Абдиралиева (Байзақова) Салтанат Серикбайқизи


 Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдер



бет5/8
Дата26.06.2022
өлшемі110,79 Kb.
#37304
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Абдиралиева Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетінде шығармашылық үй тапсырмаларын қолдану

2.1  Бастауыш мектепте оқушылардың үй жұмысын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдер


Бастауыш сыныптарда үй жұмысын ұйымдастыру оның бағдарлама мазмұнына, талапқа сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бағыттауы, сондай-ақ бағаланып, марапатталуы сияқты мәселелерге жете мән беріледі. Осыған орай үй жұмысын ұйымдастыру бастауыштың өзіне тән әдістемесіне сәйкес түрлі формада және мазмұнда көрініс табуда. Үй жұмысы – бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өзбетіндік жұмысынсыз дамыту мүмкін емес.
Бастауыш мектепте өзбетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай - бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестеу, шығармашылық, жұмысқа талпынысы басым болады. Сол себепті де жұмысты тиімді түрде ұйымдастыра білген мұғалімге оның берерлік маңызы зор [18].
Үй жұмысы түрлеріне қатысты материалдарды саралау және өз тәжірибеміздің қорытындысы негізінде біз шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсетін өз бетімен жұмыс түрлеріне төмендегі негізгі үш жұмыс түрлерін жатқыза аламыз. Олар:

  1. Логикалық дамытушы ойындар мен берілген тапсырмалар (құрастырмалы ойындар, ребус, сөзжұмбақ, анаграмма) өз бетімен жұмыс түрлері;

  2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (кері есеп құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу, т.б.)

  3. Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар (өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу, т.б.).

Мұнда басты назар аударатын мәселе - бұл оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана біздіңше, тіл байлығы мол, сауапты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз. Оқушылардың өзіндік жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әртүрлі танымдық тапсырмаларды орындау талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, олардың бойында тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Дидактикалық мақсатына қарай үй жұмысын орындау жаңа материалды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену (игеру), бекіту, қайталап-пысықтау және бақылау деп бөлуге болады.
Сурет 1 – Үй жұмысын орындату негізінде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттырудың моделі.
Бастауыш сыныптарда оқушылардың үйде өздігінен орындайтын жұмыстарына танымдық белсенділігін арттыратын тапсырмалар жүйеленіп ұсынылуы қажет деп санаймыз.
Өзіндік жұмыстың және үй тапсырмасын орындау мүмкіншілігі, оларды қызықтырумен қатар, олардың оқу мотивтерін қалыптастыруда белсенділіктерін талап етеді. Оқу материалын меңгертуде орындатылатын өзіндік жұмыстарды жеті кезеңде бөліп қарастырдық: 
1) сабақтың соңында бекітетін материалдың құрылымдық-логикалық схемасын немесе тірек конспектісі арқылы орындату;
2) оқушылардың үй жұмысын тексеру кезінде орындату;
3) оқулық бойынша мұғалімнің басшылығымен орындату;
4) жаңа тақырыпты бекітуге байланысты орындату;
5) мұғалімнің басшылығынсыз орындату;
6) жалпы тақырыпты бекіту кезеңінде орындату;
7) шығармашылық сипаттағы үй жұмыстарын орындату болып табылады.
Кесте 1– Оқушылардың өздігінен үй жұмысын орындау барысында танымдық белсенділігін арттыруда қолданылатын әдіс-тәсілдердің жіктемесі



Өзіндік жұмыста қолданылатын әдістердің сипаттамасы

Алынған әдебиеттер көзі және авторлары

1

Әдіс – нақты міндеттерді шешуге бағындырылған, шындықты меңгерудің тәжірибелік немесе теориялық салыстырмалы біркелкі тәсілдері мен амалдарының жиынтығы.

Қоянбаев Р.М.
Ыбырайымжанов Қ.Т.
«Педагогикалық сөздік»
Түркістан, 2006, 170 б.

2

«Проблемалық оқыту» ұғымы атауының өзі оның мәнімен байланысты. Жаңа білім мазмұны оқушылар үшін әрқашан проблемалы, ал оны меңгеру әдісі болады.

М.И.Махмутов «Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру» Алматы 2001 247c

3

Зерттеу әдісінде оқушыларға тапсырылған обьектіні мынадай жоспармен үйде зерттеу ұсынылады: зерттеу мақсаты –жұмыс жоспары – обьект туралы факт –тәжірибелер, тәжірибенің суреттері, жаңа фактілер – пайда болған сұрақтар мен проблемалар – жауаптардың мәліметі, болжамдар – пікірлер, қызметтің саналы тәсілдері және нәтижелері – қорытындылары.

А.В.Хуторской «Современная дидактика» М.: 2004, Лира 514 c.

4

Тұлғалық-бағдарлы әдісте танымдық белсенділікті арттыру механизмдерін пайдалана отырып, оны оқушылардың танымдық әрекетімен сәйкестендіреді. 

И.С.Якиманская «Знание и мышление школьника» М.: Знание, 2005. – 175 c.

5

Шығармашылық әдісте оқушылардың жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім туғызуға негізделген әрекет ретінде айқындалады.

М.Н.Скаткин «Совершенствование процесса обучения» - М.: Педагогика, 2004. –208c.

Бастауыш сынып оқушыларының үй жұмысында танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған төмендегідей әдістерді ұсындық:


1. Үлгі бойынша елестету, көз алдына келтіру. Олар: типтік тұрғыдағы тапсырмаларды, мысалдарды шешу, алгоритм және үлгілер бойынша түрлі жаттығуларды орындау, оқулық мәтініндегі дайын жауаптарды табу т.б.
2. Қайта құру-өзгеру, түрлену. Мұнда оқушылар бұрынғы жұмысты қайта жасайды, түрлендіреді, жинақтайды, бұрын меңгерген білімдерін, шеберлігін тапсырманы орындауға жұмсайды, осы арқылы пәнішілік және пәнаралық байланыс орнығады.
3. Эвристикалық, тапқырлық. Оқушылардың ойлау қабілеті мұғалім қалыптастырған мәселенің шешімін табуға бағытталады. Нәтижеде, оқушылар іздену және зерттеушілік тәжірибесін жинақтайды, шығармашылық элементін меңгереді.
4. Өздігінше орындалатын зерттеушілік-шығармашылық жұмыс.
Оқушылардың дербес ерекшеліктері мен өздігінен әрекет ету деңгейі, олардың ақыл-ой дамуы мен білім, білік, дағдыны меңгеру деңгейіне қарай оқушыларға әртүрлі деңгейде танымдық тапсырмаларды үй жұмыстары негізінде беруге болатынына көз жеткізілді.
Үй жұмысын ұйымдастыруға байланысты ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау бастауыш сынып оқушыларының үй жұмысын ұйымдастырудың төмендегідей жағдайларын анықтауға мүмкіндік берді:

  1. оқушылардың өзбетімен істейтін жұмысының мақсатын айқын түсінуі;

  2. жұмыстың алдағы нәтижесіне қызығуы;

  3. үй тапсырмасын өз еркімен, қалауымен орындауы;

  4. мұғалімнің тапсырманы орындауға нақты нұсқаулар беруі;

  5. үй тапсырмаларын орындауға жағымды мотивтер, жағдайлар тудырылуы (мадақтау, жарыс т.б.);

  6. жұмысты орындаудың нақты уақытын белгілеу.

  7. Бастауыш сынып оқушыларының білім, білік, дағдыны жетік меңгеруіне ықпал ететін өзіндік жеке тапсырмалардың төмендегідей түрлері ұсынылды:

  • өз қалауы бойынша орындайтын тапсырмалар. Оқушыларға бірнеше тапсырма түрлері ұсынылады;

  • әртүрлі нұсқадағы тапсырмалар. Әр пәннің, оқу материалының ерекшелігіне, оқушылардың білім деңгейіне және алға қойған мақсатына қарай мұғалім әртүрлі нұсқада тапсырмаларды әртүрлі қиындық дәрежеде құрастырады;

  • оқушылар тобына берілетін тапсырмалар. Мұғалім әртүрлі өлшемдер бойынша оқушыларды топқа жіктеп, әр топтың мүмкіндігіне қарай жеке тапсырмалар береді;

  • жеке тапсырмалар. Оқушының бағдарламалық материалды меңгеру барысында жіберген кемшіліктерін жоюға немесе оның қабілеті мен қызығушылығын жетілдіруге бағытталған тапсырмалар. Мұндай тапсырманы мұғалімнің өзі құрастырады;

  • жұптық тапсырмалар. Жұптық тапсырмаларды әртүрлі бағытта беруге болады: үлгерім деңгейі әртүрлі оқушыларға береді, яғни үлгерімі жоғары оқушы үлгерімі төмен оқушыға көмектесу мақсатын көздейді; қызығушылығы, мүмкіндігі бірдей екі оқушыға береді. Олар жұмысты бір-бірімен ақылдасып, бірігіп атқаруы мүмкін, не екеуі екі бөлек орындап, өз жұмыстарын бір-бірімен салыстыруы мүмкін.

Үй тапсырмасын орындауда, сыныптан тыс жұмыстарда жеке, жұптық, топтық, ұжымдық тапсырма түрінде мазмұндама, шығарма жазу, бақылау жұмысын, реферат орындау арқылы жүзеге асырылды.
Оқушылардың үй тапсырмасын орындауда белгілі бір нәтижеге қол жеткізілуі, бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмыстарды орындауда белсенділік танытуы олардың қосымша берілген тапсырмаларды орындауынан көрінді [20].
Оқушылардың үй жұмысының педагогикалық тиімділігі - мұғалімнің жұмысқа жасаған басшылығының сапасымен тікелей байланысты. Егер мұғалім үй жұмысын дұрыс ұйымдастырса, оқушылардың алдына қойылған мақсат та айқын болса, онда орындалған үй жұмысының сапасы да ойдағыдай болады.
Бастауыш сыныптарда оқытудың маңызды мақсаттарының бірі -оқушыларға өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Білімнің негізгі бастауыш сыныптарда қаланатыны белгілі. Ендеше, осы бастауыш сыныптардан бастап, оқушылардың үй жұмысын орындау іскерліктері де қалыптасуы тиіс. Атап айтсақ: жаңа ұғымды, заңдылықты ережені түсініп, есепті талдап, шығара білу, жаңадан өтілген ұғым бойынша өздігінен ой қорыта білу, өзінің оқу іс-әрекетіне бақылау жасай білу, т.б. Осындай іскерліктерді қалыптастыру - оқу барысында мақсатты түрде ұйымдастырылған жұмыстар және жаттығулар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Үй жұмысының негізгі ерекшелігі – оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындауы. Тапсырманы орындауда жақсы нәтижеге жету үшін, мұғалім оқушының іскерлік дағдысын, бақылау, білу қабілетін, ойлауын тапсырманы шешу жолдарын дұрыс таңдай білуін байқап, бағдар береді. Егер үйге берілген тапсырманы орындауда қателер жіберілсе, онда мұғалім сол қателерді оқушылардың өздері жөндеуіне мүмкіндік беріп, оқушының іс-әрекетін дұрыс жолға бағыттағаны жөн[24].
Оқу – мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық мектептегі оқу мен өздігінен оқуына тығыз байланысты. Баланың оқу әректі - күрделі, жан-жақты үрдіс, ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін керек етеді.
Баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады.
Баланың ақыл-ой әрекеті, оның қажеттері мен қызығулары, сезім мен ерік сияқты т.б. Оқушының өздігінен оқуы тиісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек. Баланың ақыл-ой еңбегін белгілі бір жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аударған жөн. Ең алдымен баланың өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек. Ең алдымен баланың өз жұмысын (тапсырмасын) не үшін, қандай мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады. Оқу жұмысының мақсат-міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалануға, өз әрекетін қадағалауға, бағалауға, қысқаша айтқанда, өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың маңызы зор
Мұғалім сабаққа дайындалғанда өзінің әрекетін ойластырумен шектелмей, денгейіне қарай оқушының әрекетіне мән беруі тиіс. Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының үй тапсырмасын орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет.
Оқу әрекеті барысында оқушылардың үй тапсырмасын орындау дағдыларын қалыптастыруға болады:
- оқушылардың өзіндік жұмысы туралы түсінік беру:
- оқушылардың өз бетімен тапсырманы орындау әдістемесімен таныстыру.
Оқушылардың үй жұмыстарының ұйымдастырылуы – баланың жеке басын дамытудың басты кепілі. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есінде ұстауы қажет:
Баланың бойындағы қамқорлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру.
1. Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;
2. Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құру керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді. Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың “ойша” әрекеттену қабілеттері әсіресе, бастауыш мектеп жасындағы, яғни негізгі оқу іс-әрекеті, дағдылары қалыптасқанда үздіксіз дамиды және сондай-ақ олардың шығармашылықпен өзін-өзі көрсете білу қажеттігі басым. Бұл оның жеке тұлғаның анықтауына, өз қабілеттерін жүзеге асыруға және оның қанағаттандырылуы оқушыға әрқашан қуаныш сезімін тудырады [22].
Бастауыш мектепте оқушылар үй жұмысын әшекейлеп ұйымдастыру формасында әр оқушы тек өзіне арналған (дайындығына және қабілетіне) байланысты тапсырмалар алады. Мұндай тапсырмалар ретінде оқулық пен басқа оқу құралдары мен мазмұндама, шығарма, әртүрлі бақылаулар өткізу т.б.
Оқушылардың үй жұмысын орындау барысында өте маңызды мәселе – мұғалімнің тапсырманы орындауға бағыттауы, оқушыларда кездескен қиындықтарға дер кезінде көмек беруі, яғни жұмыс барысында ол шәкірттерге жұмыстың дұрыс қолдануға кеңес беріп, сілтеме сұрақтар қойып, бағытқа салып отырады. Ал егер оқушылардың үй тапсырмасын орындауға күші келмейтінін сезсе, жеке жұмыстарын доғарып, бүкіл сыныпқа қосымша түсініктеме, кеңес береді. Жеке жұмыстарды сабақтың барлық кездерінде де әр түрлі дидактикалық міндеттерді шешумен байланыстырып отырған жөн. Мысалы, жаңа білімдерді игеру және бекітуді ептілік пен дағдыларды қалыптасытру және орнықтыруда өткенді қорытындылау мен қайталауда бақылау кезеңінде, зерттеу-ізденіс әдістерін үйренуде.
Әлбетте, оқушылардың үй жұмысын ұйымдастырудың бұл формасын бекіту, қайталау әр түрлі жаттығулар үшін қолданған өте қолайлы, бірақ оның тиімділігі жаңа материалмен байланысты өзіндік жұмыстар орындауда, алдағы болатын сабаққа өз бетінше дайындалғанда орынды жемісін береді.
Мысалы, сабақта өтілетін көркем шығармаға байланысты әр оқушыға немесе оқушылар тобына күні бұрын жеке тапсырмалар беріп қоюға болады. Бүкіл сынып болып шығарманы оқып шығуы шарт.
Осы оқу барысында әр оқушы (өз) сұрағына жауап дайындайды. Мұндай жұмысқа орай есте ұстайтын жәйт: 1) әр бала өз мүмкіндігіне сай жұмыс істеп бағасын алады. 2) Әркім шығарманың өзіне тапсырған бөлігі бойынша талдау жүргізеді де, сабақта өзіне тиісті материалды түсіндіріп береді. Үлгерімі төмен оқушылар үшін дайындалған тапсырмалар орындау үлгерімімен қоса беріледі. Осылай әр оқушының білім дәрежесін, қабілетін ескере отырып, олардың оқу процесінде, қадам, қадамнан алға ілгерілеуіне тиімді ықпал жасауға болады.
Мұғалім оқыту барысында жақсы үлгерімге жету үшін, әрбір баланың өзіндік ерекшеліктерін жете білуге үлкен мән беруі қажет. Мұнсыз оқу-тәрбие жұмысы іске аспайды. Сыныпқа арналған ана тілі оқулығында берілген оқу материалдарын мұғалім жеке оқушының өзіндік ерекшелігіне қарай сұрыптап әр алуан жаттығу түрлерін жасауға болады. Осы оқу процесінде әр оқу процесінде жеке оқушылардың әртүрлі өзіндік ерекшеліктерін есепке алу проблемасы. Аса ауқымды, әрі күрделі процесс. Мұның өзі тек диференциялап оқытуды ғана емес, сонымен қатар, бала тілін таба білуді, оны оқуға қызықтыруды, оқу материалдарынан алынған дидактикалық принциптерін тұтасқан бірлігінде үйретуді қажет етеді.
Оқушылардың үй жұмысын ұйымдастыруда оларды топқа бөліп, әр қайсысымен жекелеп жұмыс жүргізудің маңызы зор.
Мұндай жағдайларда оқушының ынытымақтастық сезімдер мен ойлау дербестігі дамиды.
Мұндай жағдайда жұмыстың мазмұнын, орындау тәсілдерін мұғалім өзі айтып, түсіндіреді, ал оқушы тек орындаушы ретінде жұмыс істейді. Ал егер мұғалім оқушыға бәрін өзі айтпай, бұрын алған білімдерін қолдануға лайықты жағдайлар туғызатын болса, онда оқуша өздігінен ізденіп міндеттерді шешуге тырысады. Мұндай жағдайда оның дербестігі өздігінен істейтін әрекеті артады. Бұдан шығатын әдістемелік қорытындыда оқушылардың үй жұмысын ұйымдастыруда алдымен оларды өздігінен жұмыс істеуге дайындайтын жаттығулардан бастап, кейін мұғалімнің көмегімен орындайтын дербес жұмыстар, соңында толық өздігінен жасайтын жұмыстарға үйрету қажет. Мұғалім мен оқушы арасындағы қызметіне қарай, оқушылардың үйде өздігінен орындайтын жұмысының негіздерін мынандай көрсетуге болады[28].
Оқушылардың жұмыстарының барлық топтарын мұғалім оқыту процесінде жүйелі түрде әрқайсысын өзіне тиісті жерінде қолдануға міндетті, және оның бір ерекшелігі – оқыту процесінің барлық кезеңдерінде қолдануға болады.
Өзіндік жұмыстарда жеке оқу процесін оқытуда қолданудың ерекшеліктері болады. Мысалы: ана тілі пәнін оқытқанда оқушыларды мынандай жұмыстарды орындауға үйрету пайдалы:
1. Оқу: түсіндірмелі, мәнерлеп, рольдерге бөліп, жаттау, баяндау, сұрақ жауап, т.б. Бұлар көбінесе ана тілі сабағында жүргізіледі.
2. Жоспар: мазмұндама, шығарма жазу, талдау. Бұл жазбаша жүргізіледі. Осы жұмыстарды түрлендіріп, күрделендіріп жүйелі түрде оқушылардың өзіндік жұмыс етіп ұйымдастыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Сондай–ақ оқушылардың үй жұмыстарын олардың таным, іс–әрекеттерінің ерекшеліктеріне қарай әртүрлі бағытта ұйымдасыруға болады.
Оқушылардың үй жұмысын ұйымдастыруда халық педагогикасының үлгілерін қолданудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Мысалы: «Әдеп әліппесі» пәнін оқыту барысында, бастауыш сынып оқушыларына, біз сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмысын орындауда әртүрлі тәсіл-амалдарды қолданамыз. Солардың ішінде мәтінді ауызша мазмұндату, еркін мазмұндату.
Еркін мазмұндату, түсінігін, не есте қалғанын айтқызу. Көркемдеп немесе мәтінге жуық мазмұндату. Іріктеп мазмұндату, немесе негізгі ойды ғана айытқызу. Осы мазмұндатудың жеңіл түрінен бастап, күрделі түрлеріне қарай дағдыландырамыз. Сонымен қатар, оқушылардың үй жұмысын орындатудың жоғары формасына, олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары да жатады. Бастауыш сынып оқушыларының ой шапшаңдығын дамытып, шығармашылығын арттыратын жұмыстардың бірі – өлең құрастыру. Бұл жұмысты екінші сыныптан бастап жүргізе беруге болады. Ең алғаш «ұйқас» деген сөздің мағынасын түсіндіріп, оқыған өлеңдегі ұйқастарды тауып, қалай жазылып тұрғанын талдаудың мәні зор. Содан кейін өлең құрастыруға үй тапсырмасы ретінде мына төмендегідей жұмыс беруге болады:

  1. Мұғалім: а-а-а

оқушылар: қызыл алма.
Мұғалім у-у-у
Оқушылар: жақсы оқу, деп жалғасырады.
2. Буындар арқылы:
Мұғалім: -ға-ға-ға
Оқушылар: шықты далаға.
3. Бұл жұмысты сурет арқылы жүргізуге болады. Тақтаға ертегі кейіпкерлерінің суреттерін іліп қойып, оларға тән іс-қимылдарды ұйқас түрінде жазуға тапсыруға болады. Мысалы: Арыстан/ақырды/, Әтеш/шақырды.
Оқушылардың танымдық белседілігін дамытуға, оқыту барысында еркін шығармалар жазудың пайдасы зор. Осыған орай әдеп-ғұрып, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер, рәміздер, ырым-тыйымдар, жөн-жоралғылар сияқты тақырыптарға шығарма жаздыру керек. Бұл оқушылардың үй жұмыстарының ең бір маңызды түрі.
Үй жұмысы түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшелігіне, психологиялық аралығы, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап ары қарай толыстыра беруге болады.
Үй жұмысы оқушының бүкіл оқу жұмысының бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Үйге берілген тапсырмаларды оқушының үнемі орындап, дұрыс ұйымдастырып отыруы оның жақсы үлгіруіне керекті шарттың бірі болып табылады. Мектеп оқушыларының оқуды үлгірмеуіне әкеліп соғатын себептердің көп таралған бір түрі үйге берілген тапсырмаларды қанағаттанарлықсыз орындауы, ал мұның өзі көбінесе үйге берілетін тапсырманың шамадан тыс көп беруден болады.
Оқушыларға кейде ақыл-ой күшін көп жұмсауды талап ететін тапсырмалар ғана емес, тіпті дене күшін орасан мол жұмсауды керек қылатын тапсырмалар беріледі. Шамасы келмейтін тапсырманы алған оқушылардың бірсыпырасы оларды орындауды мүлде қояды, ал енді біреулері оны жарым-жартылап қана орындайды, осыдан барып оқушылардың алған білімінде олқылықтар пайда болады да, сыныпта нашар оқитын оқушылар саны артады[25].
Мұғалім кейде үйге тапсырма бергенде өз пәнінің жүйесі тұрғысынан ғана қарап, сол күні басқа пәндерден беріліп жатқан тапсырмаларды ескермейді. Мектеп оқушыларының оқу жұмысының барлық ауырлықты үй жұмысына қарай аудару, мұғалімдерде жиі кездесетін кемшілік. Сыныпта олар тек жаңа материалды ғана түсіндіреді, оны жеткілікті түрде бекітіп, пысықтап отырмайды, сондықтан оқушылар сыныпта істеуге тиісті жұмыстарды үйде орындауға мәжбүр болады. Үйге берілген тапсырмалардың көлемі жағынан ұлғайып, түр жағынапн өзгеруіне байланысты оқушылар үлкен қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтан мұғалімдер оқушыларға үй тапсырмасын орындаудың тәртібі мен әдістерін, тиімді жолдарын түсіндіріп отыруы керек.
Үй тапсырмасын оқушының өзі тексеретін тәсілдері: оқулық мәтінін оқып, оның жоспарын құру, ол жоспармен мәтіннің негізгі ойын айтып беру әр тақырып соңында бақылау сұрақтарымен жұмыс істеу, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оған жауап беру.
3-сыныпта берілетін үй жұмысының мөлшері:
1.Үй жұмысы қоңырауға дейін беріледі және шығарылу жолы түсіндіріледі.
2. Үй жұмысы әр оқушыға түсінікті болатындай, барлық оқушыларға нені орындау керек және қалай орындау керек екені нақты түсіндіріледі.
3. Пән бойынша тапсырмалар уақыт мөлшеріне сәйкес болу үшін басқа пәндермен келісімді беріледі.
4. Тапсырмалар бір жақты және бір типтес болмайды. Тапсырмаларда алдын- ала ойлануға берілген сұрақтар, бақылаулар кездеседі.
5. Тапсырмалар оқушыларды өз бетімен ізденуге, алған білім-білік дағдыларды жаңа жағдайда қолдануға бағытталған.
6. Тапсырмаларға бағдарламаның негізгі тарауларын қайталауға арналған сұрақтар енгізілген. 
7. Әр тапсырманың өзінің қиындығы болады, бірақ оқушы орындай алатындай. Бұл қиындықты өздерінің қабілеттері мен біліктілігін барынша қолдану арқасында жеңе алады.
8. Үй жұмысы сынып жұмысымен тығыз байланысты, өткен сабақтың жалғасы, жаңа сабақтың дайындығы іспеттес.
9. 3-сыныптарда үй жұмысын орындау уақыты - 1,5 сағаттан аспайды. Үй жұмысының мөлшері бір пәннен үй жұмысын орындау уақытының бестен бір бөлігін құрайды.
10. 3-сыныпта үй тапсырмасын орындау ұзақтығы – 35-40 минут (үзіліссіз). Бірақ осы уақыт арасында 2-3 минутқа сергіту сәтін жасау керек. 10 минуттық үлкен үзілісте бала үй жұмысын орындауға болады (мысалы, гүлге су құю).
11. Балалар, ата-аналар үй тапсырмасын орындаудағы гигиеналық талаптарды білу керек: жұмыс орнын ұйымдастыру, жұмыс ұзақтығы, орындауға деген ықыласы.
12. Қазақ тілінен үй тапсырмасы тек жазбаша түрде ғана емес, кейде ауызша да беріледі. Жазбаша үй жұмысының көлемі сыныпта орындалған жұмыстың үштен бір бөлігінен аспайды. Ауызша орындалатын жаттығуға берілген уақыт мөлшерден аспауы керек. Жаттығулар жұмыс көлемін көбейтетін әртүрлі тапсырмалармен күрделенеді. Жаттығуды көшіруге 8 минуттан 15 минутқа дейін уақыт кететіні де ескеріледі. Ал кейбір қиын тапсырмаларды, мысалы бір ережеге мысалдар жинақтау, кесте құрастыру басқа тапсырмамен қатар берілмейді, алдын – ала дайындықпен, кейбір жағдайларда оқушылардың жеке мүмкіншіліктерін ескере отырып жеке тапсырма ретінде беріледі.
13. Мазмұны жағынан үй тапсырмасы бір немесе бірнеше сабақтың материалымен байланысты. Олар қайталауға арналған. Барлық жағдайларда да мөлшерден аспауы тиіс: негізгі тапсырманың көлемі жеткілікті болған жағдайда оқушыларды жеке тапсырмалармен жүктемеу керек. Оларды қажет жағдайда ғана беру керек: тексеру жұмысына дайындығы ретінде немесе жаңа тақырыпты меңгеру алдында, өткенді қайталау мақсатында.
14. Үй тапсырмасы ретінде әртүрлі сөйлем талдау, тыныс белгілерін, әріп, сөз бөлігін, тұтас сөзді қойып, көшіру тапсырмалары беріледі.
15. Әртүрлі жаттығуларды кезектестіріп беру есте сақтау түрлерін жаттықтырады: көру (көшіруге берілген жаттығулар), есту (ауызша әңгіме құрау), логикалық (кесте құрастыру), елес (оқиға мен затты ойша бейнелеу).
Үйге берілетін тапсырмаларды әсіресе, бастауыш сынып оқушыларын күнбе–күн тексеру жақсы нәтиже беріп келеді. Бұл әдісім арқылы меңгерілген білімнің сапасын бақылап, оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді анықтап, келесі сабақтардың жоспарларына түзету енгіземін. Ең тиімдісі оқушылардың үй жұмыстары орындалған дәптерлерін тексеру. Оқу үлгірімі нашар оқушылардың дәптерлерін үнемі тексеріп, жақсы оқитын оқушылардың дәптерлерін кейде тексеруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет