Абдуллаева перизат тураровна университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру



бет42/46
Дата14.10.2023
өлшемі0,69 Mb.
#114345
түріДиссертация
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
Диссертация Ғылыми жетекші Мадалиева Забира Бекешовна, психологи-emirsaba.org

ҚОСЫМША Д

«ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТЫҢ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ»


Кіріспе

сағат)

Тренинг «Адаммен қарым-қатынасты орнату дағдылары» (3


Сергіту. «Байланыс (контакт)» жаттығуы

Барлық қатысушылар үлкен жартылай шеңберге тұрады.


Нұсқаулық: Ішімізден әр адам кезекпен ортаға шығады және кез келген әдіспен, кез келген оның қолынан келетін құралмен, бірақ тек ауызша жаттығуда әрбір қатысушысымен байланыс орнатуға тырысуы керек.
Жаттығудан кейін жаттығулар кезінде туындаған әсерлер туралы талқылауға қатысушылар шақырылады. Нәтижелерді қорытындылай отырып, қатысушылар назар аударады, олар қатысушылардың тізімін жасайтын байланыс құруға, сондай-ақ байланыстың орнатылғанын көрсететін белгілерге назар аударады.
Одан кейін талқылау болады. Жаттықтырушыға сөз беру
Материалдың мәтіні Ю.В. Суховершин, Е.П. Тихомиров, Ю.Е. Скромная кітаптарынан алынған. Іскерлік (кәсіби) қарым-қатынас тренингі.
Сұхбаттасушымен байланысты орнату (бейсезім әдістер, ауызша байланысу дағдылары) сөйлесудің алғашқы сөзінің басты мазмұнын құрайды.
Қарым-қатынас орнату бұл өзара сенімділік және адалдық тілегі арасында пікірлесудің болуы түсініледі. Екінші жағынан, бұл сұхбаттасушыны, жеке сүйкімді қуанту мүмкіндігі деп атауға болады
Адамдарға ұнай білу қабілеттерінің маңызды құраушысы өзінің құрметті, достық қарым-қатынасты көрсете білу болып табылады..
Әдетте кім жайлы айтатынымыз жайлы еске түсіріп көрейік: «Не деген жағымды адам!» Әдетте бұл сөздерді бізге деген жақс қарым-қатынысымен ерекшеленген, бізге деген жылулық пен құрметті көрсеткен адамға қатысты айтамыз.
Қарым-қатынасты орнатуға не кедергі келтіреді?
Бізге кейде бұрыңғы «қалыптасқан пікір» кедергі келтіреді, яғни қандай-да бір адамға белгілі бір қарым-қатынасқа деген алдын ала кейіп.
Бейтаныс адамды кездестіргенде, бізге белгілі бір сыртқы түрі, киім үлгісі, біздің жағымды немесе жағымсыз қабылдауларымызға ұқсастығы туралы және т.б. адамдарға қатысты стереотиптік идеялар әсер етеді.
Біз көбінесе асығыс қорытынды шығарғанды жақсы көреміз: «Мен бір көргеннен-ақ, оның қандай адам екенін түсіндім!» Мұндай қағида бойынша

нәтижесінде алғашқы қабылдауды растайтын ақпарат қана қабылданады, ал қалғаны, мәні елеулі емес және нақты емес ретінде сейіледі.


«Байланыс орнату дағдылары» жаттығуы
Аудиторияда топ еркін қозғала алады және әрбір оқушыға байланыс орнату дағдылары жайында ақпаратты көбірек білу маңызды. Немесе әрбір оқушы бейтаныс адамдармен қалай байланыс орнататындығымен бөліседі.

Жаттықтырушыға сөз
Байланыс орнату жетістілігіне жарқын жүзді жымиыс пен тура көзқарас ықпал етеді.
Отыруға және әңгіме бастауға асықпаңыз. Қарсы көзқарасты ұстаңыз. Ал егер сізге де қарсы күлімдесе, әңгімелесуге жақсы бастама салынды деп есептеуге болады.
Сәлемдесудің әр түрлі формасы ұйғарынды: қол созу және тіптен есіктен күтіп алу.
Немқұрайлы бас изей салу, тістеніп сәлемдесу, серіктің терең ойлы немесе абыржыған түрі оның мәдениетінің төмен екендігі жайында ғана емес, сонымен қатар сізге деген қатынасы, көңіл-күйі және психологиялық позициясы жайында белгілі болады.
Қажетті үндестілікте сұхбатты бастау үшін дұрыс «диагноз» қою маңызды.
Егер еріксіз кешігу болатын болса, кешірім сұрап, іске кіріскен жөн.
Серігінің сұхбатқа тезірек әрі жақсырақ «қосылуы» үшін, бірінші сөйлемдерді қабылдаудың барлық каналдарын мобилизациялайтындай құрастырған жөн, себебі бір қарағаннан серігіңіздің қабылдауының басым каналын анықтау мүмкін емес.
Мысалы: «Сізбен көріскеніме қуаныштымын», «Уақыт тапқаныңызға қуаныштымын...» (кинестетикалық каналға әсер ету). «Мен сіздің жұмысыңыз жайында бұрын естігем» немесе «Маған сізде ... деп айтқан еді...», «сіздің шақыруыңызды естігеніме қуаныштымын» (аудиалдық және кинестетикалық).
«Мен сізде қазір ... екендігін байқап тұрмын», «Осылай... екендігін көргеніме қуаныштымын...» (көру және кинестетикалық).
Мұндай сөйлемдер сыпайы, сұхбаттасуға шақырушы ретінде қабылданады, алайда сонымен қатар олар серігіңіздің назарын өзіңізге қаратуға көмектеседі, себебі оның «сүйікті» қабылдау каналы дереу «үн қатады».
Сонымен, кіріспе бөлімнің мақсаты:
Өз басына назарын аударту; Сұхбаттаспен байланыс орнату;
Әңгіме тақырыбына қызығушылық ояту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет