Ынталандырушы-когнитивті компонент:
|
Болашақ педагог-психологтың диагностикалық іс-әрекетінің жүзеге асуына, оқушылардың оқу-тәрбие үдерісіне деген қызығушылығы төмен немесе мүлде болмайды. Сондай-ақ, болашақ педагог-психологтың өзіндік диагностикалық іс-әрекеті жеткіліксіз немесе мүлде жоқ болады. Диагностиканың мәнін, оның әдістерін, құралдарын, ұйымдастыру формаларын, білім беру үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды үстіртін білу; диагностикалық әдістер, әдістерді жүйелеу туралы білу, оқу үдерісінде психологиялық-педагогикалық диагностиканың рөлін онша түсіне бермейді.
|
Болашақ педагог-психологтың диагностикалық іс-әрекетінің жүзеге асуына, оқушылардың оқу-тәрбие үдерісіне деген жағдайлық қызығушылығы бақыланады. Болашақ педагог-психологтардың өзінің диагностикалық іс-әрекеттерін ұйымдастыруы қанағаттанарлық деңгейде болады. Диагностиканың мәнін, оның әдістерін, құралдарын, ұйымдастырушылық түрлерін, оқу үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды біледі; диагностикалық әдістер, тәсілдер туралы жүйеленбеген білімге ие болады, білім беру үдерісіндегі психологиялық-педагогикалық диагностиканың рөлін жақсы түсінеді.
|
Болашақ педагог-психологтың диагностикалық іс-әрекетті жүзеге асыру, оқушыларға оқу-тәрбие үдерісіне деген қызығушылығын арттыру бақыланады. Болашақ педагог-психологтардың өзінің диагностикалық іс-әрекеттерін ұйымдастыруы жоғары деңгейде болады. Диагностиканың мәнін, оның әдістерін, құралдарын, ұйымдастырушылық түрлерін, оқу үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды жақсы біледі; диагностикалық әдістер, тәсілдер туралы жүйеленген білімге ие болады, білім беру үдерісіндегі психологиялық- педагогикалық диагностиканың рөлін жеткілікті түсінеді.
|