құралдарын (карточкалар, схемалар, сызбалар, оқу карталары және т.б.) пайдалана отырып өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың да пайдасы зор[14].
Мұғалім оқушылардың үй жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру үшін, алдымен, олардың өзіндік әрекеттерінің негізгі психологиялық ерекшеліктерін білгені жөн.
Оқушылардың өзіндік әрекетіне тән ерекшеліктері мыналар:
•оқушының алдын ала өз әрекетінің жалпы және нақты мақсаты мен міндеттерін анықтау;
•жоспарға сәйкес амал–тәсілдерді қолдана білу;
•өз әрекетінің барысын бақылап отыру.
Егер оқушы үйде өздігінен жұмыс істеуге үйренбесе, оның оқуы жемісті болмайды, ол жиі сәтсіздікке ұшырайды. Мұндай жағдайда оқушының оқуға деген ынтасы төмендейді, соның салдарынан үлгермеушілер қатарына қосылады.
Оқу жұмысын ұйымдастыруда мұғалімнің тағы бір міндеті - оқушылардың сабақтан тыс кездерінде танымдық әрекеттерін тереңдету, үлгермеушілікті болдырмау. Сондықтан кейбір оқушылардың дарын-талаптарын, бейімділігін немесе сұранысын сабақ барысында толық қамтамасыз етіп, жағдайлар жасауға әр кезде мүмкіндік бола бермейді. Ол үшін оларға үйірме мен факультатив жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы бар.
Пәндік үйірме жұмыстары сабаққа қарағанда бағыты, мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшеліктері бар. Олар оқушылардың қызығушылығы мен пәндерге бейімділігін дамытуда және тапсырылған үй жұмысын нәтижелі орындауға қолайлы жағдайлар туғызып отырады. Оқушылардың пәндік үйірме жұмыстары оқыту процесін жандандырып, оның сапасын көтеруге әсер етеді.
Үлгере алмаушылықты жою үшін жеке немесе бір топ оқушылармен қосымша және кеңес беру сабақтары да ұйымдастырылады.
Сынақ жұмыстары өзінің ұйымдастыру ерекшелігіне сай оқу жұмысынан тыс оқушылардың өздігінен білім алуын жалғастыруға ықпал етеді.
Сынақ жұмысы, ереже бойынша бағдарламаның негізгі бөлімін, тарауын оқып болғанан кейін жүргізіледі. Мұғалім оның өткізу мерзімін, тақырыптары мен талқыланатын сұрақтарын оқушыларға алдын ала хабарлайды. Оларға жеке дара тапсырмалар беріліп, қосымша әдебиеттерді оқу тапсырылады және қосымша сабақ өткізіледі. Сынақты ұйымдастыру оқушылардың жеке жауап-тары, бақылау және топтық практикалық-лабораториялық жұмыстары, тақырып бойынша шығарма және баяндама жазу түрінде жүргізіледі.
Оқушылардың таным белсенділігі - оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, тәжірибеде пайдалана білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті.
Оқыту процесінде оқушының белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік.
Сыртқы белсенділік дегеніміз - оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, тәжірибелік әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, мимикасы т.б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.
Оқушының ішкі белсенділігіне - оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз адамның қандайда болмасын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес.
Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Оқыту процесінде оқушылардың белсенділігін арттыру принципін жүзеге асыруды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым (еліктеушілікке, жай қайталауға, біреудің айтқанын бұлжытпай орындауға негізделген белсенділік) және күрделі (шығармашылық т.б. белсенділік) түрлері болады.
Соңғысы оқушының жоғары саналылығы мен дербестігін керек етеді. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және психикалық даму дәрежесіне қарай белсенділіктің бірнеше түрі қалыптасып, дамиды: қимыл және сөйлеу, ойын және оқу (таным), өзін-өзі тәрбиелеу т.б. белсенділіктер.
Профессор Р.Г. Лембергтің пікірінше, оқушылардың үй жұмысын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты болмақ:
- оқушының істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі;
- жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;
- жұмысты оқушылардың өз еркімен, қалауымен орындауы.
Үй жұмысын ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар:
- жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;
- оқушылардың жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
- оқушылардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
- үй жұмысының мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;
- оқушыларды табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;
- оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру; оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытты дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
- оқушылардың үйде өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдысын қалыптастыру [11].
Н.К. Крупскаяның ''Өздігінен білім алумен шұғылданушының есіне'' деген тезистерінде мынадай жалпы кеңестер (нұсқаулар) береді: өздігінен білім алу үшін, алдымен, сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.
Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді. Ең дұрысы – бастауыш сыныптан кітапханаларда біліммен шұғылдануға дағдылану. Өздігінен білім алатын оқушы нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек. Сондай-ақ, бастауыш мектеп оқушылары үй жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізгені жөн. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп оқып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, бір оқығанда қайта оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. Сонымен қатар анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек. Н.К. Крупскаяның бұл кеңес-нұсқаулары қазіргі күнде де маңызын жойған жоқ [16].
Оқушылардың өздігінен білім алу, үй жұмсын орындау әрекетін арттыру мақсатында қазіргі озат мектептер арнайы жұмыстар жүргізуде.
В.А. Сухомлинский оқушының өздігінен, өз ықыласымен жүйелі кітап оқуын ақыл-ой тәрбиесінің екінші бағдарламасы деп санаған. ''Кітап, - дейді ол, балалардың өмірінде бала жақсы оқи білуге үйренгенде ғана үлкен рөл атқарады. ''Жақсы оқи білу'' деңгейінің мәні неде? Бұл, ең алдымен, кітап оқудың қарапайым әдісін білу, игеру болып табылады'' дей келе, ол кітапты жүйелі оқудың, ең алдымен көркем әдеби шығармалардан, одан әрі ғылыми-көпшілік әдебиеттерге ауысуын жөн көреді [17].
Өздігінен білім алудың қайнар бұлағы - біріншіден кітап болса, екіншісі мерзімді баспасөз. Соған орай газетпен жұмыс істей білу - газет бетінен керек материалды таба білу деген сөз. Газетпен жұмыс істеу аса ауыр да, күрделі болумен қатар, тым қызықты да.
Оқушыларды газет-журналдарды жүйелі оқуға итермелейтін мотив - білімге деген құштарлық, қызығу (таным мотиві). Газет оқуға олардың ынта-ықыласын арттыру үшін, мұғалім сабақта мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған материалдарды өзі пайдаланып және оқушыларға содан үйде оқуына арнайы тапсырмалар беріп отыруы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет