Оқытудың құзыреттілік үлгісіне бағытталған университеттік білім беру мазмұны мен құрылымының өзгеруінің белсенді үдерісі жүріп жатқандықтан, болашақ психолог-педагогтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруға әзірленген әдістеме Б. Блум таксономиясына сәйкес жасалған.
диагностикалық процедуралардың мақсаттарын, олардың өзін-өзі дамыту мақсатында қолдану мүмкіндіктерін;
«тест», «сауалнама», «сұрақнама» ұғымдарын, тест және сауалнаманың негізгі түрлерін; тест және сакуалнаманы жүргізу ережелерін т.с.с. білу;
психологиялық-педагогикалық диагностиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін сипаттау;
психодиагностикалық әдістер мен оларды қолданудың жіктемесін құру;
диагностикалық зерттеулер мен сараптаманы жобалау мен жүргізудің этикалық принциптерін атау;
диагностикалық іс-әрекетті құрудың құрылымы мен үлгісін, ерекшелігін көрсете білу;
психологиялық-педагогикалық диагностиканы ұйымдастырудың технологиялары мен әдістерін, негізгі ұйымдастыру түрлерін білу;
педагог-психологтың диагностикалық іс-әрекетін жоспарлау кезеңдерін білу.