Абдиралиева (Байзақова) Салтанат Серикбайқизи



бет7/8
Дата26.06.2022
өлшемі110,79 Kb.
#37304
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Абдиралиева Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекетінде шығармашылық үй тапсырмаларын қолдану

Қорытынды


Қорыта келгенде, оқушылардың үй жұмыстарын өздiгiнен орындау бiлiктiлiгiн қалыптастыру, оқытудың жаңа технологияларын пайдалану тиiмдi болып табылады.
Оқушылардың үй жұмыстарын өз бетінше орындау бiлiктiлiгi, олардың белсендiлiгiн арттырып, ұқыптылыққа, ұстамдылыққа, өз бетінше іздене білуге үйренеді.
Үй жұмыстарын орындау бiлiктiлiгiн қалыптастыру моделi компоненттер, ерекшеліктер мен көрсеткіштерден құралады. Модель оқушылардың өз бетінше үй жұмыстарын ұйымдастыру барысында бiлiм, бiлiктiлiк, дағды деңгейiн анықтауға негiз болады.
Оқыту процесіне ендірілетін оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстары дегеніміз - арнайы бөлінген уақыт ішінде мұғалімнің тапсыруымен, бірақ тікелей көмегінсіз орындалатын жұмыс.
Оқушы тапсырмада қойылған мәселені саналы түрде ақыл-ой мен күш-жігерін жұмылдыра отырып шешуші және өз жұмысының нәтижесін көрсетуі тиіс. Демек, оқушылардың өз бетінше үйде орындайтын жұмыстары жай жаттығу, көшіріп жазу, кітаптан үзінді оқу т.б. емес. Біз қарастырып отырған үй жұмыстарын ұйымдастыру үшін белгілі дәрежеде оқушының ақыл-ой, күш-жігер, білімі мен қабілеті жұмсалады.
Педагогикалық зерттеулерді, еңбектерді талдау барысында, біз өздігінен орындалатын үй жұмыстарына әр қырынан берілген анықтамалар бар екеніне көз жеткіздік. Мысалы: кейбір зерттеушілер үй жұмысын тапсырма берушінің нұсқауы арқылы жүзеге асатын әрекет ретінде қарастырса (Р.А.Низамов, т.б.), басқалары үй жұмысына оның мақсаты тұрғысынан баға берді (Н.Д.Хмель). Осыған байланысты өздігінен үй жұмысын орындау оқытуды ұйымдастырудың формасы ретінде сипатталады.
Мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқу сабақтары оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарымен ұштастырылып отырады. Өз беттерінше үй жұмысын жасауға үйретуде негізінен кітаппен жұмысқа дағдыландыру және тапсырманы өзіндік жұмыс істей білуге, орындауға үйрету, өз еңбектерінің жемісін көріп, «рахат» сезіміне бөленуге ерекше жағдайлар жасау болып табылады.
Жаңа материалды игерумен байланысты үйде өздігінен түрлі жаттығулар жасау сияқты оқушыларға өз бетінше орындайтын тапсырмалар берудің маңызы зор. Ондағы мақсат – іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырып, дамыта түсу. Сондықтан үй тапсырмалары үйрету және тәрбиелеу сипатында болуы қажет. Бұдан шығатын қорытынды:
1) Оқушылардың үй жұмысын орындауы үшін белгілі дәрежеде олардың ой белсенділігі, дербестігі керек.
2) Оқушылардың өздігінен үйде жасайтын жұмыстары ой-әрекет дербестігін, жұмыс дағдыларын қалыптастырады.
Біздiңше, үй жұмысын ұйымдастырудың жолдары болуға тиiстi: сынып бойынша қысқаша байқау әңгiмесiн өткiзу және оқушылардан ауызша сұрау, көлемi ықшам жазбаша бақылау жұмыстарын өткiзу немесе жаттығулар орындату т. 6.
Оқушылардың бұл жөнiндегi бiлiмi мен жаттығу дағдыларына бағалар қойылып отырады. Бұл жұмысты оқушы ешкімнің көмегінсіз, жеке өзінің күшімен ғана орындап шығарады. Міне, бұл шын мәнінде оқушының орындаған үй жұмысы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет